Ауылға оқта - текте бара қалсақ "туған жердің келбеті - ай, ауасын - ай" деп тамсанып, күні кеше ғана зәрезеп болып, екі қолыңды төбеңе қойып безіп кеткен ауылды жаңа көргендей өп - өтірік таңырқап, тамсанып қарайтын жасанды әдетіміз бар ғой... Оралхан Бөкей "Күлпәштің ұршығы"
Жамандар жақсыларды көре алмайды. Қараңғылар жарықты көре алмайды. Неге? Өйткені, олардың көздерін шел басқан. Талантсыздар дарынды көре алмайды. Өйткені, өздерін дарындымыз деп ойлайды.
Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені əйел - өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені əйел - киелі халық. Оның киесі өзін қорлаған еркекті бір атпай кетпейді. Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"