Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен,
Бұл кезеңде күн менен түн теңескен.
Сан ғасырлық ата-баба салтына
Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!
Қайырмасы:
Таулы, таусыз жерімнің,
Өзен, теңіз көлімнің
Жаса ұлы Наурызы
Жаңа жылы елімнің, а-а-а.
Қуат жиса пәктігің,
Асқақтайды шоқтығың.
Тамыр алмай тарихтан
Мазмұнданбас шаттығың, а-а-а.
Жүріп жатыр ерлік, ездік жарысы,
Наурыз нағыз сәулелі ойлар қонысы.
Наурыз сайын ағаш егу, гүл егу
Әр адамның табиғаттық борышы.
Қайрымасы.
Наурыз парқы - өз санаңды өсіру,
Пенделікті ізгілікке көшіру.
Өткен жылы өкпелесең біреуге
Сол өкпеңді дархандықпен кешіру.
Қайырмасы.
Наурыз парасаты
- ramuk_b
- 15 қазан 2018
- 1135
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Наурыз парасаты өлеңі, Мұхтар Шаханов өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Наурыз көже жайында аңыз
Қазығұртқа Нұх Пайғамбар кемесі күн мен түн теңескен кезде тоқтапты. Бұл наурыз айының 21 - нен 22 - не қараған түні екен. Пайғамбар топан су...
Наурыз
Ақпан кетті араз боп наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген, Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен....
Наурыз
Наурыз тойын тойлап жатыр адамдар, Пісірілді тәтті дәмді тағамдар. Қазан толы наурыз көже жасалған, Наурыз айын " Мырзалы ай"- деп санаңдар....
Көктем
1«б» сынып оқушысы: Саматқызы Аида...
Көктем неткен керемет!
1«б» сынып оқушысы: Искаков Ақбар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.