Жетістіктің жүз қадамы
58 - қадам: істі ертеңге қалдырмаңыз
Атқаратын істі ертеңге қалдырмаңыз. Қолдан келгенше бүгін бітіруге тырысыңыз. Қалғаны ертеңге қалар. «Еріншектің ертеңі бітпейді» деген халық арасында айтылып кеткен бұл сөздің берер мағынасы зор. Негізінде өмірде жетістікке жетпеген адамдардың басты кемшіліктерінің бірі – ол осы бүгін атқарылатын істі ертеңге қалдыруы.
Бүгін атқарылатын іс ол бүгін атқарылуы тиіс. Ертеңгі күннің жаңа атқаратын ісі бар. Өмірде табысқа жеткен адамдардың көпшілігі оптимист мінезді болған. Олар қолдан келгенше істі бүгін атқаруға тырысқан. Себебі ертеңгі күнге басқа атқаратын істері баршылық. Мақсатыңызға жеткіңіз келсе, істі ертеңге қалдырмауға тиіссіз.
Сіз мақсатты белгілі бір уақытқа құрасыз. Ол мақсатыңыз кішкентай атқарылатын істерден құралатыны анық. Сіз мысалы мақсатыңызға жету үшін 10000 іс атқаруға тиіс болсаңыз, онда сіз сол 10000 істі бөлінген күндерге ыңғайлап атқарыңыз.
Әр кішкентай істе «ертең істей салам ғой» деген сол мақсатыңызға жетер жолды алыстап және ол мақсатыңыздың уақыты өтіп кетуі мүмкін. Сол үшін де істі бүгін атқаруға тырысыңыз. Ертеңгі күннің өзіндік атқаратын істері баршылық. Іске сәт!
«Ертең жасаймын» деген сөзді көп қолданатындар, әдетте, сәтсіз, кедей, бақытсыз адамдар болып келеді.
Роберт Кийосаки
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
58 - қадам: істі ертеңге қалдырмаңыз
- ramuk_b
- 2 ақпан 2022
- 915
- 0
- 0
Ілмек сөздер: істі ертеңге қалдырмаңыз, пайдалы кеңестер, мақсатқа жету
Ұқсас жаңалықтар:
65 - қадам: мақсатыңызға жетуге кедергі жасайтын нәрселерге жоқ деңіз
Мақсатқа жетуге бұл – үлкен жетістік. Ал жетістік оңай келмейтіні анық. Мақсатыңызға жетуде небір түрлі кедергілер болатыны белгілі....Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор
5. Істі кейінге қалдыру Бесінші уақыт ұрлаушы фактор – істі кейінге қалдыру әдеті. Бұл әдет адамның уақытын ғана емес, өмірін де ұрлайды. Одан құтылу...Жетістіктің жүз қадамы: жалқаулық
Жалқаулық – адам бойындағы жағымсыз құбылыс, түсініксіз де құбылыс. «Негізінде, жалқау адамдар жоқ, тек алдыға қойған мақсаты жоқ немесе қызықтыратын...Технологияны дұрыс қолдану
Технология – уақытпен жарыстан туылған өнім. Аз уақытта көп істі жеңіл түрде атқаруға тырысу....Сіз жалқау емессіз бе?
Сіз жалқау емессіз бе? Шай ішетін үстел үсті жиналмаған, киіміңіздің әрқайсысы әр жақта, теледидардан бастап сүйікті кітабыңызға дейін шаң басқан....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.