Сайтқа кіру Тіркелу

Құс мерекесі

Тақырыбы: Құс мерекесі
Түрі: сайыс
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Оқушылардың құстар туралы
ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын,
көлін, табиғатын сүюге баулу.
Көрнекілігі: Альбомдар, суреттер, плакаттар, эмблема, көрме.

Жүрісі: I. Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сынып сағатына аудару.
II. Негізгі кезең
Жоспары: 1. Қатысушы топтармен танысу
2. Келген қонақтармен танысу
3. Қорытындылау

III. Ойын жүрісі: 1. Таныстыру.
2. Құстар туралы ән айту.
3. Құс суретін бейнелеу. (сол жерде)
4. Сән үлгісі. (құстың бейнесін көрсету)
5. Құстар туралы болжамдар айту.
6. Сұрақтарға жауап.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Міне, біздің досымыз – құстар да жылы жаққа қайта бастады. Біздің халқымыз кең далада, табиғаты көркем, құстары бай далада өскен. Жалпы жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі болса, біздің Республикамызда-174 құстың түрі бар.
Енді 3 «б» сыныбының құстар күніне арналған «Құстар көрмесі» атты сынып сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ән: «Көктем вальсі»
Ән аяқтала бере, өңірлеріне белгі таққан екі топ ортаға шығады. Әр топта бес оқушыдан. Қалған оқушыларды әділқазылар алқасы етіп сайлаймыз.
І- топ: «Қарлығаш».
ІІ- топ: «Көгершін».
І. Таныстыру:
1. Екі топ өздерінің неліктен құстардың атауларын алғандығы туралы сөз қозғайды.
ІІ. Құстар туралы ән:
І- топ: «Құстар әні» әнін орындайды.
ІІ- топ: «Ақ көгершін» әнін орындайды.

ІІІ. Құс суретін бейнелеу:
Оқушыларға түрлі-түсті қарындаштар мен қағаз беріледі.
І- топ оқушыларына «аққудың» суретін салу тапсырылады.
ІІ- топ оқушыларына «тырнаның» суретін салады. (тапсырманы орындау үшін 10 минут беріледі).

IY. Сән үлгісі:
Оқушылар пакеттен тіккен киім үлгілерін көрсетеді.
І- топ оқушылары: Әтеш, балапан, аққу, бұлбұл болып киінген.
ІІ- топ оқушылары: Қарға, қаз, көгершін, сауысқан киімін киген.
Y. Болжамдар айту:
І- топ: 1. Шағала келсе, сең бұзылады.
2. Жыл құсы қаптап келсе, көктем тез шығады.
3. Көкек қатты, әрі жиі шақырса-көн жылынады.

ІІ- топ:
1. Қарлығаш өрлеп ұшса-күн жылы, құрғақ болады.
2. Бозторғай ән салса, күн ашық, үнсіз жүрсе жауын жауады.
3. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауынды-шашынды болады.

YІ. Сұрақтарға жауап:
І- топ: 1. Қанатты орман жыртқышын ата. ( қаршыға)
2. Көктемде алғаш ұшып келетін құс. ( ұзақ)
3. Өте сақ, ұзын сирақты, ұзын мойынды құс. (тырна)
4. Киелі құсты ата. (аққу)

ІІ- топ: 1. Үй құстарын ата. (тауық, үйрек, қаз, күркетауық)
2. Бейбітшілік құсын ата. ( көгершін)
3. Ірі сұңқарлар өкілі. (лашын)
4. Бауыры қара, маңдайының үстінде ақ белгісі бар қара құс. (қасқалдақ)

Y. Қорытынды.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар!Бүгінгі сайысымыз өз
мәресіне жетті. Екі топтың оқушылары да ізденіп, үлкен дайындықпен келгендігі көрініп-ақ тұр. Екі топтың құрамындағы оқушыларға рақметімді әділқазылардың атынан айтып, марапаттаймын.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×