Сайтқа кіру Тіркелу

Білекті бірді, білімді мыңды жығар

Тақырыбы: «Білекті бірді, білімді мыңды жығар».
Мақсаты: оқушылардың математика, жаратылыстанудан алған білімдерін жинақтап, қорытынды жасау, ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қайырлы күн, қадірменді көрермендер. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайыс топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары, біздерді қызықтырады.
Ортаға «Алғырлар» мен «Тапқырлар» топтарын шақырамыз.
Шеберлікті, білімді, сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы, әділ баға беріңіздер – дей отырып білімге баға беретін қазылар алқасымен танысыңыздар.
Көңілді тапқыр, білгіштер, бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер, бүгінгі күн жеңімпазы болады.

«Алғырлар»тобы:
Шақырып жарыстарға сан – салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады.

«Тапқырлар» тобы:
Осындай алғыр достар кез – келгенде,
Жетсін – ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де.

I тур Бәйге.
1. Өсімдіктер неше класқа бөлінеді?
2. Қазақстанның неше экономикалық ауданы бар, атаңдар
3. Бір тәулікте неше сағат бар?
4. Сүтқоректілер класының аталу себебі.
5. Дүниежүзілік мұхиттарды атаңдар.
6. Төрт қойдың неше аяғы бар?
7. Алты құрлықты атаңдар.
8. Балықтың жүрегі неше қуысты.
9. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмас бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?
10. 7 май шам жанып тұр, төртеуін сөндірсек, неше май шам қалады?
11. Бұрышты өлшейтін құрал.
12. Адам ағзасында неше литр қан бар?

II тур «Ойымды жалғастыр».
1. Жеті жұрттың тілін біл........... жеті түрлі білім іл.
2. Екі жақсы қас болмас............. екі жаман дос болмас.
3. Досыңды үш күн сынама,....... үш жыл сына.
4. Бір елі ауызға -......... екі елі қақпақ.
5. Жүз сомың болғанша,......... жүз досың болсын.
6. Отыз тістен шыққан сөз,......... отыз елге тарайды.
7. Білгенің бір тоғыз,......... білмегенің тоқсан тоғыз.
8. Бір кісі қазған құдықтан,.......... мың кісі су ішеді.

III тур «Полиглот» /Жұмбақтың шешуін қазақ ж/е орыс тілдерінде айту/.
1. Қалқиып екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады./қоян/
Оңға оқы сол санмын, солға оқы сол санмын,
2. Бес әріптен тұрамын, айтшы, мен қай санмын. /қырық/
3. Кіп – кішкентай екі көзі, қалай көреді өзі?
Қолы екеу, ұзын мұрны, сол мұрнымен тамақ тауып жүреді?/піл/.
4. 2 аяқпен кезек – кезек тебеді, ол тынымсыз домалап, зыр жүгіре береді./доп/.
5. От басында құмған, екі көзін жұмған./мысық/.
6. Бір қораға қамалғандар, жану үшін жаралғандар./сіріңке/.
7. Бар екен үш қанатым ұшып кетпес, егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес.
Өзінің мекенімен шығып кетсе, тіршілік көремін деп үміт етпес./балық/.
8. Жүз мүйізі бар, үстінде кигізі бар.

IV тур Үй тапсырмасы: Ән шашу.

V. тур «Тірі сұрақ»
1. 11 түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 5 ешкі,
2 қоян, 3 түлкі,
Таба алмасаң, бол күлкі.

2. Тал басында тізіліп,
10 жапырақ тұр еді,
жел соқты да, үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып түсті тағы 5 – уі,
тұр әлі де ілініп жапырақтың нешеуі.

3. Ағаш басында 7 шымшық отыр еді, оған тағы да 5 – уі қосылды. Бір кезде ұры мысық бұқпантайлап кеп біреуін ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?/ағаш басында шымшық қалған жоқ, себебі қалғандары ұшып кетті/.
Су құйып ем астауға, 3 қаз ұшты аспанға. 3 қасқалдақ, бірқазан, 2 үйрек, 1 көксерке, 1 сазан, 1 қарға, қосылады кеп бұларға. Айт неше құс ұшып жүр, неге екенін түсіндір?/10/.
4. Тауықтың біреуі, 5 балапан шығарды. Көптен күтіп жүр еді, інім қатты қуанды. 10 жұмыртқа бастырған, ккүте – күте шаршады, тауықтың астында, жатыр әлі қаншауы./5/.

VI тур Жұмбақ – сурет. Жануарлардың атын табу
Үшін әрбір суреттер мен кішкене дөңгелекшелерді пайдалану керек. Егер суретті дұрыс түсініп, кішкене дөңгелекшелерге әріптерді орынды толтырса, онда жұмбақталған жануарлардың атын білетін боларсыңдар./екі тоқа үлестірмелі қағаз таратылады/. Екі топ тапсырманы орындағанша көрермендер жұмбақ шешеді.
1. Тұмсығымен ояды, ұя салып қояды.
Айтыңдаршы, балалар, бұл қандай құс болады?/тоқылдақ/
2. Көктемде құстар қайтқанда, ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын, ұя жасап беретін.
Бұл қандай құс балалар?/қараторғай/.
3. Ақ сарайын талқандап, шықты біреу талдаңдап./балапан/.
4. Ауылда, қалада мекені, жолаушы жүрсек шығарып салады
Алдыңнан шығады, жаныңды еркелетеді./қарлығаш/.
5. Көңілдің көркі сәні екен, ұшқанда сазды ән екен.
Айқындар оны байқаған, адамдар қорғап сақтаған. Бұл қандай құс?/Аққу/.
6. Маң – маң басқан жүрісі, барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды, қуғанын бірақ ұстайды./түйеқұс/.

VII.»Кім жылдам» ойыны.
Балалар, сендер балық аулауға шықты делік. Қармақтың орнына қысқыш беремін. Сендер белгілі уақытта балықтың суреттерін алып, қысқышпен қысып, шелекке саласыңдар.
Сонымен сайысымыз аяқталды, келесі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×