Сайтқа кіру Тіркелу

Жаңа жылдық маскарад

Қызылорда облысы, Шиелі кенті
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі

«Жаңа жылдық маскарад»
5- сыныптар
Музыка ойнап тұрады.
1- Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады)
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,
Басталады Жаңа жылдық маскарад,
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,
Басталады, басталады, жаңа жылдық маскарад!
(Он екі жыл иелерімен бірге аудан әкімі мырза кіреді.)
2- жүргізуші: - Оу,ағайын келіңдер!

Бүгін бізде- Жаңа жыл,
Қызықтаңдар,көріңдер!
Клоун :(айқайлап келеді) - Алақай.алақай!Жаңа жыл келеді!Алыстан өз шанасына мініп зырғып келеді.
Тауық: (жылап келеді) - Біздің жаңа жылды мыстан кемпір қамап қойды.
1- жүргізуші: - Жарайды жылама! Біз саған жаңа жылды құтқаруға көмектесеміз!
Маймыл: - Балалар,мен жаңа жылдан кешігіп қалған жоқпын ба? Туу,шаршап кеттім ғой. Оу, балалар, Аяз ата, Ақшақарларың қайда? Балалар ,қайда кеткен бәрі? Балалар мен ешкімді көріп тұрған жоқпын! Неге бәрің көңілсізсіңдер?
Клоун : - Маймыл аға, ассалаумағалейкум! Қош келдіңіз!Сіз естімеген екенсіз ғой?! Жаңа жылды мыстан кемпір ұстап, қамауға алыпты. Енді не істейтінімізді білмей тұрғанымыз?

Маймыл: - Онда неге тұрмыз? Жаңа жылды бәріміз бірге құтқарайық! Олай болса,біз көмекке Аяз атаны, Ақшақар қызды,қалған жыл басыларын шақырайық! Бізге жаңа жылды құтқаруға көмекке келсін! Қане,балалар,бәріміз бірге айқайлайық!
Барлығы бірге: - Аяз ата а-у-у-у-у-у-у,Аяз ата а-у-у-у-у,
(Осы кезде Мыстан кемпір ұшып кіреді)

Мыстан: -Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?! О,о,о мынау не, бұл жерде не болып жатыр а, мен неге білмеймін?! (өтірік таңқалған болып) - Сендердің жаңа жылдарыңды мен қамап қойғанмын, ал сендер Аяз атаны шақырып жатырсыңдар, қандай күлкілі, ха-ха-ха-ха!
- Ауданның құрметті адамын шақырып алып, менсіз, мына - мыстан кемпірсіз жаңа жыл тойлағыларың келді ма? Мен сендерге қазір көрсетемін!
Клоун: - Оу,мыстан кемпір оның не ? Қане,босат біздің жаңа жылды. Біздің балалар жаңа жылды асыға күтіп отыр.
Мыстан: - Жо - жоқ,мен оңайлықпен босата қоймаспын. Менің сендерге қояр шартым бар! Соларды орындасаңдар ғана жаңа жылды босатамын.
Қоян: - Ауданымызды басқарып отырған құрметті азаматымыз барда біз сенен қорықпаймыз, саған қарсы шығуға біздің күш-жігеріміз жетер.
Сиыр: - Ал, сен, мыстан кемпір біздің қонағымыздың қандай адам екенін білесің бе?
Мыстан: - Білгенде қандай, мен өткен жылы да оның отбасылық жаңа жылдық шыршасының шырқын бұзғанмын, мен оның баласын ұрлаған болатынмын.ха-ха-ха.

Мешін: - Біздің әкім мырза сенен қорықпайды, ол қандай қиындық болмасын жеңіп шығады, мойымайды, сенен де күшті, айлалы адамдарды жеңіп, ауданымыз Шиеліні көркейтіп, көгалдандырып, гүлдендіріп жатыр.
Қой: - Оу, мыстан, қояр шартыңды айт, бағымызды сынап көрелік.
Мыстан: - Сендердің білетіндерің партада отырып алып жазу мен сызу ғана ғой. Ал сендер осы Шиелі жерінің тарихынан не білесіңдер, маған соны айтып беріңдер, бұл менің бірінші шартым.

Тышқан: - Сонау 1928 жылы іргетасы қаланып, жеке отау құрған аудан өз тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді, ғасырларға тең өсу, өркендеу жылдарының куәсі болды.
Жылан: - Шиелі өңірінен ұлтымыз ұлағат тұтқан азаматтар көптеп шыққан. Алты алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқай, дала академигі атанған даңғайыр диқан, екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев, сыр сүлейлері Бұдабай, Нартай мен Мәнсүр , қазақ ғылымының, әдебиетінің, мәдениетінің көрнекті өкілдері Әбділдә Тәжібаев, Шахмардан Есенов, Әуелбек Қоңыратбаев, Асқар Жұмаділдаев сынды азаматтарымыз шыққан Шиелі өлкесінің халық аузында «киелі» атануы бекер емес.

Мыстан: - Керемет, сендер Шиелі жайлы біраз нәрсе біледі екенсіңдер ғой, (қуланып) ал, мына тұрған әкімдеріңнің жеткен жетістігі жайлы не білесіңдер? Ай , оны сендер біле қоймассыңдар.
Жылқы: - Қоян жылындағы жеткен жетістігінің өзін айтып тауыса алмаспыз, тек басты - бастысын айтып өтейін. Биыл жерлесіміз, даңқты диқаншы Ыбырай атамыздың 120 жылдық мерейтойын осы әкіміміздің арқасында Республика деңгейінде атап өттік.
Доңыз: - Қызылорда облысындағы барлық аудандар ішінен «ең үздік аудан» деген номинация жеңіп алдық.
Тауық: - Осы жылы мырзамыз Елбасымыз тағайындаған «Құрмет орденімен» марапатталды.

Мыстан: - Керемет, сендер өте білімді, тапқыр, болашағынан көп үміт күттірер балалар екенсіңдер. Сендерге зиянымның тигеніне ренжімеңдер, сендердің жаңа жылдарыңды мен қазір әкеліп берейін, бірақ мен де сендермен бірге ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алайыншы, рұқсат па?
Клоун: - Жаңа жылды әкеліп берсең біз сені кешіреміз, бірге той тойлап, би билейміз.
Уақыт.(әндетіп). Уақыт деген жүйрікпін:
Тоқтамастан құйғыттым.
Жаңа жылға жақынмын,
Жарандар той, сый күтсін!
Уа,адамдар,аман ба?
Көз салыңдар маған да!
Пайдаланып қалыңдар:
Мен қымбатпын әманда!
Тірліктіге - бақытпын,
Бірлікшілге - шаттықпын!
Еселенген өмірді

Есептеген уақытпын!
(Уақыт жүріп бара жатып микрофон арқылы Жаңа жылмен хабарласады.)
Алло,Алло!Жаңа жыл!
Саған дайын жаңа жыр!
Уақытымды көңілді:
Жалғастырам өмірді!
Ау,Ұлу жыл,жарқыным!
Мен өзіңе жақынмын.
Бар адамға қуаныш
Алып келе жатырмын!

Дауыс. - Уа,құдіретті де,құрметті Уақыт амансың ба? Мен - Жаңа Ұлу жылымын. Мен бүгін кешікпей жетемін бе деп жолға шығып едім, мыстан кемпір қамап қойып, қазір ғана босатты. Мен барғанша жер ана да, шырша да жайнап тұрсын.Барлық адамға бақыт болып келемін. Қымбатты уақыт, Желтоқсанның соңғы күнін салтанатпен өткіз. Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды. Құрметте оны! Абай бол! Жылдардың арқауы үзілмесін!

Уақыт. - Рас айтасың, жақсылығы мол, Жаңа жылым! Ер жүрек елім аман болса,әрбір минутымды бақытты өткіземін. Көк - жасыл көңілді көктем,жадыраған жаз,жемісті Алтын күз бақытты болып өтті.Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.
1-жүргізуші: - Армысыздар ардақты ағайын, Құрметті қонақтар!
2- жүргізуші:- Бармысыздар, замандас, бауырлар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Тіпті, аудан әкімі де келіпті. Сонда, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: - Жаңа жыл!

1- жүргізуші: - Міне, Жаңа 2012 жыл да келді. Ал 2011 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.
1-жүргізуші: - Жаңа жылдық маскарадымызды ашудағы құттықтау сөз ауданымыздың әкімі, құрметті азамат Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаев мырзаға беріледі.

1-жүргізуші: - Ал енді балалар, құрметті қонағымызбен бірге, бәріміз Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
Барлығы бірге: - Аяз ата а-у-у-у-у-у-у, Аяз ата а-у-у-у-у.
(Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.)
Ақшақар: - Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.
Аяз Ата: - Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар: - Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: - Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы,біз тойға келдік!

Кәне,балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға
Барша балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады)

Аяз Ата: - Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. (Ақшақар басын көтермей тұрады.)
Аяз Ата: - Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайьқ.
(Сол кезде Ақшақар жылап жібереді)
Ақшақар: - Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
Аяз Ата: - Бұл шыршаны мен өзімнің таяғыммен –ақ жаға саламын, ал сен ,Ақшақар, көп мұңая бермегейсің.
Ақшақар: -Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Клоун: - Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді?

Ақшақар: - Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Клоун: -Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатыпқанда қалтасынан білдірмей мына бір таяқшаны суырып алып едім, сол емес пе екен?
Аяз Ата: -Жарайсыңдар, балалар!
Клоун: -Кәне,біз де шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ.
Балалар: -Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Аяз Ата мен Ақшақар шыршаның шамдарын жағады.
2-жүргізуші:

О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Қызықтаңдар, сайрандаңдар,
Келді, міне , сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Маскарадым басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар , сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып
1-жүргізуші:

Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп келіп тұр!
Бойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.

Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін , мәртебесін биікке асыр.
Балалар: - Қош елдің, Жаңа жылым қазағыма
ӘН: .....................................................................................................................

Хор «Шырша» әні орындалады
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп - ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Кім көп тақпақ біледі,
Атаның сыйлығын сол алады.

1-оқушы: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт –береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Ән тыңдасам мен бүгін,
Зияным тимес, халайық.

ӘН. Әлиев Нұржан «Егемен елім»
Тиын: Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
1) «Боксерлер» қолғабы .
1) Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.
2) 1 минут ішінде ұлдарға қыздар көйлек кигізіп, қолғаппен түймесін түймелеу керек.
Түлкі: Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!

Аю, қоян:- Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі: Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.

«Түрік биі» 5 «А» сынып қыздары.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Тиын: Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар - ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар.

Ән: «Ертегілер елінде» 5 « » сынып оқушылары
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр:Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын!
Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайъқ
Бәpi: Жаңа жыл құтты болсын !
Достығымыз мықты болсын!
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!

Аяз Ата: -Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бip қуантып, тастадыңдар. Ақшақар екеуміздің сіздерге арнап алып келген сыйлықтарымыз бар еді, енді соларды берелік.
2-оқушы: Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Қуанышпен келді той боп Жаңа Жыл
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым !
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

ӘН:......................................................................................................................................
3-оқушы: Армысың, аманысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Сиыр жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
ӘН:……………………………………………………………………………………….
4-оқушы: Достар, достар!
Тағы да бір жыл жаңа
Қадам басты, ұрлана да нұрлана
Жүректерде лүпілдейді жас үміт.
Ашылады – шашылады бүр жаңа
Кәне. Достар, көтерейік иықты
Аңсайықшы қыран самғар биікті

ӘН:……………………………………………………………………………………….
Аяз Ата: - Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңның шаршаған басылып, келер жылғы жаңа жылдық мерекеге дейін жақсы көңіл-күйде болатын болдым.
Мыстан: - Аяз ата, жаңа жылдық шыршаның қызықты өтуіне мен де атсалыссам деймін. Өздері өте білімді, алғыр, тапқыр балалар көрінеді, менің жасырған жұмбағымды таба алар ма екен?
Мыстан кемпірдің жасырған жұмбақтары:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)

Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)

Мыстан: - Жарайсьңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Ал енді ойын ойнағанға қалай қарайсыңдар?!
2) «Шырша» ойыны. Мен қандай сұрақ қойсам да, сіздер «шырша» деп жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзіме күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар өз айыбын өтеу үшін өлең немесе тақпақ айтады, би билейді. Сонымен сұраққа көшеміз.
1. Атың кім?
2. Нешедесің?

3. Сынып жетекшің бар ма?
4. Қасыңдағы мұғалімің кім?
5. Қай мектепте оқисың?
6. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?
7. Досың кім?
8. Сабақта үлгерімің қандай?
9. Тұратын қалаңның аты қандай?
10. Аяғыңа не киесің?

Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын

Сау болыңдар, балалар!
(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Мыстан: - ООО, Мен де кеттім балалар, басқа жақтың Жаңа жылын да тамашалап қайтамын.
Балалар: - Сау болыңыздар!
Уақыт: Қош келдің, Жаңа жылым,
Көп болар жаңалығың
Саған жыл бақ сый еттім.

Жаңа нұр күттім, досым,
Жаңа жыл құтты болсын !
Ұлу Жылы: Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
Оқушының құттықтау сөзі:

1-жүргізуші:- Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
2-жүргізуші: -Жаңа жыл- Ұлу жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
Хор: ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Құтты болсын жаңа жыл!

Құтты болсын жаңа жыл!

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың карнавалдық...
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр

Жаңа Жыл - Жаңа Жыр

Жаңа Жыл - Жаңа Жыр 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын....
Жаңа жыл мерекесі

Жаңа жыл мерекесі

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан жылқы жылы мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер....
Жаңа жылдық сценарий 2025 жыл

Жаңа жылдық сценарий 2025 жыл

Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл қалама Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер Би билеп ән салып беріңіздер!...
Қош келдің жаңа жыл!

Қош келдің жаңа жыл!

Тақырыбы: Қош келдің жаңа жыл! Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×