Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік Қол ұстасып бақыт жырын шертеміз дедік. Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға, Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған, Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған. Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде, Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.