Жетістіктің жүз қадамы
78 - қадам: ақылды, білімді, тәжірибелі адамдармен кеңесіп немесе кеңес сұрап үйреніңіз
«Адамнан адамға сынықтан басқасының бәрі де жұғады» дегендей әр істі мықты адамдармен араласып, кеңес сұрауды әдетке айналдырыңыз. Бір күрделі іс бастайтын болсаңыз, өмірде жетістікке жеткен, көп көрген, жалпы білімі мен тәжірибесі бар тұлғалардан ақыл сұрауды әдетке айналдырыңыз. Қытайдың мына сөзі қатты әсер етеді: «Ақылды адаммен жарты сағат сөйлесу кітапты бір ай зерттегенмен тең». Шынымен де, ақылды адамдардың әрбір сөзінен ой қорытып, өзіңе ой саласын.
Қытайдың айтылған бұл сөзіне ойлана келе аптасына 2 - 3 рет білімді, тәжірибелі адамдармен әңгіме айтуды әдетке айналдырған дұрыс. Себебі әңгіме үстінде жалпы тақырыптар айтылғандықтан, сіз көптеген жаңа білім жинауға мүмкіндігіңіз болмақ. Тек жақсы сұрақ қоя білсеңіз болғаны. Жақсы сұрақ қою арқылы сіз бір күнде бір кітаптың білімін жинап алуға мүмкіндігіңіз зор болмақ. Бірде бір тұоға былай айтыпты: «Мен ұлылардың иығына шығып алғанмын, мен солар секілді алысты көре аламын». Бұның мағынасы сол ұлылардың жазған кітаптарын оқу арқылы, солардың өмірлік тәжірибесінен алған нәрселерін есту арқылы, сол кісідей білемін деген екен. Олар 20 я 30, мүмкін 40 жылдай жинаған білім, тәжірибесін сіз соған кетірген уақытты кетірмей, сол алған құндылықтарды өзіңізге сіңіріп алуға мүмкіндігіңіз бар. Сондықтан әлемге танылған тұлғалардың кітаптарын оқып, олардың өмір жолына қарап, зерттеп, кездесуге мүмкіндік бар тұлғалармен жолығып сөйлесуге, солардың жинаған білімін тез меңгеріп алуға болады.
Сондықтан ақылды, тәжірибелі адамдардан кеңес сұрай біліңіз. Әлемге танымал тұлғалардың жазған кітаптарын оқуды әдетке айналдырыңыз. Олардың 30 жылда жинаған білімін сіз бір жылда ғана жинап алуға мүмкіндігіңіз бар. Тек ниет пен еңбекқорлық болса болғаны.
Қырандармен бірге ұшу үшін, тауықтармен дос болма.
Брайан Трейси
Міндетті түрде өзіңнен мықты адамдармен жұмыс істеуге тырыс. Олар сенің өсуіңе көмектеседі.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
78 - қадам: ақылды, білімді, тәжірибелі адамдармен кеңесіп немесе кеңес сұрап үйреніңіз
- ramuk_b
- 2 ақпан 2023
- 530
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ақылды, білімді, тәжірибелі адамдармен кеңес, пайдалы кеңестер
Ұқсас жаңалықтар:
62 - қадам: тұлға болып туылмаймыз, тұлға болып қалыптасамыз
Әлем ұлы деп таныған тұлғалардың барлығы да ұлы тұлға болып туылмаған. Бәрі де ұлы тұлға болып қалыптасты. Кез - келген адам мықты тұлға бола алады....49 - қадам: жылы сөйлеңіз. сөзіңіз өткір болсын
Отбасыңызда, достарыңыздың алдында, жалпы қоғамда жылы сөйлей біліңіз және сөзіңіз өткір болсын....35 - қадам: айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста болыңыз
Адамды сырт келбетіне емес, саған деген қарым - қатынасына, адалдығына қарай сыйла. Жақсы қарым - қатынас өміріңіздің сапасының бірі. Сіз...22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар
Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып...Ояну сырлары
Әлбетте, денсаулықтың мықты болуы, күннің сәтті басталуы, күні бойы сергек, көңілді жүрудің кілті – жақсы ояну. Ояну жаңа күннің керемет бастамасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.