Тақырыбы: «Ана – біздің күніміз» атты ертеңгілігінде «Көктем аруы» сайысы
Мақсаты: Балаларға - Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ана ұғымының мән – мағынасын ашу. Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Арулар арасындағы сайыс барысында икемділіктерін, қабілеттерін орындап пайдаланушылары арқылы білімділіктеріне өз сенімдерін қалыптастыру. Ана еңбегін ардақтап құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Буклеттер, гүлдер, мерекелік шарлар, плакаттар және үнтаспа
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата – аналар, бүлдіршіндер. Бүгін біз көктем мерекесі аналар, қыз – келіншектер мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын сүйікті аналар!
Құрметті ата – аналар, ұстаздар, сіздерге арнап, «Ана біздің күніміз» атты ертеңгілігі мен «Көктем аруы» сайысын бастаймыз.
- Ана! Осы жылы сөзді естігенде дір етпейтін жүрек жоқ шығар, сірә! Оның кеудесінде жаны бар барлық адамның қастерлі ұғымына айналуы заңдылық. Олай болса құрметті де аяулы аналар сіздерді 8 – наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі кештің бар әсемі сіздер үшін қымбатты аналар! Балалардың өнерін қабыл алыңыздар.
Хор: «Ақ мамам»
Жүргізуші: Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Есенжан: Бізді өсірген апатай
Еңбегі де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.
Нұрасыл: Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын ақ мамам.
Менің апам сүйікті,
Бәрінен де жақсы адам.
Әлихан: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Мадияр: Сенсің, ана жан күші,
Сендей болсын бар кісі.
Сендей болса бар кісі,
Шексіз перзент алғысы.
Әділет: Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Рауана: «Аққу» биі
Жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Диас: Менің анам не дейді
Инабатты бол дейді.
Салт – дәстүрін сақтайтын,
Әдепті бала бол дейді.
Бекзат: Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен,
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен!
Жүргізуші: 8 – наурыз келді
Шаттық сезім ап келді.
Қуанышты күн енді
Құттықтаймыз сіздерді!
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Жүргізуші: Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырғалы отырмын.
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен селдеткен.
Шалшық келіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?! (Көктем)
Тырс – тырс етіп тамады,
Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
Жүргізуші: 8 – наурыз күнін
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.
Асыланбек: Ақ арман – ақ анам,
Өзіңсіз бақта маған.
Шығамын ақ сүтіңді
Қалайда ақтап анам.
Ақылшым, анашым,
Мен үшін данасың.
Айдарбек: Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама
Ешкімде жетпейді.
Шыңғыс: Мен үшін жан асыл
Тек өзің ғанасың.
Қартаймашы 100 жасқа
Апатайым анашым.
Аружан мен Мадияр: «Орыс» биімен
II - бөлім « Көктем аруы» сайысы
Жүргізуші: Бүгін біздің сыныпты дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар.
Жырдан шашу шашайық, күй күбірлеп,
Қош келдіңіздер халайық, сергісін бой
Бүгінгі байқаудың бағдарламасымен таныс болыңыздар!
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқын тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
I – кезең Таныстыру.
Өнер қуып арулар өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Қатысушылар бір – бірден шығып өздерін таныстырады.)
II – кезең «Көктем туралы тақпақ»
Біздің талапкер арулар
Білімімен таң қалдырған.
Тақпақ айтып, оқыса өлең мәнерлеп,
Бәріне таңдай қақтырған.
III – кезең «Аспазшы»
(Бұл сайыста үйден жасап келген тағамдарын таныстырып, құрамын айту.)
Ақ жүзіндей ананың
Күндер келді жалғасты
Аруларды байқайық,
Қандай екен дәмді асы.
IY - кезең « Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»
(Сұрақ – жауап, гүлдердің артындағы сұрақтарға жауап беру.)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын.
Y – кезең «Үй тапсырмасы»
«Шебердің қолы алтын» дегендей аруларымыз шет – шетінен шебер қолды, талғамы биік. (Өздерінің жасаған шығармашылық жұмысымен таныстырады.)
Ойын: «Анаңа не сыйлайсың?»
Шарты: Балалардың көзін байлап, сурет салғызу.
«Жақсы мен жаман» ойыны: Шарты: Жақсы қасиет болса, қолдарын шапалақтау, жаман қасиет болса тыныш отыру.
- Гүлдерге су құю
- Ағаштарды сындыру
- Құстарға жем шашу
- Құстардың ұясын бұзу
- Ағаштардың түбін қопсыту
- Гүлдерді жұлу
- Құстарға ұя жасап беру
- Құстарды рогаткамен ату
- Әжеге көмектесу
- Суды ластау
- Сабақты оқу
YI – кезең «Сән үлгісі»
(Көктем туралы киім үлгісін көрсету)
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сырыменен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
Ойын: «Танысу» Ата – аналар қолдарындағы жіп оралып біткенше өздерін таныстырады.
Би: «Үнді биі» Ортада Айкөркем
YII – кезең «Өнерлі өрге жүзер»
(Арулар өз бойындағы өнерін көрсетеді.)
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Арулар аянбай – ақ жан салыпты.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Таң шолпан мен астасқан,
Өнеріңді кәне бүгін көрсетші,
Мына жұртқа, қошеметпен қол соққан.
Қорытындылау: Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен «Көктем аруы» сайысы аяқталды,
Қазылар берсін енді өз бағасын.
Барлық бала бірге: Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншылмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Хор «Құттықтаймын мама, қуанышыңмен»
Марапаттау: Осымен 8 – наурыз мейрамына арналған шағын сайысымыз, ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Аналар! Әжелер! Ұстаздар! Арулар! Мейрамдарыңыз құтты болсын! Сәбилердің күлкісі әрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт әкелсін. Ана мен баланың мерейі үстем болсын!
Ана – біздің күніміз
- райко
- 13 сәуір 2013
- 15114
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ана біздің күніміз, тәрбие сағаты, ертеңгілі, Көктем аруы сайысы
Ұқсас жаңалықтар:
Әрқашан күн сөнбесін!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" бала бақшасының тәрбиешісі: Ерішева Ардақ Асқарқызы...Көктем аруы
Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке....8 наурыз қыздар сайысы
Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі...Кішкентай арулар
Тақырыбы: Кішкентай арулар...Қыз өссе-елдің көркі
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД 2012 жыл Сүлейменова Ақбота Маукенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.