Тақырыбы: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ»
Түрі: Танымдық сайыс
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отанды сүюге байлығымызды қорғауғаболашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастырууға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тірек сөздер, слайдтар, көрнекіліктер, оқушы шығармашылық - тарыт. б.
Әдісі: Сұрақ – жауап
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер
Қатынасушылар: 3 - сынып оқушылары
Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Таныстыру
2.«Бәйге»бөлімі
3.«Қасиетті жетілік»бөлімі
4.«Кім тапқыр?»бөлімі
5. Шығармашылық тапсырма. «Отаным менің - Қазақстан»
6.«Көкпар»бөлімі
ІІІ. Қорытынды
Сәлеметсіздер ме ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 3 сыныптың оқушылары арасында өткелі отырған «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер! Алдымен мен сыныптың оқушыларымен сұхбат жүргізейін.
Қымбатты оқушылар! Сіздер 3-ші сынып оқушыларының арасынан келіп отырған білімді, мықты, талапты, ойшыл оқушыларсыздар. Әр сыныптан 3 оқушыдан төрт топқа бөлініп отырсыздар.
Сіздер топтарыңыздың атын, төс белгісін кезектесіп таныстырып кетіңіздер. (оқушылар танысады.)
І - Бөлім: Таныстыру
- Оқушылар: Адам өмірінің 90% жақсылықтан, 10% жаман нәрселерден тұрады екен. Сондықтан бір – бірімізге жақсылық тілеп, мейірім төксек біздің жанымыздан үш жақсы нәрсе табылады екен.
«Ой шақыру» жүргізу.
Оқушылар: Бұл күнде біздің Республикамыз - өз алдына тәуелсіз мемлекет.
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ екенін атап көрсетті. Сондықтанда ұстаздардың міндеті елін, жерін сүйетін, отанын қорғайтын, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу болса, шәкірттердің алдында жақсы оқып, тәрбиелі саналы ұрпақ болу міндеті тұр.
Сонымен: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті
бастайық.
Біздер алдымызда білім сайысына түскелі отырған 3 - сынып зерек те, білгір, тапқыр, ойшыл оқушылары.
Сыныптағы 3 оқушы сайыстың жүйріктері, ал қалған оқушылар жанкүйерлер мен сырт көздің қызметін атқарушылар. Сарапшы ұстаздармен таныстыру.
Алдымен сайыстың ережесін түсіндіріп жіберейін. 1-ші сұрақ оқылады, тыңдап алып қол көтересіздер, жауап орнында отырып айтылмайды, жетонды көтерген 1-ші оқушының аты аталады, сол жауап береді. Әр сұрақтың жауабы 1 ұпайға есептеледі. Дәл толық жауап берген оқушы қоржынына алтын жұлдыздарды жинайды. Яғни 1 ұпай – 1 жұлдызға саналады. 1-ші оқушы білмесе 2-ші оқушы қол көтеріп жауап береді. Сайыстың ережесін түсінсеңіздер, бастаймыз. Бәріңізге табыс тілейміз.
ІІ. Бөлім: «Бәйге»
10 сұрақ топ басшыларына оқылады.
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991. 16. XII)
2. Тұңғыш рет қазақ тарихында кім және қашан ұшты?
(1991. 2 қазан. Тоқтар Әубәкіров)
3. Ел рәміздерін атаңыз? (ту, елтаңба, әнұран)
4. Жүз жасаған жыр алыбы. (Жамбыл)
5. Елтаңбаның негізгі бояуы қандай? (Алтын түстес)
6. Қазақ елінің астанасы? (Астана)
7. Әнұранның авторлары кімдер?(Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Сөзін жазған: Н. Назарбаев Ж. Нәжімеденов)
8. Атырау облысының әкімі кім? (Бергей Рысқалиев)
9. Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)
10. Тудың авторы? (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков) өнер қайраткері
- 3 «б» сынып оқушысы Ақбөбектің биін тамашалаймыз.
ІІІ. Бөлім: «Қасиетті жетілік»
1. Сезім мүшелерін ата? (көз, мұрын, құлақ, тері, тіл)
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге сұрақ?
(не істеді? не қылды? қайтті?)
3. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
4. Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін айт?
5. Қазақтың ұлттық аспаптары? (Домбыра, қобыз, жетіген)
6. Жердің қоршап тұрған ауа қабаты? (Атмосфера)
7. Н. Ә. Назарбаев қай жылы тұңғыш рет елбасы атанды?
(1991 жылы 1желтоқсан)
ҮІ. Бөлім: Кім тапқыр?
(қызықты сауал, қызықты жауап)
1. Атырау жері несімен бағалы?(қара алтынымен - мұнай, қызыл балығымен)
2. Қазақстан туында қандай құс бейнеленген? (бүркіт)
3. Ауылымызда биыл қандай қуаныш болып жатыр? (газ жүргізілуде)
4. Бірдей 9 ыдыста 27кг май бар, осындай 2 ыдысқа қанша май сияды. (9кг)
5. Әнұранның қайырмасын айтып бер.
6. Апай 20 оқулықты 5 сыныпқа тең бөліп берді, әр сынып неше оқулықтан алды? (4)
7. 24-тің жартысы неге тең? (12)
V. Бөлім: Шығармашылық тапсырма
«Отаным менің - Қазақстан»
«Мақтан тұтып Отанымның өткенін,
Тіл қайнардан қанығуға талпынған.
Қазақстан іргелі елге жеткенін,
Көргім келіп арман – оймен алқынған» – дей келе қымбатты оқушылар енді сіздер 3-4 сөйлеммен тұратын «Отаным менің – Қазақстан» тақырыбында өз ойларың мен арман тілектеріңді ақ қағазға түсіре қойыңдар. Қысқа да нұсқа. Аты – жөндеріңді жазасыздар. (Эссе жазу) Ал бір оқушы сол тақырыпта сурет салады.
- Бұл тапсырмалар орындалғанша біздер 3 «в» сынып оқушысы Назеркенің биін тамашалаймыз.
VІ. Бөлім: Көкпар
Мен сіздерге мақал – мәтел айтамын, сіздер мақалдың қалған жалғасын табасыздар.
1. Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
2. Ақыл – тозбайтын тон
Білім – таусылмайтын кен.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
5. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
- 3 «а» сынып оқушысы Рысгүлдің биін тамашалаймыз.
- Саралау, әр топтың жұлдызшаларын санау арқылы ұпай сандарын анықтау.
- Осымен зерек, озық ойлы оқушыларға арналған тапсырмаларымыз аяқталды.
- Сарапшы ұстаздардан шығарған бағасын сұраймыз.
Сарапшылар есептегенше мен жұмысты сырт көзбен жанкүйерлерден сұраймын.
1. Алдыңғы орыннан қай топ көріне білді?
2. Қазақстан қандай ел?
3. Қазақстанның тұғыры биік болуы үшін не істеуіміз қажет?
Сонымен оқушылар бүгінгі «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.
Ертеңгі елдің тірегі,
Бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі,
Келеді өсіп қырандар – деп мен байқауға қатысушыларды ортаға шақырамын.
- Сайыскерлеріміз біздің бүгінгі танымдық сайысымызға шашуларын алып келген екен, тамашалайық.
1. Алғыс хат, марапаттау.
- Талапкерлерге сұрақ беріп, жауап алу.
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Мен жастарға сенемін.
Тәуелсіз еліміздің білімді жастары көбейе берсін! Білім берер ұстаздарымыз аман болсын.!
Әнұран орындалады
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
- Нуршат
- 5 қаңтар 2013
- 18281
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәуелсіздік, тәрбие сағаты, отан, туған жер, тіл, желтоқсан
Ұқсас жаңалықтар:
Менің Отаным
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін...Тәуелсіздік ел тірегі - білімді ұрпақ
Қалибекова Аспет Сағатбекқызы...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
Тақырыбы: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» Түрі: Танымдық сайыс Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру....Тәуелсіздік ел тірегі-білімді ұрпақ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы Тәрбие сағатының...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.