Мақсаты: Оқушылар бойында ата - анаға деген сүйіспеншілікті арттыру, үлкенді құрметтеуге, ойлауға тәрбиелеу.
Барысы.
Мұғалім: "Ана - сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың" дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сөзімді ұмытар кім?!
Ана — жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
"Ана - өмір, ана — бақыт, ана — жүрек"
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.
Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?!
Құрметті ата - аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің сыныпта ата - ана мен бала арасындағы махаббаттың бір айшығы ретінде үйымдастырылып отырған "Қызым — қызғалдағым, ұлым — ізгі арманым" атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Отбасы — қоғамның ең кіші бөлшегі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды, ата - ананың берген тәлім - тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне деген сенімділігі баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәт те естен шығармауында. Бұл — жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, адамшылығының белгісі.
Ата - ананың үміт - арманы - баласы. Сондықтан ананың ақ сүтін ақтау, әкенің адал күшін ақтау, яғни өз болашағымызды сақтау мақсатында осы іс - шара үйымдастырылып отыр.
1 - жүргізуші:-"Халққымның әні қандай, жыры қандай,
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай.
Шымырлар ән бойыңа тарайтұғын,
Ал биі нәзікжанды балқытқандай!
Би биленеді.
2 - жүргізуші: Иә, "Ата - ананың парызын өтеу - сенің парызың" деген сөздер кішігірім жақсылық нышандарына бастау боларына сенімім мол.
1 - жүргізуші: Әйел затының сұлулығы, әдептілігі, ер азаматтың қажыр - қайраты, намыс жігері т. б қасиеттер бала бойына берілетін ең асыл қасиеттер екендігі бәрімізге белгілі. Ендеше осындай ардақты ата - аналарымызға арналған бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде болмақ. (Бес отбасы таныстырылады.)
2 - жүргізуші: Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
1 - бөлім "Кел, танысайық"
2 - белім "Сен білесің бе?"
3 - бөлім "Көрермендер көзайымы"
4 - белім "Жеті жұмбақ — жеті жұмақ"
5 - бөлім "Сегіз қырлы, бір сырлы".
Енді осы сайыстарға әділ баға беретін қазылар алқасын сайлап алайық. (Әділқазылар алқасы таныстырылады.)
1 - жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүрекпен тебіреніп,
Өнерлі ата - аналар қалықтайды, — дей келе 1 - бөліміміз "Кел, танысайыққа " көзек берейік. (Әр топ өздерін таныстырады.)
2 - жүргізуші: Қыз емес, қыздың аты — қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқымның сақтай білген ізгі салтын, — деп халық әнінде құр босқа айтылмаған. Ендеше "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.
1 - оқушы: Мухаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
2 - оқушы: Кемал Кеніш: «Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, ақылшы тірегі - әке өзіңсің»
3 - оқушы: Дулат Бабатайұлы: "Ата - ана ақылы — қазылған қара кенмен тең".
4 - оқушы: Махмүд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер".
5 - оқушы: Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".
6 - оқушы: Қадыр Мырзаәли: "Қазақ әйелі — бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".
7 - оқушы: Ғабит Мусірепов: "Ана — бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".
8 - оқушы: Ғабиден Мустафин: "Балаға сіңірген ата - ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат".
1 - жургізуші:
Айтамыз жақсы тілек отбасыңа,
Тілейміз денсаулықты бас - басыңа.
Суйсінсін сарапшылар сынға салып,
Біліміне сай шәкірт саспасын да.
Ендеше келесі бөліміміз "Сен білесің бе?" деп аталады. Оқушылар әріп тандайды және сол әріппен басталатын сөздермен сұраққа жауап береді.
2 - жүргізуші:
Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кең даламда шарықтасын әуені
Әнші жұлдыз жас өнерпаз Дананың!
Ән: "Жан гүлім ".
1 - жүргізуші:
Аналар келді ортаға жайлап қана,
Өзінің нақышымен жайлап қана.
Көктеңіздей шалқып жаткан, болмаса
Бұлақтай көзі ашылған қайнап қана.
Келесі бөліміміз өнерпаз аналарға арналады. Бұл бөлім "Білгенім бір тоғыз..." деп аталады. Үяшық таңдау арқылы берілген сұрақтарға жауап беру керек.
Сұрақтар
1) Ұлағатты ырым - тыйымдардың мәні неде? Бала тәрбиесінде ырым - тыйымдарға көп көңіл бөлесіз бе?
2) Мақалдың мәнін ашып берініз: "Ана - балаға жастық, әке — көрпе".
3) Бала өмірге келгеннен бастап азамат болғанға дейінгі салт - жоралғыларды атап берініз.
4) Бүкіл халықтың анасына айналған, аттары аңыз болып таралған аналарды атаңыз.
5) "Бала тегіне тартады" дейді қазақ халқы. Сіз мұны қалай түсінесіз?
2 - жүргізуші: Әуезі ән, жаны раушан, күй жүрегі,
Шел басқан сезімді де идіреді.
Билесе Жанерке қыз мың бұралып,
Жер тербеліп, аспанымда Күн күледі.
Би биленеді.
1 - жургізуші: Табиғат құдіретіңе таң ғаламын,
Бас иіп қасиетіңе жар саламын.
"Жеті жұмбақ — жеті жұмақ" өзіңменен
Құпияңды ашқан сайын тамсанамын, — дей келе қасиетке толы жұмбағы мол жеті саны туралы "Сөз маржаны" айдарына келіп жеттік.
9 - оқушы: Қазақ халқы табиғаттың тылсым сырына сәйкес 3, 5, 7, 9 сандарын киелі сан деп санаған. Көшпенділер ұғымында күннің көзі жеті сәуледен құралған деген мағлұмат бар.
Киелі сан жеті деген байланысты жетіменен,
Көп ұғымы халқымыздың белгісіндей салтымыздың.
Жеті қат көк жер үсті, жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы — Заңымыз, бар жеті қазынамыз.
Жеті атамыз — жеті жұрт. Ағайынды жеті жұт.
Қызыктырар құбыла, жеті түрлі шұғыла.
Жерде жеті керемет. Жеті шелпек бере кет.
Сөз - сейлемдер бағынар жеті септік тағы бар.
Көк аспанда жеті түс, мұны бәрің біліп өс.
Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл!
2 - жургізуші: Міне өзіміз байқағандай жеті саны туралы қаншама мағлұматтар бар екен. Ендеше келесі бөліміміз "Жеті жұмбақ — жеті жұмақ" деп аталады. Бұл бөлімге топ мүшелері, яғни анасы мен баласы толық қатысады.
Әр топ кез - келген ұяшықты таңдау арқылы берілген сұраққа жауап береді.
Жеті жоқ — жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жқк, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылкыда өт жоқ.
Жеті ғалам — күншығыс, күнбатыс, оңтүстік, солтүстік, аспан жоғары ғалам, жер орта ғалам, жер асты төменгі ғалам.
Жетіжут - құрғақшылык, ашаршылық, өрт, су, оба, соғыс, зілзала.
Жетіқат көк — Жер, Меркурий, Марс, Плутон, Сатурн, Шолпан, Юпитер.
Жеті ашық - Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Қалқаман - Мамыр, Фархат - Шырын, Еңлік - Кебек, Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха.
Оқшы Атадағы жеті әулие ата - Оқшы ата, Есабыз ата Ғайып ата, Асан ата, Қыш ата, Досбол датқа, Бала би.
Жеті қазына — ер жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы.
Жеті амал — күннің тоқырауы, қарашаның кайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, тоқсанның кіруі, айдың толуы.
Жеті септік — атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Жеті кун - бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына немесе дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
1 - жүргізуші: Болады жігіт аты затына сай,
Ниет етсең боларсың өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген,
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай, - деген сөздер бүгінгі жігіттерге өсиет болғандай.
10 - оқушы: Жақсы бол жігіт болсаң ел көргендей,
Досыңа қысылғанда дем бергендей.
Пайдаңды жақсы болсаң көпке тигіз,
Тұйғынға қапастағы жем бергендей.
Жігіт бол жігіт болсаң бұлғақтамай,
Орынсыз сөз сөйлеме жын қаққандай.
Еліңе жақсы істі жаса әуелі,
Халыққа көңіл беліп тындатқандай.
Болсын дәйім өнерің көпке үлгі,
Көңілі нұр, әрқашан жаны ізгі.
Асыл мұра әр сөзің тасқа жазған,
Жігіттер жасампаз боп жаса мәнгі!
2 - жүргізуші: Бұл өлең жігіттерге жалаулы жігер мен найзалы намыс берсін дегім келеді.
Бәйгенін, аттарындай шабыстары,
Білімнің үшқыр болсын табыстары.
Қол соғып кошеметтеп отырайық,
Жеңімпаз даралансын жарыстағы, — дей келе келесі "Сегіз қырлы, бір сырлы" деген бөлімімізді бастайық. Әр топ өздерінің өнерлерін көрсетеді.
1 - жүргізуші: Бәйгеден келсе жүйрік жарар еді,
Сүзілтіп жал - құйрығын тарар еді.
Көгімнен күн сәулесі шуақ шашып,
Көкейде ән боп өшпей қалар еді.
Ән: "Шақырады көктем ".
2 - жүргізуші: Бүгінгі ұл - қыздарыңыздың өздеріңізді құрметтейтінін айқындаған тәрбие сағатымыз да өз мәресіне жеткен тәрізді. Ендеше сөзді әділқазылар алқасына берейік.
1 - жүргізуші: Келе ғой ботақаным өзіме деп,
Анам кеп сипағанда шашымды жәй.
Күйімді кешсендер - ау сол кездегі
Әкемнің маңдайымнан өпкен кезі - ай.
2 - жүргізуші: Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді.
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені.
1 - жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен түратын,
Өмір — күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын!
2 - жүргізуші: Ана деген мәпелейді баланы,
Ақ бесікте тербетеді ғаламды.
Әр сөзі күн нұрындай жылы тиер,
Ұлықтайық, замандастар, ананы!
Хор: Ұрпақтарға бақыт жолын ансаған,
Тілейтұғын сыртта жүріп бақ саған.
Тіршіліктің тынысы мен ажары,
Әкем, шешем – теңдесі жоқ жақсы адам!
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздердің отбасыларыңызға сыныбымның атынан тек жақсылық тілеймін. Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатын тәмәмдаймын. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!
Қызым — қызғалдағым, ұлым — ізгі арманым
- ранобану
- 13 наурыз 2013
- 17407
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тәрбие сағат, ата аналар үшін сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың жеті санға ерекше көңіл бөлгені
Жеті жетекші: 1. Адамның басшысы - ақыл 2. Жетекшісі - талап 3. Жолаушысы - ой 4. Жолдасы -кәсіп 5. Қорғаны - сабыр 6. Қорғаушысы - мінез 7....Жеті қазына
Балалар, Сағи қайда? Ол Қазына іздеушілер фильмін өте жақсы көретін еді ғой. Тағы да қазына іздеуге кеткен болар. Мен мына қазына толы сандықшаны...«Жігіт сұлтаны» сайысы
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды, Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды. Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын...Әдепті бала- арлы бала
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы...Бала тәрбиесі баршаға ортақ
№18 орта мектеп Джамбозова Г....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.