Астана қаласы,
№ 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Нурбекова Асемгул Казымбековна
тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мен ризамын бәріне.
Мақсаты: сыйластық қарым-қатынасы, әдептілік жайында әңгімелеу. Өзіне қамқорлық жасаушыларға ризашылығын білдіріп отыруға және балаларды биязы, инабатты, ізетті, сыпайы, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Өтілу барысы:
/дөңгелек үстел/
Мұғалім: Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз. Сондықтан да біз бірге шеңбер құрып «Ризашылық»әнін орындайық:
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
- Барлығымыз пікірлесу, өз ойымызды ортаға салу үшін дөңгелек үстел маңына жайғасайық.
/ой толғаныс, сұрақ-жауап алу/
Түрлі ой салатындай тақырыптар беріп әр оқушының ойын тыңдау.
- Балалар алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендер өздерің ризашылықтарыңды, алғыстарыңды қандай сөздермен білдіресіңдер?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Сен кімге және не үшін ризасың?
Осы кезде оқушылар өздері қалаған нәрсенің суретін салып теріс жағына тілегін білдіріп өзінің ризашылығын білдіру мақсатында таратады.
Біздің тілек
Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп-мөлдір.
Қуанышқа тұр бөлеп,
Бақытты өмір төккен нұр.
Тыныш болып жер беті,
Түршікпесін денеміз.
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз.
Хор «Біз бақытты баламыз» әні
- Әдепті бала биязы, инабатты, ізетті, тәртіпті болады:
Оқушы: Әдеп, ізет, иба да -
Шарайнасы жаныңның
Әдептіні сыйла да
Тәңіріңдей табынған.
Оқушы:
Жетелейтін мұратқа.
Әдеп – талап, жалының,
Ақ желкенін құлатпа.
Көрініс көрсету арқылы жағдаяттарды шешу:
1- жағдаят: «автобуста»
2- жағдаят: «көшеде»
3- Жағдаят: «үйде»
Балалар осылардан қандай ризашылық білдіріп жатқан сәттерін көре алдыңдар онда сол туралы әңгімелейік.
Олай болса тәртіпті, әдепті балаға ризашылықты көп білдіреді екен сендерде сондай болуға тырысады деген сенім мен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Мен ризамын бәріне
- Жанасыл
- 3 желтоқсан 2012
- 18900
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әдептілік жайында, тәрбие сағаты, мен ризамын, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Ризашылық пен алғыс
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;...Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, есептер шығар ...
Жалпы мақсаттар: Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау туралы білімді толықтырады, есептер шығару арқылы...Өмірге риза болып, алғыс айт!
Мақсаты: Ата - аналармен еркін қарым - қатынас жасай отырып, «алғыс айту», «ризашылық білдіру» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе...Ана тілі – жүрек үні
Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, Қуат Терібаев атындағы орта мектебінің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі М. Тұрсынғазы...Ыдыстар
Мақсаты: Ыдыстардың түрлері және оның қызметі туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Мүсіндеу іскерлік дағдыларын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.