Тақырыбы: «Балаға жылулық сыйла»
Мақсаты:Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Әңгімелесу
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?
Мәтінмен жұмыс «Сары тауық пен балапандары» М.Төрежанов
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе ?Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен,-деді тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
Пікірлесу
- Сары тауық өз балпандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Ойын «Мейірімді жүрек»
Шарты: Балара үлкен шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушы жүрекшені ұстап тұрып:
«Балардың мейірбандық жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі», - деп айтады.
Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиеттерін білідіретін жылы сөздер айтады.( Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың!)
Жаңа ақпарат
«Мейірімділік» ― адамдар бір-бріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алу.
Тапсырма
«Мейірімділік» кестесін құру
Мейірімді істер Мейірімді адамның қасиеттері
Қорытындылау, жүректен-жүрекке
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!
Тәрбие сағаты "Балаға жылулық сыйла"
- Жомартова
- 7 ақпан 2022
- 43453
- 0
- 100
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, мейірімділік, қайырымдылық
Ұқсас жаңалықтар:
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімді адам өзге адамға, тума - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. “Табиғаттағы барлық жылу –...Мейірімділік - асыл қасиет
Міндеттері: - мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту;...Мейірімділік - асыл қасиет
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Сатыбалды ОЖББ мектебінің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Ләйлә Амангелдіқызы...Өзін-өзі тану сабағы
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы №17 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Шамиғанова Алмагүл Манапқызы...Мейірімділік жүректен
Жанна Тымбаева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.