Байқаудың тақырыбы:«Нағыз қазақ жігіті»
Мақсаты:
Білімділік: ата салтын насихаттай отырып, оқушыларды нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру;
Дамытушылық: әр баланың бойындағы қабілеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту;
Тәрбиелік: ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу;
Көрнекіліктері:
«Нағыз қазақ жігіті - 2013» тақырыбы, мақал - мәтелдер, байқауға қажетті құрал - жабдықтар, музыкалық аппаратура, және т. б.
Байқауға қатысатындар:
2 - сынып ұлдары
Байқаудың қонақтары:
Ата - аналар, оқушылар, мұғалімдер, мектеп әкімшілігі.
Байқау барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. /ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру/
1 - жүргізуші:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Нағыз қазақ жігіті» атты бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2 - жүргізуші:
Нағыз кәусәр жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ!- дей отырып, ортаға «Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!
2 - жүргізуші:
№ 1 жігітіміз Нұртаза
1 - жүргізуші:
№ 2 жігітіміз Арсен
2 - жүргізуші:
№ 3 жігітіміз Еламан
1 - жүргізуші:
№ 4 жігітіміз Алишер
2 - жүргізуші:
Енді сіздердің араларыңыздан осы жігіттерді әділ бағалайтын әділқазылар алқасына 2 адам шығу керек. Келіңіздер!
Негізгі бөлім:
1 - жүргізуші:
Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып, «Нағыз қазақ жігіті» байқауын ұлдарымыздың тақпақтарымен бастағалы отырмыз.
2 - жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді, - деп, «Тегімді менің сұрасаң...» бөлімінің өзін - өзі таныстыру сайысын бастайық.
1 - жүргізуші:
Әй, жігіттер, жігіттер,
Сендерге артар міндет көп,
Көтер биік ата - салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата - баба үмітін,
Әрбір сөзі тәлімі бар бір мектеп.
Келесі сайысымыз «7 атамды сұрасаң...» бөлімі, 7 атасын айтып шығу.
2 - жүргізуші:
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді» деп шіркінге,- дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімінде өнерлерін көрсетеді.
1 - жүргізуші:
Ей, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт,
Атыңа ерік, бер жігіт,
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Қол күрес.
2 - жүргізуші:
Мықты болсаң мақалдарды айтып бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар,
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде,- деп «Тығырыққа тірелгенде» деген бөлімді бастаймыз. Мақал айтып жарысу.
1 - жүргізуші:
Осымен, «Нағыз қазақ жігіті» атты бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы мәреге де жетті.
2 - жүргізуші:
Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша бір өнерпазды тыңдасақ. Аяулымның орындауында би.
1 - жүргізуші:
Арманым көп мынау фәни жалғаннан,
Пенде болсаң, құтылмайсың арманнан,
Дүниеге келіп - кету шарт емес,
Ердің ісі - өнер іздеп қамданған.
2 - жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата - аналар! Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
1 - жүргізуші:
Бүгін сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
2 - жүргізуші:
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
Жеңімпаздарды марапаттау.
Байқаудың соңы.
Нағыз қазақ жігіті
- даригуль
- 8 маусым 2013
- 16253
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, байқау, нағыз қазақ жігіті
Ұқсас жаңалықтар:

Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер
Мақсаты: ер балаларды халықтық дәстүрді, әдет - ғұрыпты, тарихты қадірлеуге тәрбиелеу, ұлтжандылық, патриоттық сезімдерге баулу, танымын байытуға,...
Жігіттің сұлтаны
Бүгінгі «Жігіттер сұлтаны» атты сайысымызға хош келдіңіздер! Енді сіздердің рұқсаттарыңызбен бүгінгі кеште өз өнерлерін көрсететін өнерпаздарымыздың...
«Жігіт сұлтаны» сайысы
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды, Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды. Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын...
Жігіт сұлтаны
Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру....
Жігіт сұлтаны
«Жігіт сұлтаны» Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.