Дүниежүзілік ЖҚТБ - мен күрес күніне арналған «ЖҚТБ туралы не білесіз?» атты жалпы колледж ішілік шараның бағдарламасы.
Мерзімі: 1 желтоқсан
Ұзақтығы: 90 минут
Жауаптылар: Қалауова А. К.- «Денсаулық» клубының жетекшісі.
Жабдықталуы: мультимедиялық проектор, музыкалық жабдықтар,
бейнематериалдар, буклеттер, плакаттар.
Шақырылғандар: Наркологиялық диспансердің дәрігері
Әділқазылар алқасы: психолог: Тоқсанбаева А,
терапия пәнінің оқытушысы: Жулмагамбетова Н. К.
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, сана – сезімдерін тәрбиелеу.
Ұран: Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашақты нық қадаммен бастаңдар!!!
1 - ші жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және достар!
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл – ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз «Жастар!».
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Олай болса «ЖҚТБ туралы не білесіз?» атты шараға қош келдіңіздер!.
2 - ші жүргізуші: Добрый день, дорогие друзья!
Мы рады приветствовать всех тех, кто не остался равнодушным к проблеме,
которой посвящено наше сегодняшнее мероприятие. Ежегодно 1 декабря по решению Всемирной организации здравоохранения во всем мире
отмечается Всемирный день профилактики СПИДа.
1 - ші жүргізуші: Жас жеткіншек! Өздеріңе айтып өту борышым
Ауырсаңдар бұл кеселмен, дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ онан, олар әлсіз, тірі өлік,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
2 - ші жүргізуші: Всемирный день борьбы со СПИДом - это еще один шанс заявить: «СПИД есть в мире, где мы живем, но он не должен быть среди нас»
1 - ші жүргізуші: Бүгінгі шара барысында әр бөлім осы тақырыпта
дайындаған сахналық қойылымдарын көрсетеді.
2 - ші жүргізуші: На сцену приглашаются участники отделения «леч. дело»
на базе 9 кл.
ӘН. Сахнаға 217 «мейірбике ісі» топ студенттері Терегулова Фарида мен Зейнешова Гүлім ағылшын әнімен шақырылады.
1 - ші жүргізуші: Сахнаға мейірбике ісі бөлімі шақырылады.
2 - ші жүргізуші: Ситуациялық сұрақтар:
1 - жағдай. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД – пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
Жауабыңды негізде.
2 - жағдай. Сіз қалай есептейсіз, ЖҚТБ жаман ба, әлде онымен ауырған адамдар жаман ба? Неліктен?
3 - жағдай. «Лучшая профилактика СПИДа - это голова на плечах»
Сделайте выводы.
4 - жағдай. Сіз қалай ойлайсыз, ЖҚТБ - мен ауыратын адамдарға олар жұмыс істейтін, оқитын жерде қала беруге рұқсат ету керек пе? Неліктен?
2 - ші жүргізуші: Песнья «Шоқ қыздар» 217 СД Қуаныш
2 - ші жүргізуші: Выступает отделения «стом. дело»
Көрініс: 215 мейірбике ісі тобы « Жын мен Періште»
Қатысушылар: Арақ, Наша, Темекі, Жігіт, Періште, Ақыл, Талап.
Арақ: - Ей жас жігіт неге жүрсің серіксіз?
Наша: – Танысайық, жақындашы сен бізге.
Темекі: - Біз достыққа әрқашан да берікпіз.
Жігіт: - Бұрын көрген секілдімін бір жерден.
Кімсің өзің, жүзің неге түнерген?
(Жігітті айналып жүреді )
Арақ:
Менің даңқым көп тараған кең жерде,
Ізім жатыр қырқаларда, белдерде.
Мен – Шараппын. Жаза бассаң, сүрінсең,
Шақырмай – ақ жетіп келем сендерге.
Темекі:
Жас өмірің атқан кезде таң болып,
Есіңде ме, менде саған жолыққам.
Талай – талай бірге жүрдік серік боп,
Содан кейін бір күні әкең өлгенде,
Наша қалмай меніменен еріп кеп,
Түнеп алдық сенің балғын кеудеңде
Наша:
Иә, мұнан кейін бір күннен соң бір күннен
Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.
Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым,
Кей күндері бірге жүрген досыңның,
Баянсызын сезінгенде жолықтым.
(Өзімен бірге жігітті ертіп кете береді. «…………»)
Періште:
- Ей, ақымақ, ақымақ,
Жақын болма жаманға!
Жалыныңды сөндіріп,
Жастығыңды күйдіріп,
Сезіміңді қорлатасың оларға.
Жігіт:
Денсаулықтың басшысы,
Жан – тәнімді өз қолыңа беремін.
Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы,
Айтқаныңа көнемін.
Періште:
Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,
Кезің келді қоғам жүгін арқалар
Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,
Айта алмаймын ертеңіне сенем деп.
Талап:
Онда барсам, естілмейді талаптының сазды үні,
Тентектер көп, таяқ ала жүгіреді бәз бірі
Бір жеткіншек кезікті де келбетіне бақ күлген,
Сол баланың жүрегінен жайлы мекен таптым мен
Ақыл:
Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?
Темекі мен арақ, наша бүкіл елге танылар.
Тыныштық жоқ, күзетемін жамандықтан еліңді,
Сондықтан да тыным таппай торып жүрем жеріңді.
Періште:
Ана сүті арамдықты суарса,
Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.
Темекіден түтін сорсаң улайсың,
Өзіңді – өзің жіпсіз байлап шырмайсың.
Ақылды болсаң жас жігіт,
Сөзімді менің тыңдайсың!
Жігіт: Міне, достар өмірдің мәнін мен енді түсінген сияқтымын, сендерге айтарым:
Тек жүзіңді төмен салма,
Нашақорға жолдас болма.
Тек көзіңді жасауратпа,
Сенің көзің заман үшін бағалы.
Сенің әнің асқақ шықса,
Қоғам даңқы жоғары.
1 - жүргізуші: Үй тапсырмасы, яғни бейне көрініс байқауы бойынша үздік деп табылған жобаларды назарларыңызға ұсынамыз!
2 - жүргізуші: Как распознать где добро, а где зло? Наверное, для этого нужны знания или достоверная информация? Сейчас мы приглашем на сцену врача нарко диспансера ___________
Әділқазылар алқасы өз шешімдерін айтып, марапаттаулар табыс етіледі.
1 - жүргізуші: Сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Б. С. Толыбаева ханымға беріледі!
Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші
1. «Маскүнем арын сатып ішеді»
2. «Мас болу өз бетімен жындану деген сөз» (Аристотель)
3. «Бұзықтың көбі мастықтан болады»(Л. Н. Толстой)
4. «Ішпесең – момын торысың,
Ішсең – елдің зорысың,
Отбасының сорысың»
5. Тазда бас бар, шаш жоқ,
Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ.
Ән: « СПИД жойылсын»
1. Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген
Жойылсын мәңгілік жойылсын.
Вируспен ауырған адамдарға
Ем – дәрі тезірек табылсын.
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік
2. Есірткі құрысын
Ішімдік жойылсын
Дені сау қазақтың
Ұл – қызы көбейсін.
Қайырмасы:
3. Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп.
Қазақтың сымбатты
Ұрпағы көбейсін
2 - ші жүргізуші: На сцену приглашается студент 217 гр. Куаныш с песней «За тебя калым отдам»
1 - ші жүргізуші: Сонымен оқушылар бүгінгі шарамызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!
СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!
2 - ші жүргізуші:
Надо поверить в себя
Твоя горит звезда
Ее зажгли на небе те,
Кто верит в тебе!
Заражаются по разному, умирают - одинаково. Так давайте же каждый сохраним свой цветок - цветок жизни, цветок любви. И тогда мир подарит нам радость и возвратит веру в чудо. Берегите себя и тех кого любите!
Тақырып: “АҚТБ/ЖҚТБ туралы не білесіз?”.
Тест «Дұрыс – қате». Тапсырма: Зер салып оқып шығыңыздар және қажет жауапты дөңгелектеп қоршап қойыңыз.
«Д» – дұрыс, «Қ» – қате
1 ЖҚТБ - мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті Д Қ
2 Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ - ны жұқтырып алуға болады. Д Қ
3 ЖҚТБ - мен ауыратын мұғаліммен бір сыныпта болу әбден қауіпсіз. Д Қ
4 ЖҚТБ - ны жұқтырмау туралы тек гомосексуалистердің ойлануы керек. Д Қ
5 Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті Д Қ
6 ЖҚТБ - мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. Д Қ
7 Егер тек бір ғана жыныстық қатынаста болған жағдайда да ЖҚТБ - ны жұқтыруы мүмкін. Д Қ
8 Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек. Д Қ
9 Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ - ны жұқтыруға болады. Д Қ
10 Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея. Д Қ
11 ЖҚТБ - ны вирус қоздырады. Д Қ
12 ЖҚТБ - ға өткізілген тестің оң (+) нәтижесі, ол адамның ЖҚТБ - мен ауыратындығын білдіреді. Д Қ
13 ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Д Қ
14 ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады. Д Қ
15 АҚВ жұқтырудан ауыз арқылы жыныстық қатынас кезінде сақтану үшін презерватив пайдалану қажет. Д Қ
16 ЖҚТБ - ға тесттер әдетте сенімді. Д Қ
17 ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде. Д Қ
18 Презервативті дұрыс пайдалану көп жағдайда ЖҚТБ вирусын жұқтырмауға көмектеседі. Д Қ
19 ЖҚТБ - ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас. Д Қ
20 ЖҚТБ - ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін. Д Қ
Дұрыс жауаптардың тізімі (мұғалім үшін)
1 ЖҚТБ - мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті Қ
2 Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ - ны жұқтырып алуға болады. Қ
3 ЖҚТБ - мен ауыратын мұғаліммен бір сыныпта болу әбден қауіпсіз. Д
4 ЖҚТБ - ны жұқтырмау туралы тек гомосексуалистердің ойлануы керек. Қ
5 Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті Д
6 ЖҚТБ - мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. Д
7 Егер тек бір ғана жыныстық қатынаста болған жағдайда да ЖҚТБ - ны жұқтыруы мүмкін. Д
8 Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек. Қ
9 Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ - ны жұқтыруға болады. Қ
10 Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея. Д
11 ЖҚТБ - ны вирус қоздырады. Д
12 ЖҚТБ - ға өткізілген тестің оң (+) нәтижесі, ол адамның ЖҚТБ - мен ауыратындығын білдіреді. Қ
13 ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Қ
14 ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады. Қ
15 АҚВ жұқтырудан ауыз арқылы жыныстық қатынас кезінде сақтану үшін презерватив пайдалану қажет. Д
16 ЖҚТБ - ға тесттер әдетте сенімді. Қ
17 ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде. Д
18 Презервативті дұрыс пайдалану көп жағдайда ЖҚТБ вирусын жұқтырмауға көмектеседі. Д
19 ЖҚТБ - ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас. Д
20 ЖҚТБ - ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін. Д
ЖҚТБ туралы не білесіз?
- Калауова
- 28 қаңтар 2013
- 14804
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ЖҚТБ, денсаулық, тәрбие сағаты, іс- шара
Ұқсас жаңалықтар:
Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті
Нұсқау: «Балалар қазір сіздерге мектепте өздеріңді қалай сезінетіндеріңізді анықтауға арналған бірнеше сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылады. Сұраққа...ЖИТС - XXI ғасыр індеті
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 1 - желтоқсан - Халықаралық ЖИТС - пен күресу күніне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Елбасымыз..."Біз СПИД-ке қарсымыз"
Сабақтың тақырыбы: Біз СПИД - ке қарсымыз....СПИД-ғасыр уы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің 5-класс жетекшісі Сагидуллина Даригуль Саиновна...Нашақорлыққа қарсымыз (сыныптан тыс шара)
Ұланымыз туған еліміздің, Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім. Салауатты өмірдің әнін тыңдап, Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.