Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
АДАМНЫҢ ІС - ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
Тыйымдар
Ер адам төрге қарап жүрелеп отырмайды, өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда қырық адамның жолын оңғарады.
Ауылға атпен шауып келуге, үйге жүгіріп кіруге болмайды. Бұл қауіп - қатер не адам шығынының хабары деген жаман ырымға саналады.
Егер сүйінші хабар болса, шауып келуге болады. Бірақ «Сүйінші, сүйінші» деп айқайлап келу керек.
Қайғылы, қазалы хабарды естірткенде немесе жаназаға шақырғанда атпен шауып келіп, шеткі үйге ғана хабарлайды. Ол үйдің иесі басқаларға хабарлауға тиіс.
Кісі ақысын жеуге болмайды. Кісі ақысын жеген адам о дүниеде тозаққа барады.
Жақын адамға мысық берсе, аралары суысып кетеді.
Құлаған үйдің, мал қораның ішінде адам дәретке отырмайды, киесі ұрады.
Жақын адамдарға пышақ, мылтық сыйламайды.
Күн батар алдында ұйықтауға болмайды. Батар күнмен жарысып ұйықтаған жаман ырымға саналады.
Түн ішінде тырнақ алмайды. Бұлай еткенде қол кесіліп кетуі, тамаққа тырнақ ұшып түсуі мүмкін.
Тырнақ пен шашты баспайды, отқа тастамайды, оларды адам баспайтын жерге көмеді.
Кірдің суын басуға болмайды. Барлық жаманшылық кірдің суымен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
Басты маңдайдан бастап жуады. Өйткені жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады.
Таяққа сүйенуге болмайды. Себебі жақыны қайтыс болған ер адамдар ғана таяққа сүйенген.
Бейіт тұсынан шауып өтуге, бейітке қарап қолды шошайтуға, оған қарап түзге отыруға болмайды. Өйткені бейіт киелі жер.
Өтірік жылауға болмайды. Бұл – қайғы - қасірет шақыратын жаман ырым.
Дәретханаға кіргенде сөйлеуге, күлуге болмайды. Дәретханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек. Бойымдағы ауыртпалық дәретханада қалсын деп, сол аяқпен кіріп, жақсылықтың бәрі алдымнан жолықсын деп, оң аяқпен шығу жақсы ырым саналады.
Түнде су алуға болмайды. Ал бара қалған жағдайда «Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер» деп, суға үш рет кесек лақтырып барып алған жөн.
Адамға мылтық оқтануға болмайды.
Шелектегі суға ауызды батыруға болмайды.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар
- ramuk_b
- 13 тамыз 2020
- 1733
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тиымдар, ырымдар, қазақ халқының ырымдары мен тиымдары
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Тыйымдар Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады. Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан...Ысқырма
Әбілет пен Тәбілет балаларын үйге шақырғанда ысқырады екен. Ысқырықты естігенде жын - пері, диюлар әке - шешесіне қарай асығатын болыпты....Құйылған тегін ақша құт болмайды
Құйылған тегін ақша құт болмайды, Ешқашан еңбекшіл қол сұқ болмайды. Тер төккен адал істе ер басынан құт таймайды... үйінде жұт болмайды!...Өсиет өрнектері
Әлбетте, ата - бабалардан аманат - мирас болып қалған һәм ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнегелі өсиет, жаһандану мен өркениеттенудің...Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ Қол инесімен жұмыс: 1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек. 2. Инені киімге қыстыруға болмайды. 3. Тігіс кезінде ине жібін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.