Жетістіктің жүз қадамы
90 - қадам: тәуекел ете біліңіз
Кез келген жетістікке жеткен адамдардың қайсысына қарасаңыз да қмірінде көптеген тәуекелдерге барған. Сол тәуекелдерінің арқасында олар үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ ескеретін бір жайт бар.
Тәуекел өзі екіге бөлінеді: 1. «Көзсіз тәуекел». 2. «Жоспарлы тәуекел». Тәуекелге бел буып іске кіріскен адамдардың кейбіреуі батпаққа батып та жатыр. Батпаққа батқан адамдардың көпшілігі ісін көзсіз тәуекелмен бастағандар. Көзсіз тәуекелмен бастаған адамдардың арасында жетістікке жетіп жатқандар да бар. Бірақ өте аз деңгейде.
Тәуекел етіңіз. Бірақ тәуекелге жоспарлы тәуекелмен қадам басыңыз. Жоспарлы тәуекел ол – сол атқарайын деп жатқан ісіңізге дайындық және ол жайлы ақпараттар жинастыру. Мысалы, сіз қаладан кафе ашып, кәсібіңізді бастайтын болсаңыз, алдымен оған дайындалып алу қажет. Ешқандай дайындықсыз несие алып немесе үйіңізді жалға қойып, тәуекелді іске барсаңыз, бұл көзсіз тәуекел. Көзсіз тәуекелдің арты батпаққа белшеңнен батыруы мүмкін. Егер кафе ашамын деп іске кіріссеңіз, жоспарлы тәуекел арқылы батпаққа батуыңыз қиын болады.
«Кафе ашып оны жүргізуге білім мен тәжірибеңіз жеткілікті ме? Ол кафе ашылғаннан кейін клиенттердің келу ресурсы қандай болады? Осы аймақтағы бәсекелестермен қандай? Мен олардан да мықтырақ кафе аша аламын ба? Олардан қарағанда жарнаманы жақсы деңгейде тарата алам ба?» деген сияқты сұрақтарыңызға жауап алып, оның шешу жолдарын қарастырып болғаннан кейін іске кіріссеңіз қауіпті емес. Бұныңыз енді жоспарлы тәуекел болады.
Кез келген істі бастау үшін тәуекел керек екені анық. Бірақ ісіңізді жоспарлы тәуекел бастасаңыз батпаққа батуыңыз, жоспарлы бастағандардан әлдеқайда төмен болмақ.
Негізінде бизнес әлемінде жетістікке жеткен тұлғалардың көпшілігі кәсібін кішкентайдан бастаған. Орыстарда «Закон малого начало» дейді. Бірден үлкен табысқа кенелемін деп, тәуекелге бару ақымақтық деп талай бизнес жаттықтырушылар айтты, айтып та жатыр. Қандай іс болса да аздан бастап, бірте - бірте дамытып, үлкен бизнеске дейін апару ол сіздің қолыңызда.
Тәуекелге баратын кездер де болады. Тәуекелді қажет етпейтін кездер де болады. Бастысы қандай іс бастасаңыз да, бірден тәуекелге бармай, оған жүйелі дайындалып, алға кіріссеңіз жетісіткке жетуіңіз ғажап емес.
Тәуекел түбі – жел қайық, жүзесің де өтесің,
Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
90 - қадам: тәуекел ете біліңіз
- ramuk_b
- 13 қазан 2024
- 230
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тәуекел ету, пайдалы кеңестер, жетістікке жеткен адамдар
Ұқсас жаңалықтар:
Ер жігіт дүниені көргені артық
Ер жігіт дүниені көргені артық, Дүниеден не бар - жоғын сезгені артық. Түскендей аспан жерге іс болса да, Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық....Hap тәуекел
Hap тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға, Қайрат шіркін алып шықса, қиын ба! Бұл сапарда сүрініп те қалармын, Сонда, досым, мені айыпқа бұйырма!...Бауыржан Момышұлы: "Ұлыма айтарым"
1) Жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр. 2) Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын....Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуекел ханның кезіндегі қазақ хандығының нығаюы туралы оқушыларға жан жақты түсінік беру...Есім хан
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Адырбаева Маржан Жолкенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.