Сайтқа кіру Тіркелу

99 - қадам: өмір түрлі түсті. түстерді біз өзіміз таңдаймыз

Жетістіктің жүз қадамы
99 - қадам: өмір түрлі түсті. түстерді біз өзіміз таңдаймыз

Өмір түрлі түсті. Түстерді біз өзіміз таңдаймыз. Шыныменде түстерді біз өзіміз таңдаймыз. Тек жақсы түстерді өзімізге алсақ та болады, керісінше адамға зиян тигізетін дүниелерді де таңдап та жатамыз. Жақсы дүниелерді бойымызға игеру, өзіміздің қолымызда. Олар салауатты өмір салтын ұстану, білім жинау, рухани жан дүниемізді жаңғырту, материалдық жағдайымызды дұрыстау деген сияқты, адамға пайдасын беретін дүниелерді өзіміз таңдаймыз. Бізге мынандай бейбіт елде біреу келіп жақсы дүниелерді игеруімізге кедергі жасап жатқан жоқ. Бәрі де өзіміздің таңдауымызда. Мысалы, әлеуметтік желілерді алайық. Дұрысынан қарасақ, бізге берер пайдасы өте көп. Салауатты өмір салтын ұстану жайлы анықтамалар әлеуметтік желілерде толып жатыр. Білім жинаймын десеңіз де әлемге танымал тұлғалардың бейнежазбалы сабақтары, аудио сабақтары да жетерлік. Қалаған салаңыз бойынша білім игеруге мүмкіндігіміз бар. Кәсібімізге жарнама арқылы пайдалансақ та болады. Әлеуметтік желіден ақша тапсақ та болады. Тек сол табу жолындағы жұмысын дұрыс атқарсаңыз болғаны. Айта берсек адамға берер пайда мол.
Ал әлеуметтік желіге кері көзқараспен қарасақ та, адамға тигізер зияны баршылық. Олар көздің нашарлауы, аз қимылдау, адамға зиянын тигізетін бейнежазбаларды қарау, адамның психикасын бұзу, уақытын алу деген сияқты зиянды жақтарын да айтып кетуге болады. Бірақ әлеуметтік желінің пайдалы я зиянды жақтарын біз өзіміз таңдаймыз ғой. Көзді құртпас үшін арнайы көзілдірікті пайдалансақ, көзіміз нашарламайды, зиян тигізетін бейнежазбаларды қарау - қарамау біздің өзіміздің қолымызда, шамадан тыс көп пайдаланбай, зиянын тигізетін материалдарды қарамасақ, психикамыз бұзылмайды.
Өмірде неше түрлі дүниелер бар болғандықтан, олардың адамға пайдалы жақтары да, керісінше зиянды жақтары да баршылық. Бастысы өзімізге пайдалы жақтарын ала білсек болғаны.
Егер сіз адамға пайдасын беретін істермен айналысып жатсаңыз, онда таңдауыңыз сол болғаны. Мысалы, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, ішімдіктерден, шылымнан аулақ болу, адамға зиянын тигізетін тағы басқа дүниелерден аулақ болсаңыз, сіз өзіңізге керекті, пайдалы дүниелерді таңдап алған болдыңыз. Сіздің өміріңіз, сіздің қабылдаған шешімдеріңізге тікелей қатысты болғандықтан, жақсы дүниелерді таңдау - таңдамау сіздің қолыңызда.
Зерделесек, жақсы дүниелерді таңдау үшін де белгілі бір білім қажет. Ал ол білімдерді әрине кітаптан, әлеуметтік желілерден, ақылды адамдардан және өзіміздің дұрыс деп тапқан шешімізден алатынымыз анық. Бастысы өзіңізге пайда беретін, өзіңізді жарқын өмірге апаратын нәрселерді таңдай біліңіз, сонда бақытты өмір сүретіңіз анық.
Өмір түрлі түсті. Түстерді біз өзіміз таңдаймыз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
98 - қадам: өмір уақытша екенін еске алып тұрыңыз. ойыңыз реттеледі, мақсат ...

98 - қадам: өмір уақытша екенін еске алып тұрыңыз. ойыңыз реттеледі, мақсат ...

Адам өмірді уақытша екенін есіне жиі алып тұрса, онда ойы дұрысталып, алдына белгілі бір мақсаттар қойып, рухани дүниесі реттелетіні анық....
96 - қадам: қанағаты бар адамға бақыт бұйырған

96 - қадам: қанағаты бар адамға бақыт бұйырған

Адамның бақытты болуы, болмауы тікелей өзіне байланысты. Қай уақыттан бастап адам бақытты боламын деп шешсе, ол сол уақыттан бастап бақытты болып...
Жетістіктің жүз қадамы: 88 - қадам: кең болыңыз – кем болмайсыз

Жетістіктің жүз қадамы: 88 - қадам: кең болыңыз – кем болмайсыз

Кеңдік – адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Кеңдік дегенде тек ақшаға ғана емес, басқа дүниелерге де кеңдік жетерлік....
37 - қадам: санаңызды артық, жағымсыз ойлардан тазартыңыз

37 - қадам: санаңызды артық, жағымсыз ойлардан тазартыңыз

Артық, жағымсыз ойлар сізге тек зиянын береді. Қалай ойлайсың, өмірің солай болады. Бұл өте дұрыс айтылған сөз. Альберт Эйнштейн айтқандай кез келген...
28 - қадам: уақытты босқа өткізу

28 - қадам: уақытты босқа өткізу

Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлек. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×