Сайтқа кіру Тіркелу

Перспектива заңдылығы

Бейнелеу өнері.
Сабақтың тақырыбы: Перспектива заңдылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі – перспектива заңдылығының ережелерімен таныстыру.
Перспектива заңдылықтары арқылы қоршаған ортаны, табиғатты танып білуі;
Дамытушылық: Білімдерін кеңейту, дүниетанымды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эмоциялық сезімдерін, танымдық күштерін, ой - өрісін, қиялын, оқуға, өнерге қызығушылықтарын дамыту; эстетикалық талғамдары мен қажеттіліктеріне қарай бейнелеу іс - әрекетіне машықтандыру;
Тәрбиелік: Туған ел табиғаты, оның сұлулығы мен көркемдігін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыс, топтастыру, талдау, іздендіру
Көрнекілігі: Перспективалық көрініс суреттері, сызбалар, оқушыларға арналған Paint программасымен жеке жаттығу жұмысы, слайдтар т. б.
Пән аралық байланыс: Сызу, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру. Оқушы назарын сабаққа аудару

II Өткен сабаққа шолу жасау, қайталау. Экспресс - тест алу (слайд)
- Композиция дегеніміз не?
- Көкжиек сызығы дегеніміз не?
- Бейнелеу өнерінің жанрларын атап бер? т. б.

ІІІ. Сабақтың мақсатын қою. – Балалар, бүгін біз бейнелеу өнеріндегі негізгі заңдылықтардың бірі – перспектива заңдылығымен танысамыз.

ІV. Жаңа білім беру. Презентациялық слайдтар көмегімен түсіндіру.
Перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне КЕҢІСТІКТІ қалай бейнелеу туралы ілім.
Перспектива латынның «perspicere» - «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Перспективаның заңдары өте көп, соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиісті.
1. Зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
2. Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.
Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі - Брунемески.
СЫЗЫҚТЫҚ ПЕРСПЕКТИВА
АУА ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын бейнелеу

Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын бейнелеу

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: 1. Интерьерді адам тұлғасымен біріктіру. Перспективті қысқартуларды есептей отырып бейнелеу. 2. Дамытушылық:...
Қазақстанның табиғаты

Қазақстанның табиғаты

ШҚО, Семей қаласының «№13 ЖОББМ» КММ Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Жармухаметова Назира Серикханоана...
Бейнелеудің құпиялары – перспектива. Перспектива ережелері

Бейнелеудің құпиялары – перспектива. Перспектива ережелері

Түпқараған ауданы, Ақшұқыр селосы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Даулетбаева Нағима Қожабайқызы...
Мүсін өнері

Мүсін өнері

Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі бейнелеу өнері мұғалім: Солтанбаева Г.Т....
Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері

Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері

Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Нұржан Ертореұлы Балов 4-сынып Сабақтың тақырыбы: бейнелеу өнеріндегі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×