Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Әрқайсыңыз, ұждандарыңызды төреші етіп, айналысып жүрген істеріңізге көз тастап, тағы да ой елегінен өткізіңіздерші. Әркім осы кезге дейін кімдерді тәрбиелеп, кімдерді түзеткенін, кімдердің білімін арттырғанын ойласыншы.
Айналамызға көз тастайықшы, біз өмір сүріп жатқан қоғам надандықтың құрсауында мүлгіп жатыр. Сіздерден сұрап тұрмын: бұл ұлт қай ұлт екен? Өз ұлтымыз емес пе екен?.. Кінә кімде?..
Григорий Петров “Мінсіз мұғалім”
– Алло, мырза! Дүниежүзі бойынша ең жемқор елу елдің тізімі жасалып жатыр. Сіздің ел көш басында. Не істейсіз?
– Бағасын айтсаңызшы...
– Оныншы орын – жүз миллион АҚШ доллары! Жиырмасыншы орын – екі жүз миллион деп жалғаса береді.
– Ал, біржола алып тастауға болмай ма?
– Оған шашыңыз жетпейді ғой!
– Онда... Онда елуінші орын болсын!
Қанағат Әбілқайыр "Ұмыт мені"
Әлі есімде, анам адамы қайтыс болған үйге баруға жиналып жатты. Үстіне түсі қоңырқайлау көйлек киді, басындағы гүлі әдемі ашық бояулы орамалын шешіп, көйлегіне сай қарапайым орамал салды. Құлағындағы сырғасын, қолындағы қос жүзігін сыпырып алып былай қойды. Сол кезде мен:
- Сырға, жүзіктеріңізді неге шештіңіз? - деп сұрадым.
- Сырға, жүзік дегендер - сәндік бұйымдар. Мен тойға бара жатқам жоқ, азалы үйге көңіл айтуға, жұбату - басу айтуға барамын. Қаралы жандардың алдына қонаққа келгендей қолы - басымды жылтыратып барғаным әбестік болады. Жақынынан айырылып жаны күйзеліп, жүрегі жаралы боп отырған адамдарға өзіңнің төңірегің түгел, айналаң аман екенін көрсеткендей ауыр әсер етуі мүмкін. Азалы, қаралы адамдардың көңілін сыйлап сыпайы болған жөн, - деді.
Бала болсам да анамның сол айтқан сөздері маған ерекше әсер етсе керек, күні бүгінге дейін ұмытпай, анам істегенді мен де істеп келемін.
Зейнеп Ахметова "Теңбіл тіршілік"
Бостандық - біреуге зияның тигенге дейін бостандық, ал одан кейін қиянат.
Қажығұмар Шабданұлы "Қылмыс"
Қазақ тіліндегі "қымбаттым", "қадірлім", "қол жетпесім" және т. б әйел адамға қатысты айтылатын эпитеттерді алайық. Қазір бұл сөздердің біздің қолданысымызда тек сыртқы қауызы қалған да, ішкі дәні жойылған.
Омар Жәлелұлы "Харекет"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кітап үзіндісі: Бостандық - біреуге зияның тигенге дейін бостандық, ал одан кейін қиянат
- ramuk_b
- 2 ақпан 2023
- 463
- 0
- 0
Ілмек сөздер: кітап үзіндісі, жазушы шығармаларынан үзінділер, ақын жазушылар шығармалары
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап үзіндісі: адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады е ...
Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны - мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні...Кітап үзіндісі: Қайғы мен мұң екеуі ағайынды қасіреттер
Жолдастар, жақсы оқысаңдар да, жаман оқысаңдар да өздерің үшін. Міне, мен жақсы оқыдым. Бердібек Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат"...Кітап үзіндісі: Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді
Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені əйел - өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені əйел - киелі...Кітап үзіндісі
Ал, музыка тыңда, кітап оқы, қиял кез. Түбі сен осы бөлмеден не данышпан боп шығасың, не ақылыңнан адасып шығасың. Дулат Исабеков «Қарғын»...Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.