Сайтқа кіру Тіркелу

55 - қадам: үмітіңізді ешқашан өшірмеңіз. үміт жанармай секілді

Жетістіктің жүз қадамы
55 - қадам: үмітіңізді ешқашан өшірмеңіз. үміт жанармай секілді
Үмітсіз өмір сүру қиын. Өз - өзіңізге сеніңіз. Сенім адамды 180 градусқа өзгертеді. Байқасыз ба, сенімсіз бастаған істеріңіздің соны немен аяқталатыны. Көбісі орындалмай қалады. Әр бастаған ісіңізге сене біліңіз. Бірақ мынаны естен шығармаңыз. Сіздің қолыңыздан келуі екіталай іске сену ақымақтық болады. Мысалы, 10 шақырымдық алыстыққа 58 минутта жүгіре алам делік.
Егер мен 10 км - ге 30 минут жүгірем деп өзіме үміт артып сенімділігімді күшейткеніммен мен оны білем қолымнан келмейтінін. Кемі оған 2 - 3 айлық арнайы жаттығу қажет болады. Ал егер 50 минутта жүгірем деп бар күшімді салсам, орындай алатыныма сенімдімін. Бірақ қаттырақ қиналатынымды да біліп тұрмын. Осы сияқты қолыңыздан мүлдем келмейді деген істеріңізге үміт артпай - ақ қойыңыз. Бірақ үнемі өзіңізді жетілдіру арқылы өзіңіз ойламағандай жетістікке жетуге болады.
Өмірдегі алдыңызға қойған мақсатыңызға ешқашан үмітіңізді өщірмеңіз. Мейлі ол 20 жылдан кейін болатын іс болса да, үмітңізді өшірмей, әрдайым ойыңызды ыстап жүріңіз. Бұл сізге болашаққа сенімділікті арттырады және бұрыс жолға түсіп кетуіңізден де сақтайды.
Үміт – адамның рухани дүниесінде азық секілді. Үміті жоқ кейбір адамдарға қарап менің ішім ашиды. Болашағына ешқандай үміті жоқ тіпті алаңдаушылығы да жоқ. Болашағына жүйелі бір мақсаты да жоқ. Сұрасаң өзінен «болашақта қандай жоспарларың бар» деп, айтатыны «көреміз ғой, уақыт келсін, әлі жаспыз ғой» деген сөздерді естиміз. Бұндай адамдардан алдағы уақытта қандай тұлға шығатыны белгісіз. Бірақ ақыры жақсы болмайтыны белгілі.
Мақсатыңызға үмітіңізді әрдайым арттырыңыз және өзіңізді үнемі жетілдіріңіз. Спорттан, білімнен, тәжірибеңізді, рухани дүниеңізді әрдайым жетілдіріңіз. «Адам мақсатына өзін жетілдіру арқылы жетеді» (Әбу Насыр әл - Фараби).
Айналаңа – махаббатпен, алға – үмітпен, артқа – ризашылықпен, аспанға – иманмен қара.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
65 - қадам: мақсатыңызға жетуге кедергі жасайтын нәрселерге жоқ деңіз

65 - қадам: мақсатыңызға жетуге кедергі жасайтын нәрселерге жоқ деңіз

Мақсатқа жетуге бұл – үлкен жетістік. Ал жетістік оңай келмейтіні анық. Мақсатыңызға жетуде небір түрлі кедергілер болатыны белгілі....
49 - қадам: жылы сөйлеңіз. сөзіңіз өткір болсын

49 - қадам: жылы сөйлеңіз. сөзіңіз өткір болсын

Отбасыңызда, достарыңыздың алдында, жалпы қоғамда жылы сөйлей біліңіз және сөзіңіз өткір болсын....
Жетістіктің жүз қадамы: жалқаулық

Жетістіктің жүз қадамы: жалқаулық

Жалқаулық – адам бойындағы жағымсыз құбылыс, түсініксіз де құбылыс. «Негізінде, жалқау адамдар жоқ, тек алдыға қойған мақсаты жоқ немесе қызықтыратын...
Жетістіктің жүз қадамы. Маубастық

Жетістіктің жүз қадамы. Маубастық

Маубастық – адам бойындағы жаман әдеттердің бірі. Артық ұйқы сіздің жұмысыңызға да, денсаулығыңызға да кері әсерін береді. Сіз көп ұйықтаған сайын,...
22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар

22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар

Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×