Мұсылманмын деген жанның алға қойған үлкен мақсаттары болып, ол сол жолда тер төгуі тиіс. Мақсатынп жете алмаса да, еңбегінің сыйын Алла Тағала міндетті түрде береді.
Адамның қазіргі өмірі оның қабылдаған шешімдеріне тікелей қатысты. Сіздің әрбір қабылдаған шешіміңіз сіздің өміріңіздің сапасын қалыптастырады. Әрдайым дұрыс шешім қабылдай беру көпшіліктің қолынан келмейтіні белгілі.
Кез келген жетістікке жеткен адамдардың қайсысына қарасаңыз да қмірінде көптеген тәуекелдерге барған. Сол тәуекелдерінің арқасында олар үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ ескеретін бір жайт бар.
Атқаратын істі ертеңге қалдырмаңыз. Қолдан келгенше бүгін бітіруге тырысыңыз. Қалғаны ертеңге қалар. «Еріншектің ертеңі бітпейді» деген халық арасында айтылып кеткен бұл сөздің берер мағынасы зор.
Үмітсіз өмір сүру қиын. Өз - өзіңізге сеніңіз. Сенім адамды 180 градусқа өзгертеді. Байқасыз ба, сенімсіз бастаған істеріңіздің соны немен аяқталатыны. Көбісі орындалмай қалады.