Сыныбы: 4
Ашық тәрбие сағаты: «Жарқын болашақ» интеллектуалды ойын
Мақсаты: оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету
Сабақты түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: тест, сұрақ - жауап, ой қозғау
1 - Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар және білім алушылар!
2 - Жүргізуші:
Қазақ тілі апталығының басталуына орай бүгінгі «Жарқын болашақ» атты интеллектуалды ойын - сайысына қош келдіңіздер!
1 - Жүргізуші:
Бүгінгі «Жарқын болашақ» интеллектуалды ойын - сайысымызға 4 - сыныптың жарқын да батыл, білімді де білгір оқушыларымыз қатысқалы отыр. Олар өздерінің білетіндерін ортаға салып, топ болып жұмыла жұмыс істеуге дайын жандар!
2 - Жүргізуші:
Ендеше, ортаға 4г - сынып оқушыларынан құралған бірінші топты «шақырамыз. Қошеметпен қарсы алайық.
Топтың аты: Тау
Топқа қатысушылар:
Топ ұраны: Таудай биік білімдіміз
Жеңіске де тез жетеміз
4Г - сыныптан «Күн» тобы
Топтың аты: Күн
Топқа қатысушылар:
Топ ұраны: Күн нұрындай жылу шашқан жалынбыз
Жеңеміз біз, бұл ойынға дайынбыз
4«Д» сыныптан «Жер» тобы.
Топтың аты: Жер
Топқа қатысушылар:
Топ ұраны: Әп - әдемі жерден біз
Жеңіс үшін келгенбіз
4Д - сыныптан «Ай» тобы
Топтың аты: Ай
Топқа қатысушылар:
Топ ұраны: Аспандағы жарық аймыз
Біліммен де біздер баймыз
1 - Жүргізуші:
Сайысқа қатысушылар өз топ аттарын және ұрандарын айтты. Олар бүгінгі сайысқа дайын ба, сұрап көрейік. Қатысушы топтар, сендер сайысқа дайынсыңдар ма?
Дайынбыз
Сендерге сәттілік!
Рахмет!
2 - Жүргізуші:
Топтар дайын болса, инттеллектуалды ойынымызды бастамас бұрын
Әділ қазы ақ қазыға бер сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, - дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырайық!
1 - Жүргізуші:
Бүгінгі сайыс төрт асудан тұрады.
1 кезең. Бәйге
2 кезең. Дода
3 кезең. Жорға
4 кезең. Көкпар
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
2 - Жүргізуші:
І. «БӘЙГЕ»
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Бәйге» тур да сайыскер жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап, өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын
1 - Жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.
2 - Жүргізуші:
Шарты: Берілген тест сұрақтарына жылдам жауап береміз. Тест 12 сұрақтан тұрады.
1. Қазақстан Республикасының Ту авторы?
А) Н. Назарбаев
Ә) Шәкен Ниязбеков
Б) Жандарбек Мәлібеков
2. Қазақстанның астаналары қанша?
А) 4
Ә) 3
Б) 2
3. ҚР Президентінің жұмыс орны?
А) Бәйтерек
Ә) Ханшатыр
Б) Ақорда
4. Қазақстанның рәміздері?
А) Елтаңба, Заң
Ә) Ту, Елтаңба, Гимн
Б) Гимн, Ту, Елбасы
5. Қазақстандағы теңіз
А) Балқаш
Ә) Сырдария
Б) Каспий
6. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?
А) 9
Ә) 12
Б) 5
7. Болашақта Қазақстан қандай әліпбиге көшеді?
А) Кириллица
Ә) Иероглиф
Б) Латын
8. Қазақстан қандай мемлекет?
А) тәуелді
Ә) тәуелсіз
Б) кішкентай
9. Қазақстанның табиғаты әдемі қала
А) Көкшетау
Ә) Семей
Б) Қызылорда
10. Талдықорған қаласы қай облысқа жатады?
А) Ақмола облысы
Ә) Қызылорда облысы
Б) Алматы облысы
11. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
А) Түркіменстан, Ресей, Қытай
Ә) Үндістан, Әзірбайжан, Түркия
Б) Қытай, Англия, Монғолия
12. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қашан?
А) 25 қазан
Ә) 16 желтоқсан
Б) 6 шілде
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
1 - Жүргізуші:
ІІ. «ДОДА»
1 - Жүргізуші: Бұл кезеңнің шарты: оқушыларға жапсырылған дыбыстардан орысша айтылған сөздің аудармасын көрсету керек. Бұл ойынды ойнауға 2 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде қанша сөз тапса, сонша ұпай саны беріледі. Мақсаты: жылдам жұмыс жасау арқылы сөзді дұрыс аудару
І
Т А Р А Қ
Б С З Ы Ж
/Қара, ара, тар, қар, тақ, тара, қатар, атақ, бар, бақ, тас, рас, сары, тары, арық, қыз, таз, қаз, жаз, жарты, жатыр/
ІІ
С А Б А Қ
Л Е Т У Ғ
/Бала, ақ, лақ, бақ, ас, лас, тас, ат, тақ, сақ, атақ, қате, бес, ет, бет, бел, сағат, аға, бақа, тау, ту, ауа, елу, су, қуат/
ІІІ
Ү Л К Е Н
М Е З Ө С
/Үлкен, өзен, мен, кес, сөмке, не, ел, кеме, өз, кел, сөн, күл, күн, күз, көл, кес/
ІV.
К Ү Н Д Е
Т Е П С О
/Күнде, түн, күн, доп, теп, кет, дүкен, сен, түс, ет, есек, кес, еден, күт, от, он, топ, тон/
1 - Жүргізуші:
Осымен «Дода» кезеңі де аяқталды. Алдыда 3 кезең - Жорға
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
ІІІ. ”ЖОРҒА»
Сайыскерлер, білімге қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Қазақстан туралы не білесің?
Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.
2 - Жүргізуші:
Бұл кезеңде «Қазақстан туралы не білемін?» деген сұраққа жауап беру үшін әр топтағы әр оқушы білетіндерін айтып өтеді. Бұл кезеңде оқушылардың сөздік қоры, ойын еркін жеткізе алуы, сөйлемдерді дұрыс құрай алуы сыналады. Оқушылар дайындалу үшін 1 минут беріледі.
1 - Жүргізуші:
ІV. «КӨКПАР»
ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ
Соңғы кезең – Көкпар. Бұл ойынның шарты: Қазақ тілінде айтылған сөзді әр оқушы кезекпен дұрыс айтып шығу. Мысалы: байлық
Бұл ойында оқушылардың Орфографиясы, яғни жазу сауаттылығы сыналады.
Бүгін, Елтаңба.
Ертең, Орынбор
Сәнді, тәуелсіз
Рәміз, сәулетті
2 - Жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділ қазы бағалайды сіздерді
Жеңіс - мәре жақын ба, әлде алыс па
1 - Жүргізуші:
Қазылар алқасы қорытынды ұпайын шығарғанша, көрермендермен ойын ойнайық. Сұрақтар қойылады. Берілген сұраққа жауап берген оқушы сыйлық алады.
Республика күні қашан?
1 желтоқсан қандай күні?
Латын әліпбиіне қашан толығымен көшеді?
Қазақстанның көлдерін ата
Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі?
Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл болды? 26
ҚР - ның Елтаңба авторлары. Шота – Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
ҚР - ның Гимн авторлары.
Отан туралы мақал - мәтел айт
2 - Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Ортаға әділ қазылар алқасын шақырайық! Әділқазылар алқасы жарыс қорытындысын айтады.
1 - Жүргізуші:
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Білімділер көбейсін күннен – күнге,
Келе берсін қонақтар ғарыштан да.
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда
Білім алушылар, көрермендер
Бәрің де аман болыңдар!
Осымен сайыс байқауымыз аяқталды! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
«Жарқын болашақ» интеллектуалды ойын
- ramuk_b
- 31 тамыз 2019
- 2111
- 0
- 0
Ілмек сөздер: «Жарқын болашақ» интеллектуалды ойын, ашық тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Аяулы күз, алтын күз!
Көк аспаным мөлдіреп, Шуақты көзім елжіреп Асыр салып жүретін Сары көйлегім желбіреп, Айтшы Нұртуған Бұл қай мезгілдің келгені....Жүйріктен жүйрік озар - жарысқанда
Қарағанды қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Аязбаев Асет Муратович...Жас тарихшы танымдық білім сайысы
Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...«ЗЕРДЕ» интеллектуалдық - танымдық ойыны
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы, «Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш...«Қазақ елім- Отаным»
Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.