ХХІ ғасыр көшбасшысы (тәрбие сағаты)
ХХІ ғасыр көшбасшысы.
Мақсаты: А) Оқушылардың спорт туралы білімін теория жүзінде байқау.
Ә) Ойлау қабілетін жетілдіру.
Б) Салауатты өмір салтын насихаттау.
Барысы: І. Бәйге. Викториналық сұрақтар.
ІІ. Көкпар. Пирамидадағы сұрақтарды таңдау.
ІІІ. Жорға. 30 сек. ішінде сұрақтарға жауап беру.
І тур. Бәйге:
1. Олимпиада ойындарының авторы кім? (П. Кубертен)
2. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының тұмар белгісінде қандай жануар бейнеленді? (Аю)
3. Қазақтан шыққан тұңғыш гимнасшы қыз кім? (Әлия Юсупова)
4. Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық спорт түрін атаңыз? (тоғызқұмалақ)
5. 2003 жылы Қазақстандағы ең үздік спортшы, гимнасшы қазақ жігіті кім? (Е. Ерімбетов)
6. Хоккей ойыны қай мемлекетте пайда болды? (Канада)
7. Ең алғашқы Олимпиада ойындары қай елде және қай жылы өтті? (1896. Афины. Греция)
8. Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады? (пешка, слон, ат, ладья, ферзь, король)
9. Бильярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады? (Кии)
10. Сидней Олимпиадасында алтын медальға қол жеткізген жерлестерімізді атаңыз? (Ыбырайымов, Саттарханов, Шишигина)
ІІ тур. Көкпар
Спорт ойындары
30 ұпай.
Футболдан ең алғашқы әлем чемпионаты қай жылы, қай елде өткізілді. Чемпион болған мемлекетті атаңыз? (1930 Уругвай. Чемпион Уругвай)
20 ұпай.
1. Афина Олимпиадасында футболдан жеңімпаз атанған қай елдің
құрамасы? (Аргентина)
2. Баскетбол ойынында «Дриблинг» термині қандай ұғым береді? (допты еденге ұрып алып жүру)
10 ұпай.
1. Волейбол сөзі қандай ұғым береді? (волей - ұшу, бол - доп)
2. ФИФА тұжырымы бойынша 2004 жылдың ең үздік футболшысы кім? (Роналдинью)
3. Баскетбол ойынының авторы кім? (Джеймс Нейсмит)
Жекпе - жек
30 ұпай.
Бокстан Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы, кубалық боксшылар кімдер? (Теофило Стивенсон, Феликс Савон)
20 ұпай.
1. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақтың бір туар боксшысы кім? (Серік Қонақбаев)
2. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек рим күресінен алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім? (Жақсылық Үшкемпіров)
10 ұпай.
1. «Балқаш Барысы» атанған қазақстандық боксшы кім? (В. Жиров)
2. Афины Олимпиадасының чемпионы, «Баркер» кубогінің иегері
Бақтияр Артаевтың жаттықтырушысы кім? (Нұрлан Ақүрпеков)
3. Бекзат Саттарханов Сиднейдегі жеңісін кімге арнады? (Түркістан қаласының 1500 жылдығына)
Түрлі - түрлі
30 ұпай.
Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше тас, неше отау, неше қазан болады? (162 тас, 18 отау, 2 қазан)
20 ұпай
1. Мұздағы би қалай аталады? (мәнерлеп сырғалау)
2. Бокстың негізін қалаушы, бокстың әкесі саналатын ағылшындық қайраткердің есімін атаңыз? (Джон Джек Браутон)
10 ұпай.
1. Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз? (Дебют, Миттельшпиль, Эндшпиль)
2. Афины Олимпиадасында Қазақстан командалық есепке нешінші орынға табан тіреді? (40 - шы)
3. ФИФА ұжымының президенті кім? (Иозеф Блаттер)
Жеңіл атлетика.
30 ұпай.
Кедергімен жүгіру жарысындағы кедергінің биіктігі неше см.?
(ерлер - 106 см. әйелдер - 84 см.)
20 ұпай
1. Сидней Олимпиадасында Ольга Шишигина қандай қашықтыққа жүгіруде алтын медальға қол жеткізді? (100 м)
2. Қазақстандық онсайысшы, Афины Олимпиадасының қола жүлдегері кім? (Дмитрий Карпов)
10 ұпай
1. Жүру мен жүгірудің қандай айырмашылығы бар? (жүгіруде ұшу формасы сәтті болады)
2. Спринтер – қандай спортшы? (қысқа қашықтыққа жүгіруші)
3. Жүгіру жарыстарының ең алыс қашықтарын атаңыз?
( 3000, 5000, 10000, 20000 м.)
ІІІ тур Жорға
1. Бокс алаңы қалай аталады? (ринг)
2. Доп пішіні қандай? (дөңгелек)
3. Футболшы Диего Армандо фамилиясы? (Марадонна)
4. Мұзда сырғанайтын аяқ киім? (коньки)
5. Медаль металдарын атаңыз? (алтын, күміс, қола)
6. Қажымұқанның фамилиясы? (Мұңайтпасов)
7. Футболда бір тайм уақыты? (45 мин.)
8. Ренат Дасаев кім? (қақпашы)
9. Маикл Джордан қандай спорт түрінің жұлдызы? (баскетбол)
10. Дзюдо кілемі қалай аталады?( татами)
Сайыстың жеңімпаздарын атап, дипломдармен марапатталды.
XXI ғасыр көшбасшысы (тәрбие сағаты)
- Merlan
- 21 қаңтар 2012
- 37983
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 21 ғасыр көшбасшысы, тәрбие сағаты, XXI ғасыр көшбасшысы, сайыс сабақ, спорт туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстанның белгілі спортшылары. ШҚО белгілі спортшылары
Есімдік, Есімдік түрлерін пысықтау. Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну, арқылы коммуникативтік сөйлеу дағдыларын...Спорт шеберлері
1. Білімділік: Оқушыларға «Спорт шеберлері» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды...Ибраимов Ермахан Сағиұлы
Ибраимов Ермахан Сағиұлы. 1972 жылдың 1 - қаңтарында Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында (бұрынғы Луговой) дүниеге келген....Дарабоз спорттық интеллектуалды сайыс
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы “Бейнеу лицейі”ММ. I -санатты дене шынықтыру мұғалімі Гүлназ Әжібаева Айтжанқызы...Менің сүйікті спортшым
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, №1 Затобол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Б. Ә. Омарова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.