Сайтқа кіру Тіркелу

Қыз еркем, кестесімен көркем

Класы: 6
Тақырыбы: «Қыз еркем, кестесімен көркем» жұппен қылықты қыздар сайысы
Мақсаты:
Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік,
танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу. Қыз балаларды әдемілікке, сұлулық, ақылдылық, іскерлікке баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту.
Қыз балаларды өзін - өзі күте білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Барысы:
- Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін.
Ал, бүгінгі күн қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін көрсету үшін «Қыз еркем, кестесімен көркем» атты сайысқа қош келдіңіздер!
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Қос бұрымды сұлулықтың белгісі деп таныған халқымыз қыздардың шашын өсіріп ұшына ергердің қолынан шыққан шашбау, шолпы тағып, сұлулыққа жастайынан баулыған, қыз балаға керек қасиет – талғам, жарасым, ақыл, білім, іскерлік өмір тіршілігінен нәр алып тамырға жайылады. Ендігі кезекті бүгінгі мерекенің жүргізушісіне беремін.
Нұртілек:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
1 - жұп:
2 - жұп:
3 - жұп.
4 - жұп:
5 - жұп:
Нұртілек:
Әділқазы болды бүгін,
Ұстаздар ғой біздердің.
Әділдікпен бағалады,
Өнер білім сайысын.
(әділқазыларды таныстыру)
1. _________________________
2. _________________________
3. _________________________
Нұртілек:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әр арулар көрсін өзін таныстырып.
1 - кезең. Таныстыру
1 - жұп:
2 - жұп:
3 - жұп.
4 - жұп:
5 - жұп:
Нұртілек:
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар
Арулар біле ме екен мақалдарды?
Сол себепті қоятын сұрақтар бар.
Білімге құштар санаға
Ақылы мен дария
Біліктілік азықпен
Дайын олар қашанда.
2 - кезең. «Шешендік өнер» мақалдармен сұрақтар сайысына кезек береміз. Алдын - ала берілген 5 - тақырып бойынша қыздарымыздың тақырыптары анықталған. Қыздар сол тақырыптарды кезек - кезек сол тақырып төңірегінде 10 - 10 мақалдан айту арқылы шешендік қырларын көрсету керек. Және жағдайаттық сұрақтар дайындалған соларды алу арқылы сұрақтардан қыздарымыз өздерінің тәрбиелік жағын көрсету арқылы сұрақтарға сол жағдайлардан шығу жолдарын айту керек.
1 - жұп:
2 - жұп:
3 - жұп.
4 - жұп:
5 - жұп:
Нұртілек:
О, заманда ашқан қазақ өнер сырын
Шақырған сайыстарға бірін – бірін.
Тыңдайық тамашалап, көрермендер,
Көрсетеді арулар өз өнерін.
Әншілерді танимыз өлеңінен,
Бишілерді әсем ырғақ мәнерінен
Он саусағы алтындай шебер қызды
Танимыз қазір оны қолөнерінен
3 - кезең. «Шебер қолдар» сайысы. Мерекелік сыйлықты қыздарымыз өз қолдарынмен кестеленген кестемен сыйлық дайындау шарт. Кезекпен орға әкелінсін.
1 - жұп:
2 - жұп:
3 - жұп.
4 - жұп:
5 - жұп:
Нұртілек:
Көрінер қыздар сұлу шашбауымен,
Бұрымын кейін серпіп тастауымен.
Жарасқан шашбауымен теңгелерім
Теңгенің кім біліпті дөңгелегін.
4 - кезең. Шаш үлгісін көрсету өнері
1 - жұп:
2 - жұп:
3 - жұп.
4 - жұп:
5 - жұп:
Нұртілек:
Көркемөнер – жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған бал қаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса, - дей келе қыздарымыздың өнерімен танысайық.
5 - кезең. Өз бойындағы өнер
Нұртілек:
Ойлы қызы халқымның,
Отаным деп туады.
Бос жібермей әр күнін
Ана жолын қуады, - дей келе, келесі кезекті «Мерекелік дастархан» сайысына береміз. Қыздарымыз дайындаған мерекелік дастарханға бір тағам түрін әкеліп таныстыруы шарт.
1 - жұп:
2 - жұп:
3 - жұп.
4 - жұп:
5 - жұп:
Нұртілек
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Қыздарымызды ортаға шақырып, әділ - қазылар алқасына сөз береміз.

Құттықтау сөз: Құрметті барша аналар қауымы! Сіздерді 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Көктемнің жайнаған жайма шуақ сәулесіндей, әр балаңыз сәулеңізден нәр алып, қуаттана берсін! Табысты болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×