Тойыңа гүл алып,
Келдім мен қуанып,
Қарсы алдың күлімдеп көктемдей.
Жүзіңе нұр тұнып,
Кетіпсің құлпырып
Бір бақыт сәулесін төккендей.
Қайырмасы:
Сен туған күн - мерекеміз,
Ән бастайық, кел, екеуміз.
Ұмытпа сен, құрбым,
Есте қалсын мәңгі бұл күн.
Жасқанба, жасыма,
Отыршы қасыма,
Басталсын бір терең әңгіме.
Қуансын ел ертең,
Қолыңды бер, еркем,
Жалғыздық жойылсын мәңгіге.
Көп жүріп сарылып
Жетсе де кәрілік,
Қақпаңды ашпа сен уақытсыз.
Жастықтың жарығын,
Жүректің жалынын
Өшіріп алған жан бақытсыз.
Туған күн кешінде
- ramuk_b
- 15 қазан 2018
- 1874
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Туған күн кешінде өлеңі, Мұхтар Шаханов өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ана туралы жыр
Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған....Дос іздеген Бота
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды...Әйелдер-ай
Әйелдер-ай! Әйелдер! Қандайсың?! Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың....Өмір - өзен
Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік Қол ұстасып бақыт жырын шертеміз дедік. Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға, Бірақ қарсы тұра алмадық асау...Сарыжайлау
Жазира, жасыл кілем өрнектеген, Туған жерге, дариға, жер жетпеген! Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем, Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.