Сайтқа кіру Тіркелу

Тілашар

Тақырыбы: «Тілашар» (презентациясымен)
Мақсаты: Сынып тәрбиеленушілерінің мектеп туралы білімдерін кеңейту.
Білімдерін тиянақтау, адамгершілікке, қарапайымдылыққа баулу.
Мақал – мәтелдер, өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын байланыстыра сөйлеу.
1. Ұйымдастыру.
2. Мектеп – кеме.
Бастаушы: Мұғалім
Құрметті қонақтар! Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар МАД «Б» тобы тәрбиеленушілері Не үйрендік? Не білдік? Атты тілашар тойына қош келдіңіздер!
Бастаушы:
Той деп бүгін көңіл шіркін тасады
Ән менен күй көңіл сырын ашады
Той деп келген қонақтарға шын рахмет.
1 - бала
Қош келдіңдер қонақтар!
Кел, келіңіз тойыма
Тойымның аты – «Тілашар»
2 - бала
Шашу шашты әжелер
Сылдырлатып теңгелер
Тойымыздың шашуы
Жақсылыққа тең келер.
3 - бала
Тану үшін бабаңды
Тану үшін анаңды
Тану үшін ғаламды
Мектеп керек, адамға
4 – бала
Бар байлықты басқарып
Оқу – білім тұрады
Кітапты көп оқыған
Білімді боп шығар.
Жүргізуші: Тыныштық баршамыздың ұранымыз
Мәңгілік таусылмайтын жыр – әніміз
Арманның асқарына қанат қақсақ
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.
3. Көрініс
Қойылым: «Әжесі мен немересі»
4. «Тілге – құрмет, елге құрмет»

1 - оқушы
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
2 - оқушы:
Қазақ, қазақ болғалы
Тіл үшін күрес көргені
Көргені көп тілімнің.
3 - оқушы:
Тілім менің
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.

5. Отан туралы
1 - оқушы:
Өзіңдікі еліңде
Өзіңдікі жерің де,
Тәуелсіздік төрінде

2 - оқушы:
Отан сенің ата - анаң
Отан сенің бауырың
Отан өлкең, астанаң
Отан тарих, Отан тіл
Жасаған елің, ер халқың.
3 - бала:
Отан осы достарым
Көңілге оны түйе біл
Оны ардақтап сүйе біл.

6. Мақал – мәтелдер.
Білімсіз күнің жоқ.

Ақыл – тозбайтын тон
Білім – таусылмайтын кен.

Әдепті бала – арлы бала
Әдепсіз бала – сорлы бала.

Балапан ұядан не көрсе
Ұшқанда соны біледі.

Кітап білім – бұлағы
Білім – өмір шырағы.

7. Санамақтар.

Бір дегенің жаман баға
Алады оны жаман бала.
Екі деген нашар баға
Інішегім нашарлама
Үш дегенім орта баға
Сапасы да орта баға
Төрт дегенің жақсы баға
Алады оны жақсы бала
Бес дегенің үздік баға
Оқитын бол тек үздік ғана.

8. Балғын суретшілер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×