Сайтқа кіру Тіркелу

"Біз СПИД-ке қарсымыз"

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға СПИД туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оларға жұқпалы ауру екенін түсіндіре отырып, жұқтырмау шараларын әңгімелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды достық сезімге, сыйластыққа, қиындыққа түскен адамға қол ұшын беруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: СПИД туралы плакаттар, «Денсаулық зор байлық» атты оқушылардың суреттері.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Көрнекіліктерді ілу.
3. Әңгімелеу.
Мұғалім: Болашақта біз СПИД - ті жұқтырған адамдармен кездесуіміз мүмкін. Ол туған бауырларың, дос - жарандарың да болуы мүмкін. Біз сол кезде оларға қол ұшымызды беріп, көмек қылуымыз керек. Олардан бас тарту немесе қарым - қатынасты үзуге болмайды. Себебі олар жәбірленушілер. Көп адамдар бұл ауруды білмегендіктен душар болады. Ал біздер осы ауру туралы білеміз бе?
- 1 желтоқсан қандай күн?
- Иә, дұрыс 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД - ке қарсы күн.
СПИД - ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар:
1. Біреуге қан құйса
2. Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса
3. Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе
4. Жыныстық қатынас
5. Жұқтырған ананың баласына
Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады.
СПИДтің соңғы сатысы - өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар.
Ал енді қай кездерде жұқпайды?
1. Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде
2. Тамақты бір ыдыстан ішкенде
3. Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде
4. Ауа, су, ойыншық арқылы
5. Жәндіктер шаққанда
6. Есік, машина тұтқасын ұстағанда
Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек.
СПИД - ке шалдыққан адам 10 - 15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек.
- Ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Қазір біздің оқушылардың « Денсаулық - зор байлық» атты көрінісін тамашалаңыздар.
1 - оқушы: Салауаттылық – сергек те,
Таза жүру өмірде.
Адамзаттық келбетке,
Дақ түсірмеу тегінде.
2 - оқушы: Балақай!
Болсаңда әлі қаршадай:
Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбет те,
Құру үшін сен саулық
Керек жақсы денсаулық.
3 – оқушы: Денсаулық ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі,
Денсаулық ол тыныққан,
Жүйке - тамыр жүйесі.
4 – оқушы: Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
5 – оқушы: «Басты байлық - денсаулық»-
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып
Осы шақтан балалық
Болар барлық мүшең сау,
Жүрсе жылдар бойында
Баяндалған осынау
Ережелер ойыңда.
Көрініс: «Аппақ бала»
Мұғалім «Белгісіз хандықта болған оқиға» атты ертегіні балаларға әңгімелеп береді.
Пысықтау сұрақтар:
1. СПИД қалай жұғады?
2. Ал қашан жұқпайды?
3. Неше жыл өмір сүреді?
4. Қандай белгілері бар?
- Балалар, салауатты өмір салты дегенімізді қалай түсінесіңдер?
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/
Балалар хормен « Болайықшы осындай» әнін орындайды.
Мұғалім: Балалар, әр адамның болашағы өз қолында, сондықтан нашақорлықтан, ішімдіктен, темекі шегуден аулақ болайық. Денсаулығы мықты адамдар еліміздің, ұлтымыздың болашағы екенін ұмытпаңдар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ

Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ

Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да...
Дені саудың - жаны сау

Дені саудың - жаны сау

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік...
Денсаулық - зор байлық

Денсаулық - зор байлық

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...
СПИД-ғасыр уы

СПИД-ғасыр уы

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің 5-класс жетекшісі Сагидуллина Даригуль Саиновна...
СПИД – ХХІ ғасыр індеті (тәрбие сағаты)

СПИД – ХХІ ғасыр індеті (тәрбие сағаты)

СПИД – ХХІ ғасыр індеті. Сабақтың мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×