Сайтқа кіру Тіркелу

Бақытты сәт ойыны (сыныптан тыс)

Пән мұғалімі: Искакова Э. К.

“Бақытты сәт” ойыны (сыныптан тыс)
Сабақтың мақсаты:
● Оқушылардың сыныптан тыс сабақтары арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.
● Математикалық ой - өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.
● Сабақ процесінде ақыл - ойын да - мыту арқылы адамгершілік қасиет терін қалыптастыру.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
1 - оқушы. Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты ғылымға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.

2 - оқушы: Сәлеметсіздер ме ұстаздар
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылар
Сәті келді сыналар

1 - оқушы. Есепті түрлі - түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар
Әзіл есепке де отырамыз.
2 - оқушы: Олай болса, оқушыларды ортаға шақырып, топқа бөлейік.

1 - оқушы. Шақырамыз, келіңіздер жарысуға
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға - дей келе сайыскерлерді ортаға шақырамыз.

Сабақ жоспары:
1) “Қас - қағым сәт ішінде”
2) “Кім алғыр”
3) “1001 мақал, 101 жұмбақ”
4) Қазақтың байырғы есептері
5) “Сен маған мен саған” бөлімі

2 - оқушы: Оқушыларды ойынның жоспарымен таныстырдық, енді әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
1 - оқушы: Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды қостайық
2 - оқушы: Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім терең ой сыналады
Баға берер әділ қазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады - дей келе сайысымыздың 1 - турына кезек берейік.
1 - оқушы: Мынау сұрақ, асығыңдар, келіңдер,
Сұрақтарға жылдам жауап беріңдер.
Салыстырып барлығын да көріңдер,
математика иелігіне сеніңдер - деп “Қасқағым сәт ішінде” бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақ қойы лады, сол сұраққа жылдам жауап берулері тиіс, ұпай саны жауап берген әр сұраққа 2 балдан қойылады.
1) Екі вектор тең болады егер.......
2) Сүйір бұрышқа қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы.
3) Сыбайлас бұрыштың қосындысы неше градусқа тең?
4) 300 - дің 25%- і нешеге тең?
5) 60 градустық бұрыштың тангенсі
6) Мектепте оқытылатын “Геометрия” пәнінің негізін салушы кім?
7) Қарама - қарсы вектор дегеніміз не?
8) Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласы
9) Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең?
10) Бағытталған кесінді.

2 - ші топтың сұрағы:
1) Коллинеар вектор дегеніміз не?
2) 30°- тық бұрыштың косинусының мәні.
3) Центрі координаталық жазықтықтың бас нүктесінде жатқан шеңбердің теңдеуі.
4) Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі кім?
5) Ең кіші натурал сан.
6) Үшбұрыштың қабырғаларына параллель және оның жартысына тең болатын не?
7) Квадраттық функцияның графигі
8) “К” әрпінен басталатын математикалық сөздерді ата.
9) Қандай фигура трапеция деп аталады?
10) Екі вектордың арасындағы бұрыштың формуласы.

2 - бөлім.
Оқушы: Қиын пәнді бәріміз меңгереміз,
Қосу менен басқаны теңгереміз
Көбейтуді жаттамай жүрген жалқау
Оқушыны бәріміз жек көреміз.
Сандардың біз сырына үңілеміз
Үйренбеген достардан түңілеміз
Білгеніңді бұл пәннен жасырмаңдар,
Бүгін достар әрине жеңілеміз – дей келе барлық білген - түйгенімізді ортаға салып, жеңілмеудің жолын табайық.

Оқушы: Олай болса достар сайысымыздың келесі бөлімі “Кім алғырды” бастаймыз. Бұл бөлімде сиқырлы фигуралармен берілген есепті шығарамыз, олай болса достар іске сәт!
оқушы: Қойылған жұмбақ сырына
Ойланып жауап іздейік
Уақытты текке өткізбей
Лезде шешіп тастайық, деп келесі тур “1001 мақал, 101 жұмбақ” бөліміне кезек береміз. Бұл бөлімде сіздерге 3 жұмбақтан біз қоямыз, шешу сіздерде. Ал жұмбақтың жауабын бергеннен кейін әр топ кезекпен құрамында сан кездесетін мақал айтып жарысамыз.
1) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
2) “Біліміңді байқап көр”
Математикалық таңба ол
Білімің болса ашасың
Теріс сан болса астында
Мағынасы жоқ деп қашасың.
3) Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де.
4) Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады?
5) Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында.
6) Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан - жағыңа қарамай.
Оқушылардан мақал сұраймыз. Әр топ кезекпен біреуі тоқтап қалғанша мақал жарыстырады.
оқушы: Ең қиыны жарыстың енді келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді - дей келе келесі бөлім “Қазақтың байырғы есептеріне ” кезек беріледі.
1) Он - оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттың - дейді ол. Онша көп ұттыра қоймаппын, 8 асығым қалыпты,- деді.
- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.
- Ең көп асықтан ұтылған мен болдым,- дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде неше асық қалды?
2) Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 км алға жүріп, 1 км кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді?
3) “Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты, жанап жүрген бір алты, қосындысы неше алты”

Оқушы: Ойла - ойла тереңнен
Жақсы емес көп бөгелген
Сұрақтарды білмесең
Өте алмайсың көпірден, деп соңғы бөлім “Сен маған, мен саған” бөліміне кезек берелік.
Топтар бір - біріне дайындап келген сұрақтарын қояды.
Кештің қорытындысын айтуға әділ қазыларға сөз береміз.
Кештің қорытындысымен таныстырылып топтарды марапаттаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×