«Анаға қарап қыз өсер» сайысы
Ару ана және сүйкімді бүлдіршін!
Сайыс жоспары:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың логикалық ой - өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, ұлағатты сөздер, үнтаспа, суреттер, шарлар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: Құрметті де ардақты ата - аналар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар! Тамаша көктем мерекесі – 8 - наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың логикалық ой - өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, ұлағатты сөздер, үнтаспа, суреттер, шарлар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: Құрметті де ардақты ата - аналар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар! Тамаша көктем мерекесі – 8 - наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.
- Балалар, дүниедегі ең асыл жан кім?
- Дүниедегі ең асыл жан аяулы да ардақты анамыз.
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
Арулар!
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,
Солардың бірі - аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
Сахнаға екі жүргізуші шығады.
І жүргізуші: Әлімжомарт Әділет
ІІ жүргізуші: Сағынай Асылан
І жүрг: Ақ жаулықты аналар!
Мейірімі мол, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы – аяулы ұстаз апайлар! Қыр гүліндей құлпырған ару қыздар, қызғалдақтай жайнаған құрбы - қыздар, қарындастар!
Сіздерді Көктемнің мейірімді де әсем салтанатты да сезімге толы 8 - наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қош келдіңіздер, құрметті аналар, ұстаздар және оқушылар. Сіздерді көктемнің лебімен ілесе келген 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Баршаңызға бақыт тілейміз!
ІІ жүрг:
Құрметті асыл Аналар, қадірлі ұстаздар, қыз - қызғалдақтар! Қар астынан қилтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді.
І жүрг:
- Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл Аналарымыз соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
ІІ жүрг:
Олай болса, бүгінгі сыныбымызда өткелі тұрған «Анаға қарап қыз өсер»сайысына хош келдіңіздер!
І жүрг:
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
ІІ жүрг: Ана - өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
І жүрг: Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана - барлық өмірдің бастауы.
ІІ жүрг: Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,
Халқының, отбасының қамы үшін де.
Аналар - шексіз әлем, күннің нұры,
Тіршілік көзі жатыр әр ісінде
І жүрг:
Шәкіртпін мен,
Ұлылардан жақсылықты теретін,
Ой маржанын көпке ұсынып беретін.
Барлығынан ардақтысы өмірдің,
Әлемдегі жақсылыққа еретін - дей отырып бүгінгі ару аналарымыз бен сүйкімді бүлдіршіндерімізді сахна төріне шақырамыз.
І жүрг:
- Әділ қазы алқасы,
Әділден берсін бағасын.
Жеңіске жеткен жігіттің
Өркендей берсін талабың - әділ бағасын берер әділ қазылармен таныстыру
ІІ жүрг:
1 - бөлім:«Ана сұлу көрінер қызыменен»
/өздерін таныстыру/
І жүрг:
2 - бөлім «Өнерлі өрге жүзер»
/қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді/
ІІ жүрг:
3 - бөлім «Ойлы болсаң, озып көр»
/қатысушыларға сұрақтарға жауап береді/
І жүрг:
4 - бөлім: Ас мәзірі «Дәм - думан»
/қатысушылардың ас үйдегі байланысы /
ІІ жүрг:
5 - бөлім «Ою ойғанның ойы ұшқыр...»
/анасы ою ояды, қызы түйме қадайды /
І жүрг: Беташарын сайысымның бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Сайыскерлер таныстырып өздерін,
Сайыскерді ду қол соғып қостайық.
«Ана көркем көрінер қызыменен» бөлімі бойынша өздерін таныстырып өтеді.
ІІ жүрг: «Өнерлінің өрісі ұзақ»
/қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді/
Іжүрг:
- Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік оәға сол алда.
Келесі кезек - сұрақ - жауапта.
І Іжүрг: Келесі 4 - бөлімде бойынша ас мәзірі «Асханадағы бір күнім»
/қатысушылардың ата - анасымен ас үйдегі байланысын көрсетеді.
І жүрг: Шеберлер ою ойып бер қолыңнан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.
Бұл бөлімде анасы мен қызы ою ояды.
Әділқазылар әділ шешімін берді.
І жүрг: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
ІІ жүрг: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз
Мұғалім: Ақ тілеген жат - жақын жуығына
Өмірдің көніп ыстық - суығына
Алпыс қанат орда бұл елімнің
Шаңырағы сендерсің, уығы да
Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз! – дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе ала келсін!
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
№1 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Тағаева Торғын Дуйсенбайқызы
Ару ана және сүйкімді бүлдіршін!
- Торғын
- 20 ақпан 2019
- 18589
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ару ана және сүйкімді бүлдіршін, 8 наурызға арналған сценарий балабақша
Ұқсас жаңалықтар:
Менің анам - Алтын!
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер, бейнефильмдер арқылы аналарды, сыныптас қыздарды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке,..."Аналар - күн шуағы"
Мақсаты: Ата - анаға құрмет тәрбиенің ең маңыздысы. Кішкентай кезінен - ақ балалардың бойына соны сіңіруі. Оқушыларға 8 - наурыз аналар мерекесінің...Ана - өмірдің шырағы
Сабақтың тақырыбы: Ана - өмірдің шырағы Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға...Ана - аса қымбатты жан
Аналар, қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасын жанарыңа Осымен кешімізді аяқтайық Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа...Сарқылмайтын жылылық, ана аты-ұлылық! (ән-шашу)
Көктем келді! Нұр шуаққа бөледі Әрбір жанды қуанышқа теңеді. Міне, бүгін құлын болып құйғытып, Көк аспанға құс боп ұшқын келеді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.