Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
Тыйымдар
Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады.
Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан кейін үйден күл шығармайды. Егер күл шығарылса, нәрестенің денсаулығы нашарлайды.
Бала қырқынан шыққанша, түнде алып жүрмейді. Нәрестенің бетіне ай сәулесі түсуі мүмкін.
Бейуақытта баланың киімін далаға жаймайды.
Баланы ожаумен ұрса, ырыс - несібе кетеді.
Баланы сыпырғышпен ұрмайды. Сыпырғы тиген бала жаманшылыққа ұшырайды.
Балаға үлкен адамның алдын кесіп өтуге, үлкендердің сөзіне араласуға болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.
Қыз балаларға дөрекі сөз айтуға болмайды. Бұл – әдепсіздік белгісі.
Үлкен кісіге бірінші сәлем беру керек.
Үйге келген кісінің аяқ киімін тазалап, ол кетерде алдына қою керек.
Үйге келген кісіге төрден орын беру керек.
Ырымдар
Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер баланың кіндігін «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.
Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала қасқырдай қайратты да қажырлы болсын деген ниеттен туындаған.
Нәрестенің ұйқысы тыныш болуы үшін және жын - шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып түтетіп, баланы бөлерден бұрын бесікті айналдырып, аластап шығады.
Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді.
Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37 - 39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, 42 - 44 күнде, қырқынан шығарады. Бұл – ұл баланың қалыңдығына төлейтін қалың малы аз болсын, қыздың қалың малы көп болсын деген ырым.
Сәби шалқасынан жатып алаңсыз ұйықтаса – елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп жатса – уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса – ойшыл болады. Егер аяқ - қолын еркін созып ұйықтаса – болашақ батыр, кемеңгер болады.
Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.
Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүйсе, қырсық, кесір болып өседі.
Баланың орайы екеу болса, екі рет үйленеді немесе екінші рет тұрмысқа шығады.
Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
Балаға шешен болсын деп таңдай жегізеді.
Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады.
Балаға қарғыс өтпеу үшін үш кемпірдің бұтының арасынан өткізіп алады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
- ramuk_b
- 29 шілде 2020
- 1709
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақтың ырымдары мен тыйымдары, тиымдар
Ұқсас жаңалықтар:
Бесікке салу жоралғысы
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан...Бесікке салу дәстүрі
"Бесікке салу" ежелден келе жатқан қазақтың көне дәстүрі. Ол қалай жүргізіледі, кімдер қатысады, не қойылады, осы жайлы толығырақ оқыңыз....Бесік - өмірге келген сәбидің ақ отауы
Орындаушы: №21 орта мектебінің 2“А” сынып оқушысы Алшынбай Абылайхан Әділханұлы Ғылыми жетекшісі: № 21 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі...Жастар тәрбиесі – қазақы салт - дәстүрде (дөңгелек үстел)
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Тана мырза орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ожанова Жанар Ахметбекқызы...Бесік жыры
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тілеубаева Салтанат Рахатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.