Әні автордікі
Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған,
Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған.
Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде,
Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.
Қайырмасы: Өмір, өмір, өмір, өмір, өмір-ай...
Шарлап ел мен елді,
Жаһандану келді.
Ұлтсыздық өрлеп,
Рухсыздық жеңді, заман-ай.
Ұқсатқанмен бүгін,
Қазаққа тек түрін.
Қаншама адам әлі
Менсінбей жүр тілін, заман-ай.
Есіңе ұста, бала,
Ұлтқа ұлы ана,
Ұлтты сақтар дана
Туған тілің ғана!
Өз тілінде сөйлей алмай қазақтың тең жарымы,
Амалсыздан басқа ананы «өз анам» деп таныды.
Талай басшы жүргеннен соң ұлтсыздыққа қорған боп,
Қазақ тілі әлі күнге тәуелсіздік алған жоқ.
Эфирден дауыс:
Тарихың тұр санаңа өткел тастап
Өз тіліңде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап,
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер...
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбеудің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Oл - рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық!
Мәңгүрттенген құлдық сезім неге қолдау табады,
Мұны бізге кешіре ме келер ұрпақ саналы?
Өз анасын сүйе алмаудың қасіреті болады,
Тілің кетсе, ұлтың өліп, қарның ғана қалады.
Мәңгүрттенбеу марсельезасы
- ramuk_b
- 15 қазан 2018
- 1132
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мәңгүрттенбеу марсельезасы өлеңі, Мұхтар Шаханов өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Еркіндік туралы ұлағатты сөздер
Ана тілің – біліп қой, - Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің – біліп қой, - Мақтанышың, елдігің. Қадыр Мырза Әли...Тәуелсіздік таңы атсын елімде
Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ, Ұл-қыздарым оны қолдан берген жоқ. Отан үшін құрбан болған боздақтар, Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ....Тілім - менің тірегім
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - ана...Утепберген Динараның өлеңдері
АНА ТІЛІ Ана тілің - жүрегің, Ана тілің - өркенің. Ана тілің болмаса, Болмас еді ерлігің....Ең бірінші бақытым – тілім менің
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Басықара аулы, № 182 мектеп кітапханашысы Қоңырбаева Закира Абенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.