Сабақтың тақырыбы: «Олимпиада жеңімпаздары – ұлт мақтанышы»
Мақсаты:
1. Оқушыларға XXX - Лондон олимпиада ойындарының басталуы және тарихы жайлы айту. Аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру; Лондон олимпиадасының күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға Лондон олимпиада ойындарындағы Қазақстандық спортшылардың жеңістері біздің қазақ елі үшін мақтаныш екендігі жайлы айта отырып, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Оқушыларға патриоттық және рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, слайд
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Олимпиада жеңімпаздары – ұлт мақтанышы»» атты тәрбие сағаты өткізгелі отырмыз.
(Әнұраны орындалады)
(Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстырылады)
Жоспар:
І бөлім: “Олимпиада басталуы, ойындары, тарихы туралы”
ІІ бөлім: “Олимпиада жеңімпаздары слайд”
ІІІ бөлім: Қорытынды
Мұғалім: Бастауын ежелгі Грекия жерінен алатын әйгілі олимпиада ойындарының 2012 жылы Лондон қаласында өтетіні осыдан 7 жыл бұрын анықталып қойған еді. Еншісіне Жазғы олимпиада ойындарын өткізу бұйырған Лондон қаласы әлемдік 9 қаланың ішінен таңдап алынды ХХХ жазғы Олимпиада ойындары — отызыншы Жазғы Олимпиада ойындары. 2012 жылдың ойындары 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өтті. Лондон Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала болмақ. Оған дейін Лондон 1908 жылы және 1948 жылы қабылдаған болатын.. Лондон қаласында алауы жағылды. Лондон жазғы олимпиадалық ойындарының салтанатты ашылуын Елизавета II патшайым ашты.
1 - оқушы: Ұран: Жаңа ұрпақтарды шабыттандыру
2 - оқушы: Лондондағы Олимпиаданың ресми түрдегі әнұраны ретінде «Мұсе» тобының «Сұрвівал» (қаз. «Өміршеңдік») әні таңдалды. Әнұран Олимпиаданың ашылу салтанатында және жеңімпаздарды марапаттау сәттерінде ойнатылады. Ән алғашқы тақырыптардың бірі болды.
3 - оқушы: Логотип 4 дұрыс бұрышталмаған көпбұрыштардан тұрады, олар Олимпиаданың сандарын білдіреді, яғни — «2», «0», «1», «2». Бір бөлігінде «Лондон» сөзі қосылған, ал басқа бір бөлігінде — олимпиадалық сақиналар орын алған. Логотип төрт түспен берілген нұсқалармен белгілі: көк, сарғылт, жасыл және қызғылт; арасында қара түсті нұсқалары да кездеседі.
4 - оқушы: Ойындар бойтұмарын 2010 жылдың 19 мамырында жариялаған болатын. Автордың мәлімдемесі бойынша, Болтон құрышының екі тамшысынан шыққан Уенлок пен Мандевил болған.
5 - оқушы: 2012 жылы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар жаңа орындарда, әлдеқашан бар және тарихи нысандарда, сонымен қатар заманауи құрылыстарда өткізілетін болады, соның ішіндегі ең танымалы — Гайд Парк пен Атты Гвардия.
Үлкен Лондонның маңында үш аймаққа бөлінген алып спорттық нысандар орналасады.
1. Олимпиадалық аймақ — Олимпиадалық қалашық орналасқан жер;
2. Өзендік аймақ — қала шығысындағы Темза өзенінің айналасы;
3. Орталық аймақ — қаланың орталығы мен батыс аймағы.
6 - оқушы: Жазғы ХХХ Олимпиада Ойындары 27 - шілдеде 2012 жылы Ұлыбритания уақыты бойынша кешкі 21: 00 Лондондағы «Стратфорд» стадионында салтанатты түрде ашылды. Көрініс «Ғажайып аралдары» деп аталды. Олимпиада стадионына жиналған 80 мың көрермен «Олимпиада ашылуын» тамашалады.
7 - оқушы: 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының барлық сайыстары спорттың 26 түрінен және 39 спорттық түр бөліктерінен өтеді: Алты құрлық көз тігіп отырған осы олимпиадаға еліміз зор дайындықпен қатысқалы отыр. Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан спорттың 25 түрінен 115 отандасымыз бақ сынайды. Айта кетерлігі, Биылғы Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары алғаш рет семсерлесу, судағы поло және әйелдер боксынан жолдама ұтып алды.
Адамзатты бейбітшілік пен берекелі тірлікке үндеген, айтулы жарыста ел намысын қорғауға аттанған спортшыларымыз байрақты бәсекеден елге қуанышпен оралды. Ендеше жеңімпаздарымызды слайдпен тамашалайық.
8 - оқушы: Лондондағы 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 2012 жылдың 12 тамызында өтеді. Жабылу салтанатында Борис Джонсонның олимпиадалық туын Лондон мэрі 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын өзіне қабылдайтын Рио - де - Жанейро қаласының мэріне табыстауы көрініс тапты.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдіміз. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді. Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда дей отырып тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.
Олимпиада жеңімпаздары-ұлт мақтанышы
- Нургуль-76
- 16 қаңтар 2013
- 26191
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Олимпиада жеңімпаздары, ұлт мақтанышы
Ұқсас жаңалықтар:
Спорт шеберлері
1. Білімділік: Оқушыларға «Спорт шеберлері» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды...Біздің толағайлар
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы, Саға негізгі мектебі Дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалманов Жарас Рысбаевич...Дарабоз спорттық интеллектуалды сайыс
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы “Бейнеу лицейі”ММ. I -санатты дене шынықтыру мұғалімі Гүлназ Әжібаева Айтжанқызы...«Ы. Алтынсарин - 2013» пәндік олимпиадасы
Құрметті 11 сынып оқушылары! Ректорының грантын ұтып ал! Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде мектеп бітірушілері үшін...Мемлекттік рәміздер- ұлт мақтанышы
Тақырыбы: Мемлекттік рәміздер- ұлт мақтанышы! Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.