Сайтқа кіру Тіркелу

Қош бол, сүйікті Әліппем!

Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу. Оқу - білім алуға, достық қарым – қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Әліппе», «Ана тілі» макеті, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, сандар, таңбалар, интерактивті тақта, мультимедия.
Жүру барысы:
Мұғалім: Құрметті ата - аналар! Бүгінгі мерекеге қош келдіңдер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата - аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын қалге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата - ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
1 - жүргізуші: Армысыздар қонақтар! Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, себебі алғаш сауатымызды ашқан, жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
2 - жүргізуші: Алғаш қолымызға гүл алып, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да білеміз.
1 - жүргізуші: Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен,
Қадамымды қарсы алып.
2 - жүргізуші: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны әліппе!
1 - оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызыға қарай брдім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Мұғалім: Олай болса бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер.
1 - жүргізуші: Әліппе сен біздің құрметті қонағымыз бол.
2 - жүргізуші: Балалар сонда бұл кітапты кім жазды?
Хормен: Ахмет Байтұрсынов ағамыз.
1 - жүргізуші: Алғаш мектеп ашқан кім?
Хормен: Ыбырай Алтынсарин.
- Ыбырай атамыздың қандай өлеңін білесіңдер?
«Кел, балалар, оқылық!»
2 - жүргізуші: Қазақтың ұлы ақыны кім еді?
Хормен: Абай Құнанбаев.
- Кәне, Абай атамыздың өлеңін кім айтар екен?
Мұғалім:- Балалар біздің президентіміз кім еді?
- Біздерге не деді екен соны оқиық.
Мұғалім: Енді әріптердің сырын ашып берейік.
4 - оқушы: А - әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Асылбек мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
5 - оқушы: Б - әрпі Балбөбекпін,
Көңілі шуақ
Ойы екпін.
6 - оқушы: Г дегенің Гүлайым,
Гүлайым деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты,
Одан артық жоқ шара.
7 - оқушы: Д - әрпін саған білу керек пе?
Мен ендеше Жәдігерова Данамын
1 - сынып оқушысымын тәлімді,
Озат та боламын, зерек те.
8 - оқушы: Е дегенің Ералхан,
Оқудан жоқ басқа арман.
9 - оқушы: Ж әрпінен басталатын Жаннұрмын,
Досы болам сыныптағы ұл - қыздың.
10 - оқушы: Перизат деген есімді
Білдіңіздер шешімді.
З әрпі бар ішінде,
Тыңдасаңыз шешімді.
11 - оқушы: Ерленмін соны білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Л әрпі бар атымда
Оқып біліп жүресіз.
12 - оқушы: Қапидолла Дидар мен едім,
Оқумен өскен кемелім.
К әрпі де бар мұнда
Аламын білім тереңін.
13 - оқушы: М дегенің Мүслимов Айбек қой,
М - ны білу керек қой.
М дегенің мектеп қой,
Еркелікті шектеп қой.
14 - оқушы: Р әрпі бар Демирмін мен деген
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
Үздік оқу, саналы өріс біліммен,
Айтыңызшы бәйгеден кім келмеген.
15 - оқушы: Т дегенің Талапкер Мұхтархан
Әріптерден қаламын ба мен қалыс.
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық пен мол табыс.
16 - оқушы: Жантілек деген мен едім
Алсам білім тереңін.
Ж әрпінен есімім,
Аламын оқу кемелін.
17 - оқушы: Ш әрпі кездеспейді бекерге
Есімдерден іздесеңіз егерде.
Шангерей Жанар деген есімім,
Білсеңіз осы шешімім.
18 - оқушы: Х дегеніңіз Шерхан да бар
Х - ны білу керек қой.
Х дегенде тамаша,
Хат, хабарлар - деректер.
19 - оқушы: Барлық әріп бағалы,
Білесіз мен Дананы.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
1 слайд.
Бүгін балалар Әліппемен қоштасу саяхатын Әліппе елінде өткіземіз.
2 слайд.
Бұл елге өту үшін, жолдағы күзетшілерден өтіп кетуіміз керек, ол үшін
сыныптағы тәртіп ережесін біліп, жұмбақтар шешуіміз керек.
3 - 4 слайд.
Әріптер ауылына келдік. Әліппеден неше әріппен таныстық.. Алфавит дегеніміз не?
5 слайд.
Дауысты дыбыстар ауылына келдік. Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан қандай айырмашылығы бар?
Мына үйдің барлық терезесінде жарық жанып тұрған жоқ. Егер сендер жұмбақтарды шешсеңдер басқа жарықтар да жанады.
Қос аяққа ұқсаған,
Тізесінен тұсаған. / А /
Әріп десең бүйірі жоқ,
Сан десең салмағы жоқ. /О/
Жалғыз таяқ боп тұр,
Төбесінде доп тұр. / І /
Көлдің ортасынан не табасың?
Жердің ортасынан не табасың? /Ө және Е әріптері/
Шеңберді әкеп алаңға,
Байлап қойдым бағанға. /Ю/
6 слайд.
«Сауатсыздар жеріне» келдік.
Суреттен Буратиноны көріп тұрмыз. Ол әкесінің сыйлаған Әліппе кітабын жоғалтып алып сауатсыз және әдепсіз бала болып қалды. Енді ол сыпайы сөздерді білмейді екен. Біз оған көмектесейік.
Не деу керек?
Апаң сенің базардан, Балалар жүр көшеде,
Алма сатып әкелді. Естіледі шуайқай.
Ең үлкенін жақсысын, Сен де шықтың көршіңді,
Саған таңдап әперді. Қағып кеттің байқамай.
Не деп барып жеу керек? Жөн еді не айтқаның?
(рахмет) (кешіріңіз)
Әжең сенің түскі асқа Добын апар Назардың -
Қанттарды салды мол. Деді ағаң. Бармадың
Жұрттан бұрын ыдысқа, Тапжылмадың. Сазардың.
Әй - шәйі жоқ салдың қол. Аға тілін алмадың.
Жөн еді не айтқаның? Сен қай сөзді айтпадың?
(рұқсат па?) (жарайды)
Біз тағы кімге кездестік? Дымбілмес өлең құрастырғанды жақсы көреді, бірақ ұйқасын келтіре алмапты.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ.......
Жаз жайлауға барайық,
Шырқап әнге.........
Қызыл........ жинаймын
Анама әкеп................
Арба сықырлап жүрді,
Ит арсылдап........
Қарындашты аламын,
Әдемі сурет.........
Жеймін деп көп қауынды,
Менің ішім...........
7 слайд.
Біздің алдымызда Әріпті кірпі. Ол сөздердің буынын ауыстырып алыпты. Егер буындарды орнына қойсақ әрі қарай жалғастырамыз.
Мына сөздер қате жазылған екен соны түзейік.
8 слайд.
Қарама - қарсы сөздерді табайық.
9 слайд.
Егер мына тапсырманы орындасақ Аяз атаның хатын оқимыз.
Мұғалім: Енді, балалар жаңа оқулықты ортаға шақырайық.. Ана тілі оқулығын қарсы алайық..
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым? Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.
Ақын, жазушылардың ертегі, әңгімелерін ынта қойып оқыңдар. Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.
Әліппе: Бәрі жақсы балалар. Енді мен сендермен қоштасайын. Алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Ата - аналарыңды тыңдаңдар. Менің досым Ана тілін ренжітпеңдер, оқыңдар.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің 5 - ке толсын!
1 - жүргізуші: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім.
2 - жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×