Сайтқа кіру Тіркелу

«Сөз - мерген» тіл танымдық сайысының бағдарламасы

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауының тілдерді дамыту саласындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында өтілетін «Сөз - мерген» тіл танымдық сайысының бағдарламасы

Мақсаты: Танымдық қабілеттерді дамыту, ой өрісті кеңейту, тұрақты сөз тіркестері, мақал - мәтелдер және көнерген сөздердің мағынасын ашу, табиғатын тану.

Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, қазылар алқасына жауаптардың қорытындылары жөніндегі бланк, тірек, сызбалар.

Сайыс ережелері
Жүргізуші: Арма ардақты ағайын! Алқалы жұрт көз көрген, мектебімізде тіл мерекесіне арналған тіл сайысы, сөз - мерген. Бағдарламаны оқушыларымыздың тіл туралы өлең жолдарымен бастауымыздың өзіндік себебі бар, өйткені Тәуелсіздік алып, еліміздің өшкені жанып, өлгені тірілген 22 - қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі.
Осыған орай ойынымызға қатысып отырған ойыншыларымызға айырықша ілтипат көрсетіп, таныс болыңыздар:
1. Мәден Қайырбек
2. Жұмагелді Шырын
3. Тоқтасынұлы Тілек
4. Ескендірова Айгерім
Сүйемін туған тілді ана тілін
Бесікте жатқанымда берген білім
Шыр етіп жерге түскен мезетімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнін - деп С. Торайғыров жырлаған ана тілі, баршамыздың ардағымыз, ал бүгінгі Сөз - мергенге мереке қарсаңында, тілдер мерекесі қарсаңында басқан қадамдарыңызға гүл бітсін дейміз. Сөз - мергенге қош келдіңіздер!
Сайыс шартымен таныс болыңыздар:
Сайысқа 4 оқушы қатысады, 3 кезеңнен тұрады
І. Кезең «Мықты болсаң тауып көр»
ІІ. Кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»
ІІІ. Кезең «Ойлы болсаң озып көр»

І. Кезең «Мықты болсаң тауып көр»
Сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
Тапсырмалар саны 11
Дұрыс жауапқа – 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай
Тапсырмаларға жауап беру, кезекпен орындалады. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі ойыншыға кезек беріледі.
Бірінші кезеңде ең аз ұпай жинаған ойыншы сайыстан шығады.
1.
Ой
Тоқтатты
жауабы: ой тоқтатты
мағ: ер жетті, ақылы толысты
Ниет
Сезім
Жігер

2.
Маңдай
Ұста жауабы: тілге ұста
мағ: тілге шебер, шешен
Құлақ
Көз
Тіл
3.
3. Пайыз

Қанды жауабы: айызы қанды
мағ: көңілі жай тапты, рахаттанды
Айыз
Шыдам
Төзім
4.
Ес
Шықты жауабы: есі шықты
мағ: шошып кетті
Ақыл
Айла
Тәсіл
5.
Аспан

Қаптырды жауабы: жер қаптырды мағ: алдап соқты «қап» дегізді.
Өзен
Жер
Тау
6.
Тұмсық

Берді

жауабы: қанат берді
мағ: қанаттандырды, шабыт берді, жігерлендірді.
Қанат
Білек
Тырнақ
7.
Ес
Төркін жауабы: сөз төркіні мағ: мағынасы, түп мәні
Ақыл
Сөз
ой

8.
Су

Жұқпас жауабы: су жұқпас
мағ: өтірікші, айлакер

Бу
Күл
Шу
9.
Қамыр
Жүгірді жауабы: тамырына қан жүгірді
мағ: әл кірді, қуаттанды
Тамыр
Сіңір
Түк
10.
Жұртшылық
Жарды

жауабы: топ жарды мағ: елден ерек шықты, жұрттан асты
Көпшілік
Топ
Бұқара
11.
Туысқан

Қоңыр
қаз жауабы: ағайынды қоңыр қаз
мағ: қатар - құрбы замандас адамда туралы айтылады
Ағайын
Немере
Көрші

ІІ. Кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»
Мақал – мәтел құраудан жарыс. Тапсырмалар саны – 9
Дұрыс жауап 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай
Сайысты ұпайы аз оқушы бастайды. 2 - ші айналымнан кейін ұпайы аз 2 оқушы сайыстан шығады.
1.

Аяқ

Бәле
жауабы: басқа бәле тілден
Қол
Арқа
Бас

2.
Тіл

Өтер
жауабы: сөз сүйектен өтер
Сөз
Ет
Қан

3.
Аспаз

Бастар

жауабы: батыр қол бастар, шешен сөз бастар

Аңшы
Батыр
Етікші
4.
Намыс

Күшті жауабы: өлімнен ұят күшті
Ар
Қулық
Ұят
5.
Жуас
Жуан

жауабы: жуастан жуан шығады
Осал
Ез
Қорқақ

6.
Әже

Қыз

жауабы: анаға қарап қыз өсер,
атаға қарап ұл өсер
Ана
Жеңге
Сіңлі

7
Тіс

Тас
жауабы: тіл тас жарады,
тас жармаса бас жарады.
Құлақ
Қол
Тіл
8
Адам

Шүберек
жауабы: адам көркі шүберек
Қалам
Бала
Дала

9.
Мектеп

Білім
жауабы: кітап білім бұлағы
Қалам
Парта
Кітап

ІІІ. «Ойлы болсаң озып көр»
Көнерген сөздер мағынасын ашу. Тапсырмалар саны – 3 дұрыс жауап – 10 ұпай. Толық емес жауап - 5 ұпай.
1.
Ит

Марғау
жауабы: мысық төлі марғау (соқыр)
Мысық
Тауық
Шошқа
2.
От көсейтін құрал

Әндеме

жауабы: сылақшының үй сылайтын қалағы
Қайрақ тас
Үй сылайтын құрал
Тасымал құралы
3

Диірменнің үстіңгі тасы

Балбал тас
жауабы: мүсіннің жанына қойылған тас бағана

Малға су беруге арналған
Құдықтың қақпағы
Мүсіннің жанына қойылған тас бағана
Бүгінгі сайысымызда, сөзге жүйрік, тілге шешен екені танытқан, қазақ тілінің қадір қасиетін бағалай білген_________________сөз мергені деген атақ береміз
Жеңімпаздарды марапаттау
12.
Бас

Сұқты жауабы: қол сұқты
мағ: талан - таражыға салды, ұрлады
Аяқ
Қол
Табан
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×