Сайтқа кіру Тіркелу

Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы

Мақсаты: Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арналған әдеби - сазды қойылым арқылы оқушыларды тарихи оқиғаларды көрініс түрінде шежірелі даталар мен кезеңдермен таныстыру. Елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, қанатты және нақыл сөздер, ұлттық киімдер, шарлар, гүлдер.
Барысы:
І бөлім: Абылай заманы - батырлар заманы
ІІ бөлім: Ақтаңдақ жылдар
ІІІ бөлім: Қайсар рухты қазақпыз
ІҮ бөлім: Тәуелсіздік тұғыры

1 жүргізуші: Армысыздар!
2 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!
1 жүргізуші: 16 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне арналған 2 жүргізуші: «Желбірей түс, Тәуелсіздік жалауы!» атты 4 «б» сынып оқушылары әзірлеген әдеби сазды бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер!
1 жүргізуші: Армысыңдар, айналайын адамдар!
Айналаңа шын қуанып қараңдар
Жиырма жыл толды, Тәуелсіздік алдық біз,
Келді кезек, болашақты бағамдар.
2 - жүргізуші:
Сан ғасырлар тарихынан кешегі
Туған жердің шежіресі өседі
Менің елім - Қазақстан Отаным!
Болашағы біздің бірге өседі.
ӘН: « ___________________________»
(А. МҰҚАТАЙ, Н. ТОҚБАЕВА)
М. Шаханов «Төрт ана»
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана;
Туған жері - түп қазығы айбыны,
Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны.
Жан байлығы, салт - дәстүрі - тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі,
Және Туған тарихы.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі, қасіретті болса да.

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер,
Өзге ананың ұлылылығын танымас,
Төрт анасына менсінбеген пенделер
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздық басы қайда қалмаған
Төрт анасын сыйламаған халықтың,
Ешқашан да, бақ - жұлдызы жанбаған.
Қасиетті төрт ана - тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.

БИ: «ШАЛҚЫМА»

1 - жүргізуші: Азаттық, Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құру үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
2 - жүргізуші: Абылай заманы – батырлар заманы.
Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама!
МУЗЫКА: ЕЛІМ - АЙ
І көрініс: ЖОҢҒАР ХАН ОРДАСЫНДА
Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.

Уәзір: Ләппай, тақсыр! Қазақтар келіп тұр!
Хан: Кірсін! (бір топ қазақ елінің адамдары кіреді).
Хан: Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер! Айтатындарыңды айтыңдар да, үйлеріңе қайтыңдар!
Қазыбек: Біз қазақ деген елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
Елден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп.
Найзаға үкі таққан елміз.
Досымызды сақтай білген елміз
Дәм - тұзды ақтай білге елміз
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз,
Сен қалмақ та, біз қазақ.
Қарпысқалы келгенбіз,
Қазақ, қалмақ баласы,
Табысқалы келгенбіз,
Табысуға көнбесең,
Шабысқалы келгенбіз.
Сен Қабылан да, біз Арыстан,
Алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар
Жарысқалы келгенбіз.
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз
Сен темір де, біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Берсең жөндеп бітіміңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт!

Хан: Балам, атың кім?
Бала: Атым, Қазыбек, әкем - Келдібек би, ұлтым - қазақ, руым – Қаракесек.
Хан: Ендеше, дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын. (Хан шапалақ ұрады)
Уәзір: Ләппай тақсыр!
Хан: Қамаудағы қазақтарды босатыңдар!

ТҮРІК Б И І: Д. ТӨЛЕГЕТАЙ
1 - жүргізуші:
Енді бізге қайта оралды заңғарлар!
Сталиндік тозақтарда жанғандар!
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбетер, Мағжандар!
2 - жүргізуші: Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де, тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

ІІ КӨРІНІС. МУЗЫКА
Бес арыс бейнесіндегі бес баланы әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады да,
Әскер: - Иә, соңғы сөзді іштеріңнен кім айтады?

Міржақып Дулатов:
Ей, тәкаппар, дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.
(Мылтық даусы естіледі, құлайды)
Мұңды музыка ойналады.
1 - жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсаны.
2 - жүргізуші: Қазақтың санасын сілкіндірген Желтоқсан ызғары жылдар бойы армен мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
1 - жүргізуші: Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып, келер ғасырға.
2 - жүргізуші: Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.

ІІІ КӨРІНІС.
Автор: Камера іші. Тергеуші үстел басында отыр. Ол әр адамды жеке - жеке тергеуге шақырады. Кезек Қайрат Рысқұлбековке де келді.
Тергеуші: Кіргізіңдер! Қайрат Рысқұлбековты. (Әскери адамдар
Қ. Рысқұлбеков бейнесіндегі оқушыны алып кіреді).
Тергеуші: Ал, Рысқұлбеков әбден ойланып, ақылға келген шығарсың. Айтасың шындықты! Үндемейсің, иә! Ендеше, жазбаша жазып бер! Бол, тез! Жылдам!
Оқушы (Қайрат бейнесіндегі):
Елбең, елбең жүгірген.
Ебелек отқа семіген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар!
Аруағыңмен жебей гөр!

Күнәдан таза басым бар
21 - де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар!
ӘН: «ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ»

1 - жүргізуші: Тәуелсіз ел атандық,
Биік даңқың.
2 - жүргізуші: Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың.
1 - жүргізуші: Ата - баба қанымен келген бізге,
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік құт болып, қонды еліме!
1 - жүргізуші: Қорғап сені өтетін өле - өлгенше,
2 - жүргізуші: Мақтанамын әлемге
Мен – азатпын!
ӘН: «ТУҒАН ЖЕР».

1 - жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 20 жылы - жоғалғанымыздың көзі, іздегеніміздің өзі.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Алдымызда алыс сапарға басталған жол, алыс күндерге шақырған ізгі мақсат жаты. Ақыл мен парасаттың ұлы көріністерін еншілеген халқымыздың ықылым заманнан бастау алатын қымбат тарихы жатыр»- дей келе; Тәуелсіздігіміздің берік, ынтымақты болуы үшін жас ұрпаққа мынадай қанатты сөздер айтты.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр - қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға да соншалықты қажыр - қайрат керек.

Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болу керек.

Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. ел бірлігі - асыл қасиет.

2 - жүргізуші: Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақ мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа.
1 - жүргізуші: Біздің елімізге бойына ата - бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай еңбек ететін, ой - өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.
2 - жүргізуші: Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.
Сахнада:
1 - оқушы: Өмірімізді, өзімізді көріп,
2 - оқушы: Әнімізді, жырымызды тыңдап.
3 - оқушы: Ерлігімізді, тірлігімізді қарап,
4 - оқушы: Өзімізді, сөзімізді тыңдап.
БӘРІ: БҰЛ ҚАЗАҚ ДЕЙДІ.
1 - жүргізуші: Қазақстан - үлкен мемлекет.
2 - жүргізуші: Қазақстан деген
Қ – Қасиет пен құт дарыған ел,
А - Аңсаған арманы орындалған ел.
З - Заман ағысынан қалмаған ел.
А - Азаттығын асқақтатқан ел.
Қ - Қаһарман, батырлар туған ел.
С - Сан ғасыр азап шеккен ел,
Т - Тәуелсіздік, егемендік алған ел.
А - Азаматын ардақтаған ел.
Н - Намысын сақтай білген ел!

ӘН: «ҚАЗАҚСТАН»

1 - жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл - қызымыз,
Әзірге маңдайдағы құндызымыз.
2 - жүргізуші: Арасын жермен көктің жалғаушымыз,
Ертеңі жарқыраған жұлдызымыз.
- дей келе, бүгінгі 4 «б» сынып оқушылары әзірлеген «Желбірей түс, Тәуелсіздік жалауы» атты әдеби сазды бағдарламамызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....
Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса...
Қазақстан - ынтымақ ордасы

Қазақстан - ынтымақ ордасы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, № 51 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Анашбекова Айгүл Әбдіқадырқызы...
Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!

Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!

Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің! 1 - жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және мерекелік концерттің қонақтары. 2 - жүргізуші:...
Жайнай бер, тәуелсіз Қазақстан

Жайнай бер, тәуелсіз Қазақстан

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Смайлова Гулсима Зауегалиевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×