Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын жерін, орманын, көлін - табиғатты сүюге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, қарсы алу, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.
Тәрбиелік: Отанын жерін, орманын, көлін - табиғатты сүюге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстардың суреті, қанатты сөздер
1 - жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат - шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда
Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Қуанта бер көктем - деп
“Құстар біздің досымыз” атты іс - шарамызға қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 8600 - ге жуық құстар түрі бар. Десек, біздің елімізде 500 - дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз. Біздің халық ежелден аң - құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі. Мысалы саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі.
2 - жүргізуші:
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен - дей отырып,
сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар - біздің досымыз» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап ұқыптап,
Біз оларды қолдаймыз - деп назарларыңызға бейне - роликті ұсынамыз
2 - жүргізуші:
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.- деп құрметті достар ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз:
1. Қарлығаш тобы
2. Көгершін тобы
3. Қараторғай тобы
1 - жүргізуші: Ал енді, үміткерлеріміздің білімін, жүйріктігін сарапқа салып, әділ шешімін беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: ’
2 - жүргізуші
Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру
2. Эстафеталық ойын «Өз мекенін табу»
3. Жұмбақ сайысы
4. «Ойлан да ойна»
5. Адасқан әріптер
6. Топ басшылар сайысы
1 - жүргізуші:
Сәлем, елдің көктемі!
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік
Құстарыңа көктегі - деп таныстыру кезеңіне кезек берейік
Қарлығаш тобы: Қарлығаш адамға саулық, жасылық тілеп жүретін және
қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй - ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген - деген мақсатта біз Қарлығашты алып отырмыз.
Қараторғай тобы: Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады.
Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын - деген мақсатта біз Қараторғай алып отырмыз.
Көгершін тобы: Көгершін — достықтың символы. Әділеттің, бейбітшіліктің құсы. Бақыт құсы, әлемді шарлап хат тасушы құс болған. Бірлікті, татулықты білдіретін құс.
Бейбітшілік құсы көгершін
Жер бетінде бейбіт еңбек, көгерсін
Аспан тұнық, шат көңілді болайық
Ақ ниетті, адал жандар көбейсін — деген мақсатта біз Көгершінді алып отырмыз.
1 - Жүргізуші: Таныстыру кезеңіне әділ қазы алқалары әділ бағаларыңызды берулеріңізді өтінеміз
1 - жүргізуші:
2 кезеңіміз эстафеталық ойын «өз мекенін табу» кезеңі бұл шартымызда әр топ мүшелермен құс суреттерінің тапсырмаларын бірге орындап, сол құстың мекенін тауып орналастыру.
Би: «Ча - ча» биі.
2 - Жүргізуші: Эстафеталық ойынның әділ бағаларыңызды берулеріңізді өтінеміз
1 - жүргізуші:
«Тапқыр болсаң, талас жоқ» дей отырып жұмбақтарымызды жасырамыз
Қарлығаш тобы
Туысы дейді кұстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым (Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап алып даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)
. Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам (Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай (Қарлығаш)
Жапырақ тәрізді жасыл,
Бірақ өсімдік емес.
Сөйлеуін сөйлейді,
Бірақ адам емес (Тоты)
. Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді (Көкек)
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бұл таңдайлы.
(бұлбұл)
Қараторғай тобына
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді (Қараторғай)
Шелектеп құйсаң да су жұқпас (үйрек)
Мамығың бар, жүнің жоқ
Ішің майлы, мінің жоқ Құйрығында тыным жоқ (кұс)
Би болып өседі, татарша бөседі. (Қаз)
Келерде бір түйір,
Кетерде бір сүйір (қараторғай)
Басы қабақтай, көзі табақтай (Үкі)
Аяғы бар, аттап баспайды. (торғай)
Көгершін тобына
Қардан ақ, көмірден қара (сауысқан)
Құс, бірақ құс деуге болмайды,
Бұтақтарға қонбайды (кептер)
Таң қаласың өткенде,
Жебе болып кеткен бе?
Күзде ұшады түстікке,
Терістікке көктемде (тырна)
Көзі тұздай,
Тұмсығы мұздай.
Қызыл етік киіп ап,
Жүгіргені қыздай (көгершін)
1. Мәлім көпке,
Саспас текке,
Үйі - жерде,
Күйі - көкте (бозторғай)
2. Сұлулықты алмай - ақ беріпті,
Басынан да құйрық жағы көрікті (қырғауыл)
3. Ұшуы басқа, маңдайы қасқа (қасқалдақ)
Бн: «Қазақ биі»
2 - Жүргізуші: «Тапқыр болсаң, талас жоқ» кезеңінің бағасын берулеріңізді өтінеміз
1 - жүргізуші
«Ойлан да ойла» кезеңінде құстардың дыбысынан қай құс екенін табу
2 - Жүргізуші: «Ойлан да ойла» кезеңінің бағасын берулеріңізді өтінеміз
1 - жүргізуші:
«Адасқан әріптер» кезеңінде әріптерді өз орнына орналастыру арқылы құстың атын табу
2 - жүргізуші
Құстар, құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
Ал, адамдар күліп бастап өмірін,
Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады - дей отырып
Ән: «Қос қарлығаш» әнін қабыл алыңыздар.
1 - Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Адасқан әріптер» кезеңінің бағасын берулеріңізді өтінеміз
2 - жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі топ басшылар сайысы
Қарлығаш тобына қойылатын сұрақтар
1. Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?
2. Киелі құс
3. Қандай құстың құйрығы айыр?
4. Жыл құстары дегеніміз не?
5. Суды ұшып жүріп қалқып ішетін қүс?
Қараторғай тобына қойылатын сұрақтар
1. Құстар балапандарын қайда өсіреді?
2. Түнде ұшатын кұсты ата
3. Орман дәрігері
4. Адамдар үй салуды қай құстан үйренген?
5. Қасиетті құс
Көгершін тобына қойылатын сұрақтар
1. Сөйлейтін құс
2. Көгершін қандай құс?
3. Әнші құс
4. Өз атын өзі шақыратын құс?
5. Жемді ұшып жүріп аулайтын құс?
1 - Жүргізуші: Топ басшылар сайысы әділ бағасын кезеңінің бағасын берулеріңізді өтінеміз.
1 - жүргізуші:
О. Жеңістер мен жеңілістерден тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысуда бір жеңіс,
Сен ұғынатын дей келе әділ қазылар алқасына кезек берейік:
1 - жүргізуші:
Жастық шақтың біз гүлдерін тереміз,
Бір мектепте бірге оқып келеміз.
Дені сау болса 1 - 2 жыл өткен соң,
Ұстазға бір жақсы жеміс береміз
2 - жүргізуші:
Оянып бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай құс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған,
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.
Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық, оларға қамқор болайық. Әр қашан аспанымыз ашық болсын деген ниетпен Ерғозы Дарханның орындауында «Ақ көгершін» әнімен аяқтауды жөн көрдік
1 - жүргізуші: «Құстар біздің досымыз» атты іс - шарамыз осымен аяқталды.
Қош сау болыңыздар!
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
№25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы
Кененбаева Жанар
Құстар біздің досымыз
- Жанана
- 14 сәуір 2020
- 53110
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Құстар біздің досымыз, құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру
Ұқсас жаңалықтар:
Құстар - біздің досымыз
Мақсаты: оқушыларға тірі табиғат туралы жалпы түсінік беру. Табиғат байлығын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Көңілді көктемде...Құстар біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әсем...Құстарды қарсы алайық
№4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы...Құс мерекесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна...Құстар - біздің досымыз
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Молдағалиева Бақтыгүл...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.