Сайтқа кіру Тіркелу

Бейнелеу өнері сабағында пәнаралық байланыстың маңызы үлкен

Шалмагамбетова Гаухар Мейрамовна
Жезқазған қаласының жалпы білім беретін
№10 орта мектебінің бірінші санатты бейнелеу өнері,
сызу және технология пәнінің мұғалімі

Қазақстандағы қоғам дамуының қажеттілігі, әлеуметтік-экономикалық және саясы өзгерістер отандық білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдіснамасы мен технологиясының түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауында «.ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады», ал кез келген «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады» деп атап көрсетеді.

Бұл стратегиялық міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы отандық білім беру жүйесінің жетілдіруін талап етеді, өйткені мемлекетіміздің кемелденуі жас ұрпақтың алатын білімінің деңгейіне тікелей байланысты. Осы аспектіде жалпы білім беретін мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінде қазіргі оқушыларды, оның ішінде жасөспірімдік шақ кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін пәнаралық байланыстың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, әсіресе өнер түрлерімен өзара байланыста дамыту үлкен маңызға ие бола түседі.

Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу

Авторы: Медетьяров Арман Кашакбаевич
Оку орны: №5 кәсіптік лицей оқытушысы

Сабақтың тақырыбы:Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу

Сабақтың мақсаты: «Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу» туралы білім беру
және тәжірибе жүзінде үйрету.

Білімділік: Оқушыларға шеңберлерді тең бөліктерге бөлу түрлерін түсіндіре отырып,құрал-саймандарды тиімді пайдаланып,сызбаны дұрыс салуға үйрету,алған білім дағдыларын пысықтау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз мамандықтарына сәйкес ұлттық ас дәстүрін үйрету. Үлкенді құрметтеуге, сонымен бірге әртүрлі ойын элементтерін пайдалана отырып,пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, жылдам қабылдау қасиеттерін дамытып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Дизайн

Қызылорда облысы, Арал қаласы
№71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі
Нұржан Ертореұлы Балов

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға дизайн жөнінде мағлұмат бере отырып, бұйымның жаңа үлгісін дайындауға үйрету;
ә) тәрбиелік: қарапайым заттардың жаңа формасын іздестіруде оқушыларды әдемілікке, жаңашылдыққа тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру;
б) дамытушылық: оқушылардың бейнелеу өнері жайлы алған білімдерін дизайн өнерімен ұштастыра отырып дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, иллюстрация, ойын
Өткізу формасы: топтық
Пәнаралық байланыс: әуез, сызу, технология, геометрия, тарих
Көрнекі құралдар: электронды есептеуіш машина, слайдтар, суреттер, үй бейнесі, бос қораптар, пластмасса ыдыстар, желім, қайшы, фоторамка, машинаның макеті, дизайн көрмесі.

Мүсін өнері

Мүсін өнері

Қызылорда облысы, Арал қаласы
№71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі
Нұржан Ертореұлы Балов

Пәні: Бейнелеу
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру, мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау, мүсін сомдау материалдарынының технологиялық тәсілдерімен таныстыру;
ә) дамытушылық: ежелден келе жатқан мүсін өнері жөніндегі білімдерін кеңейту және анықтау;
б) тәрбиелік: оқушылардың мүсін өнеріне деген қызығушылықтарын оятып, іскерлік пен шеберлікке баулу.

Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері

Қызылорда облысы, Арал қаласы
№71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі
Нұржан Ертореұлы Балов

4-сынып
Сабақтың тақырыбы: бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға бейнелеу өнеріндегі ертегілер кейіпкерлері туралы жалпы мағлұмат беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, кезеңдер бойынша суретті тез әрі оңай салуға дағдыландыру.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×