Сайтқа кіру Тіркелу

Натюрморт жанры

Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанры
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: балаларға натюрморт жанры туралы түсінік беру, сабақта образдық бейнелерді салуға үйрету.
Дамытушылық: живопись өнері әрі натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету. Еске сақтау, қиялдау көре білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: бейнелеу өнері мәдениеттілігін таныстыру. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Түрі: аралас сабақ(білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)
Әдісі: практикалық жұмыс, жазбаша жаттығулар, оқушылардың ізденуі.
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, тарих.
Көрнекілігі: суретші шығармалары, натюрморт долбарлары, 4 кезеңдік сурет салу үлгісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Келісім қабылдау:
- Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз
- Бір - бірімізді тыңдаймыз
- Бір ғана адам сөйлейді
- Өз ойларымызды бөлісеміз
- Бос сұрақтар болмайды
- Уақытты үнемді пайдаланамыз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және сұрау.
Оқушылар жұмыстарын тексеріп, сынып болып талдап бағалау.
Сәйкестікті тап:
Қазақ халқының ұлы суретшісі көкжиек
Үйлестіру, орналастыру перспектива
Кеңістік бейнелеу тәсілінің заңдары Ә. Қастеев

Аспан мен жердің қиылысқан сызығы композиция
ІІІ. Жана сабақ:
Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың жаңа тақырыбы «Натюрморт жанры»
Кескіндеме
1. Пейзаж
2. Портрет
3. Тарихи жанр
4. Натюрморт
5. Маринистік жанр
6. Батальді жанр
7. Анималистік жанр
“Натюрморт”- франсуз сөзі, дәл мағынасы “өлі табиғат” деген ұғымды білдіреді. Оған тұрмыста күнделікті кездесетін заттарды, жемістерді, гүлдерді немесе балықтан, түз құстарынан дайындалған алуан түрлі тағамдарды бейнелейтін картиналар жатады.
Натюрморт алғаш рет ХҮІІ ғ. басында Голландияда пайда болған.
Сол сияқты қазақтың ұлттық тағамдарының кейбір түрлерін белгілі суретші Айша Ғалымбаева өзінің «Дастархан» атты натюрмортында әсерлі бейнелеген.
Қандайда бір сурет салмайық, оның барлығына ортақ белгілі бір жолы, кезеңі болады.
Натюрмортты салу 4 кезеңмен орындалады.
1. Зат бейнесінің орналасуын анықтау (компановка)
2. Құрылымын табу
3. Пішінін айқындау
4. Суреттің аяқталуы.

Натюрморттың орындалу кезеңдері.
Қағаздың ортақ нүктесін тауып, заттардың шеткі нүктелерін анықтау. Нұсқаның толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы шығарып алу. Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау. Көлеңке, жарығын белгілеу. Нұсқаның түстерін палитра көмегімен анықтау.

ІҮ. Практикалық жұмыс:
Оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауларына уақыт бөліп беру. Оларды сырттай бақылап отыру. 4 кезеңін бақылау.

Сабаққа пайдаланған иллюстрациялар:
Ү. Сабақты бекіту қорытындылау: «Сиқырлы сандар» ойыны.

1. Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма. (натюрморт)
2. Белгілі бір оқиғалармен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма. (тарихи жанр)
3. Үйлестіру орналастыру қалай аталады.(композиция)
4. Соғыс оқиғалары бейнеленген көркем шығарма(батальдық жанр)
5. Адамның бет пішінін бейнелейтін көркем шығарма(портрет)
6. Жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма(живопись)
7. Теңіз, көл сияқты табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарма(маринистік жанр)
8. Жан - жануарларды бейнелейтін көркем шығарма(анималистік жанр)

ҮІ. Оқушылар білімін бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру: суретті аяқтап келу.

Қызылорда қаласы,
№112 орта мектептің
бейнелеу пәнінің мұғалімі
Байтанова Динара

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Көркем бейнелеу көрмесі (графика, пейзаж, потреттер, натюрморт, қолөнер, ...

Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау...
Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері

Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы: Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері. Портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық, тарихи анималистік жанрлар....
Затқа қарап бейнелеу (натюрморт)

Затқа қарап бейнелеу (натюрморт)

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...
Затқа қарап сурет салу

Затқа қарап сурет салу

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна...
Натюрморт жанры

Натюрморт жанры

Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×