Сайтқа кіру Тіркелу

Адалдық пен адамдық

Сабақтың тақырыбы: Адалдық пен адамдық.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, адалдық сезімдерін ұғындыру.
1. Білімділік: адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
2. Дамытушылық: Сезім шынайылығымен ар - намыс тазалығы туралы мақал - мәтелдер, өзіндік ой - пікірлерімен бөлісу арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. Өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой - пікірлерін кеңейту; көркем шығармадағы және қоршаған ортадағы достық қарым – қатынастың көріністерін бағалау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндірмелі – иллюстративті, практикалық.
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар, оқулықтар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, информатика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Оқушылардың көңіл - күйлеріне назар аудару.
- Сәлеметсіздер ме балалар.
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырады. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлайды
1 слайд
«Шаттық шеңбері»

«Адалдық»
Д. Әлімжанов

Адалдық өміріңе керек нәрсе,
Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.

ІІ. Жаңа білім беру кезеңі (10 мин)
2 слайд Әңгімелесуді мұғалім тақтаға «адалдық, әділдік» сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып, құндылық мәнін аша түсуден бастайды. Оқушылар әділдік бойынша әр оқушы өзі жазып шығады. Берілген сауалдарға оқушылар өз пікірлерін жеткізеді.
- Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.
Әңгімелесу.
• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
• Неліктен?

3 cлайд (3 мин)
Видеоролик көрсетіледі

ІІІ. Оқулықпен жұмыс (7 мин).
4 слайд «Адал бала” корей ертегісі
Мәтінді талдау
Ой бөлісейік:
• Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?
• Оларды бірден алса, не болар еді?
• Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?
5 слайд (3 мин)
Тренинг
(Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет
шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды. )

ІV. Дәйексөзбен жұмыс (4 мин 6 слайд)
«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді»
«Алдау – зұлымдық, Алдану - ақымақтық»
«Әділ сөйлеп, адал жүр».

V. Жағдаяттарды талдау (5 мин 7 слайд)
1 – жағдаят
Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді.
Алмагүл:
- Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой - деп, іркіліп қалды.
- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз.
* Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?

2 - жағдаят
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек.
* Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Рефлексия (2 мин)
Сабақтан не түсіндік?
Не ұнады?
Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
7 слайд
Жүректен жүрекке (2 мин)
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.
Жүректен - жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×