Сайтқа кіру Тіркелу

Адамның бет - бейне, мүшелеріне қарап, жан - дүниесін оқиық

Рухани - танымдық сүрлеулер
Адамның бет - бейне, мүшелеріне қарап, жан - дүниесін оқиық
Аты әлемге мәшһүр болған ғұламалар Аристотель мен Гиппократ адамның көзге көрініп тұрған сырт пішініне, яғни бет - әлпетіне қарап та, оның жан - дүниесінен хабардар болуға болатындығын дәлелдеп кеткен. Олар және басқа да өнердің бұл түрімен айналысқан ғалымдар, адамның бет - әлпеті, адам бойындағы қалтарыстарды тез әрі өз дәрежесінде дәл ашып бере алатындығын айтады. Олай болса, бет - бейнелерге шолу жасап көрейік.

Иіс сезер мұрының кепілі – сенің сырыңның
Мұрыны мен ауызының арасы тым алшақ болып біткен адамдардың әдептілігі аздау болады екен.
Имек тұмсықты адамдар – кекшіл болып келеді.
Мұрыны төмен қарай бүгіле біткен адамдар – эгоист, залым - сұрқиялыққа бейім болып келетіндер.
Мұрыны жоғары қарап қалғандар – тосыраң мінезді, еркін жүріп, көпшілік мойындаған тәртіпке де бағына бермейтіндер.
Таңқы мұрындылардың денсаулығы кемдеу болатын көрінеді.
Пұшық, тәмпіш және таңқы мұрындылар да – қиын да ауыр жұмыстардан және қысылтаяң жерлерден басын алып қашатын, қиын тапсырмаларды шешуге қабілетсіздер.
Дөнес мұрындылар – тәкаппар, асқақшыл, өркөкіректер тобынан.
Ұзын мұрындылар – кертартпа, қыңыр, қырсық, кербақ және де істің жөнін біле бермейтін, іскерлік қабілеттері жоқтар.
Сүйір тұмсықтылар – талап қойғыш, қытымыр, зілді, қаталдар.
Жалпиған «картошка» мұрын адамдар стихияға бейім болады.
Мұрыны жуан адамдардың ойы алғыр, өздері мейірімді болып келеді. «Мұрынды адам – өктем, батыл» деген де бар.
Кеңсірігінің үстіне көлденең сызықтар пайда болған адамдар – мұрынының ұшында үнемі ашуы жүретін, тыз етпе, ашуланшақтар.

Ерін менен ауыз да сыр бүкпейтін «жауыз» ба?
Салпы ерінді адам – асқақ мінезді, менмендіктен, кекірттіктен, өркөкіректіліктен кенде емес, өзімшіл, іштар, қылтима кінәшіл, өкпешіл, сондай - ақ, небір жолсыздықтарға жол беру олар үшін түк те емес екен.
Үстіңгі еріні жуандар – әзіл - қалжыңды, сын сөзді көтере алмайтын, көңіліне тым ауыр алғыш адамдар.
Ерні қалың болса – ашушаң, жұқа – сөзшең, қайқы – ызақор.
Дүрдиген ерінді адам – сезімге тиянақсыз, білетін нәрсесінің өзін білмегенсіп, аярлана, тәсілқойлықпен, момынсып жасанды, сиқырсыған қылық көрсете, көлдете көлгірсіп, әзәзілденуге иық беріп, монтансиды.
Үлкен ауыз – төңірекке жағымды, қонымды да қылықты істерімен көзге түсетін, жайдары, жайлы, жұмсақ мінездің көрінісі. Аузы үлкен адам – ризығы мол несібелі болады деген сөзді де біле жүрген дұрыс.
Езуі қисайып тұратындар – еріншек, кер жалқау, кежір, кертартпа, бойкүйез, қиястап қыңыр тартатын, қырсық арынды мінезділер.
Екі езуі салбыраған «балық ауыздылардың» сыры, уайымшыл, көңіл күйі жиі бұзылып, өзінен - өзі құлазып қала беретіндігінде екен.
Ернін жиі жымқыра беретіндер – тәкаппар әрі өзімшілдер.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның бет - бейне, мүшелеріне қарап, жан - дүниесін оқиық

Адамның бет - бейне, мүшелеріне қарап, жан - дүниесін оқиық

Аты әлемге мәшһүр болған ғұламалар Аристотель мен Гиппократ адамның көзге көрініп тұрған сырт пішініне, яғни бет - әлпетіне қарап та, оның жан -...
94 - қадам: көре алмаушылық үлкен дерт. сақ болыңыз

94 - қадам: көре алмаушылық үлкен дерт. сақ болыңыз

Көре алмаушылық – адам өміріндегі үлкен дерттердің бірі. Көре алмаушылық дерті бойына тараған адамның жетістікке жетуі екіталай....
Ағаш біткеннің де сыры бар, оны да оқып, біліп ал

Ағаш біткеннің де сыры бар, оны да оқып, біліп ал

Ғалымдар адамдардың сүйген ағаштарына қарап, мінез - құлқын, қабілет - қарымының қандай екенін, қандай ауруға бейім екендігін білуге болатынын...
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Көнаяқ – орман перісі

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Көнаяқ – орман перісі

Ит мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында, адам аяғы сирекбасатын ми батпақтар арасында жауыз орман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді....
Сан адамдар ұмтылады атаққа

Сан адамдар ұмтылады атаққа

Сан адамдар ұмтылады атаққа, Өтсін күндер мейлі өтсін көп апта. Атақ деген біле білсең ауыр ғой Көтермесең алып келер апатқа....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×