Тақырыбы: Елім менің
Мақсаты:
• Танымдық ой - өрісін, қызығушылығын дамыту.
• Ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, видеоролик
Өтілу барысы
1 – жүргізуші:
Сәйгүлікті құйрық жалын таралған,
Сүйетұғын қазақ осы қараңдар,
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып қыз қууға жараған.
2 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар бүгінгі өткізгелі отырған «Елім менің» жобасына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыс қазақ елінің рәміздерін ұлықтауға арналған сайыс.
1 – жүргізуші: Бүгінгі сайыс 6 айналымнан тұрады.
1 - айналым. «Сіз білесіз бе?»
2 - айналым. Сырлы суреттер
3 – айналым. Капитандар сайысы
4 – айналым. «Адасқан әріптер»
5 – айналым. Ән жұмбақ
6 – айналым. Жүзден жүйрік
2 – жүргізуші: Әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
1 – жүргізуші: Сайысқа қатысушылармен таныс болайық.
І топ «Бәйтерек»
Топ жетекшісі: Оспан Элеонора
Мүшелері:
2 – жүргізуші:
ІІ топ «Ханшатыр»
Топ жетекшісі:
Мүшелері:
1 – жүргізуші: 1 - айналым. «Сіз білесіз бе?». Бұл айналымда рәміздерге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтарға нақты жауап бересіздер.
І топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.
Ту, Елтаңба, Гимн
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.
Көк, сары
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.
Екі рет
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі
Жұлдыз
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай
2: 1
2 – жүргізуші:
ІІ топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл
1992 жыл
2. Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс
Қыран бүркіт
4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар
Қанатты пырақ
5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
Ел президентін ұлықтау рәсімінде
1 – жүргізуші: 2 - айналым. Сырлы суреттер. Бұл бөлімде алдарыңызға берілген кескіндерді құрастыру керек.
2 – жүргізуші: 3 – айналым. Капитандар сайысы. Бұл бөлімде топ басшыларына тапсырма беріледі. Тапсырма мынадай:
1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет - тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)
2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)
3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)
4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)
1 – жүргізуші: 4 – айналым. «Адасқан әріптер» Әр ойыншыға екі әріп тиесілі, сұраққа жылдам жауап беру керек, әр дұрыс жауап 1 ұпай
1 - топ:
О Л Ы Б А С А Р
1 - топтың сұрағы:
1. Нанды баспа обал болады
2. Бала тілі бал
3. Ақыл жастан, Асыл тастан
2 - топ:
А Р А Ж Т Қ Ы Л
4. Бері тарса өгіз өледі
Әрі тартса арба сынады
5. Көмекке келу асар салу
6. Өзін - өзі тану пәні сабағының авторы Сара
2 – жүргізуші:
2 - топтың сұрақтары:
1. Ақыл көпке жеткізер
Өнер көкке жеткізер
2. Ескі жара аузын тырнады
3. Біреуге жала жаппа
4. Үлкен кісі немесе атаны кім дейді қарт
5. Көмірдің түсі қара
6. Астана әсем қала
1 – жүргізуші: 5 – айналым. Ән жұмбақ
1. Атамекен
2. Арыс жағасында
3. Кешікпей келем деп ең
4. 16 қыз
2 – жүргізуші: 6 – айналым. Жүзден жүйрік. Бұл айналымда әр
топ өз сыныбын айқындайтын белгінің суретін салу керек.
Сайыс жеңімпаздарын марапаттау.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Басықара ауылы № 182 орта мектептің
орыс тілі пәні мұғалімі
Рәміздер туралы білім сайысы
- Bakit_8785
- 11 қыркүйек 2023
- 22179
- 0
- 100
Ілмек сөздер: рәміздер туралы білім сайысы, сайыс сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз
Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге...«Бірлігіміз жарасқан» атты іс-шара
“Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір”деген жақсы сөз бар. “Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да...Мемлекеттік рәміздер. Тест 2 сынып
1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады? А) Әнұран, рәміз, президент Б) Әнұран, ту, гимн Ә) Әнұран, елтаңба, ту 2) Елтаңбаның авторлары? А) Шәмші...Бастауыш сыныптарына арналған сабақ жоспарлары
Ақтөбе қаласы, "Шаңырақ" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жубангарина Гульнур Омаровна...Cөз-мерген (сайыс)
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ЖОБМ балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меңдіғазиева Ақсамал Мұратқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.