Ынтымақты отбасы
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау.
Отбасы - отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа, мейірімділікке ата аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: Ата – аналар мен балалармен сайыс түрлері өтеді.
Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер жазылған плакаттар. «Менің отбасым» тақырыбындағы шығармалар көрмесі және слайдтар таныстырылады.
Барысы:
«Қарт пен бала әңгімесі» (аңыз әңгімеден қойылым)
Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:-
Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.
Қарт:- Балам, мен 47 мектепте болғалы жатқан «Ынтымақты отбасы» атты тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың, — дей бергенде:
Бала:— Ата маған сұрақ қойыңызшы, — деді бала.
Қарт:-- Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Бала:- Ата, үйдің алтын қазығы – бала.
Қарт:- Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – АНА. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа.
Бала: Ата, әке сонда кім?
Қарт: «Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ»деген. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Перзент жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата - анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.
Ынтымақты отбасы. жүктеу
Ынтымақты отбасы
- aiboll
- 7 ақпан 2018
- 3257
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отбасы, отбасы мүшелері, отбасым бақыт мекені, ынтымақ пен ұйымшылдық
Ұқсас жаңалықтар:
Менің отбасым
Отан отбасыдан басталады деп бекер айтпаса керек. Отанның бір кішкентай бөлшегі ол отбасы....Отбасы – өмір аясы
Ата - аналар мен тәрбиеленушілерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау, отбасы – Отанның...Ынтымақты отбасы
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернаты тәрбиешісі Абишева Нұргүл Шаймерденқызы...Ардақта ата-анаңды!
Мақсаты: Білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;...Ынтымақты отбасы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы Мүберекова Шынар Тыныштыққызы Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.