Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауышым – балбұлағым

БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі асыға күткен күн - бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым!» атты мерекелік шараны бастауға рұқсат етіңіздер!
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 - сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары, «Әдепті бала», «Әнші, биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Қыз сыны», «Кішкентай жігіт сұлтаны», Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
СЛАЙД БЕЛСЕНДІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІС ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСУЫ

СЛАЙД БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

1 - жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

2 - жүргізуші: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

1 - жүргізуші: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!

2 - жүргізуші: Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр - алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!

1 - жүргізуші: Дұрыс айтасың ________! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.

2 - жүргізуші: Олай болса _______, алтын ұя мектебімізге арнап
«Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім А. Томирис.

2 - жүргізуші: «Мектеп – білім» кемесін
Басқарып бүгін келесіз.
Ата - ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,
__ _____________________ Сөз кезегін береміз.

Мектеп директорының құттықтау сөзі

1 - жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте
«Қазақ биі», қабыл алыңыздар!
Қазақ биі Аружан, Ләззат, Камила, Жансая
1 - оқушы: Нурислам
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын
2 - оқушы: Аружан
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
3 - оқушы: Әлішер
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым - бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы,
Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Кашиева Мадина Совхозбайқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда, -...
Бастауышым - бал бұлағым

Бастауышым - бал бұлағым

Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті ұстаздарды құрметтеп,...
Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!

Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!

«Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәнінің мұғалімі Чыкаева Кульбаршын Советовна...
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, №86 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смат Айжан Нұржәліқызы...

"Қош бол, бастауыш сыныбым!" сынып сағаты

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×