Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады. Қол жуғанда қолдың әрбір саусағын жеке - жеке жуады.
Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады. Жақты таянбайды. Қайғы - қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.
Тыйымдар Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады. Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан кейін үйден күл шығармайды.