Сайтқа кіру Тіркелу

Бейнелеу пәні бойынша 2 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

2 - сынып
Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі ағаштың бейнелері. Күз ғажайыптары.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Күзгі көріністердің алуан түске еніп, құлпырған әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне түсіре алуға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Плакаттар, түрлі - түсті қарындаштар, ақ қағаз, күзгі көрініс шығармалары, суретшілер шығармалары, фотосуреттер, балалар шығармалары, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Міне, шебер суретші тәрізді табиғатты алуан түрлі түске бояп, күз де келіп жетті. Оқушыларға сұрақ қоямын:
- Пейзаж деген не, есіңе түсір.
- Суретші В. Поленовтың мына күзгі пейзажы сені қандай күйге бөледі?
- Күз бояулары жайлы айтып бер.
- Күзде ағаш жапырақтары, шөптер, аспан түстері қалай өзгереді?
Ағаштағы жапырақтар қызыл, жасыл, сары шамдардай жарқырайды. Ал жерге төгілген жапырақтар түрлі түсті кілем төсегендей құлпырып тұрады. Сол кілемнің алуан түстеріне назар аударып, өзіңе ұнаған жапырақтарды қолыңа ал да, оларды салыстыр.
Сен жапырақтардың бір - біріне ұқсамайтынын аңғарған боларсың. Олардың пішініне қарап ол қай ағаштың жапырағы екенін анықтауға болады.
Мысалы, талшын жапырағы жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы сағақ басындағы бір нүктеден тарайды және ортаңғы жапырақша бәрінен үлкен болады. Ал қарағайдың жапырағы көптеген ұсақ жапырақшалардан құралады. Олар ортаңғы сызықтың екі жағына бойлай орналасады.

Пейзаж деген не, есіңе түсір. Күз бояулары жайлы айтып бер. Күзде ағаш жапырақтары, шөптер, аспан түстері қалай өзгереді?

Сен жапырақтардың бір - біріне ұқсамайтынын аңғарған боларсың. Олардың пішініне қарап ол қай ағаштың жапырағы екенін анықтауға болады. Мысалы, талшын жапырағы жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы сағақ басындағы бір нүктеден тарайды және ортаңғы жапырақша бәрінен үлкен болады. Ал қарағанның жапырағы көптеген ұсақ жапырақшалардан құралады. Олар ортаңғы сызықтың екі жағына бойлай орналасады.

Үйге тапсырма беру: Күзгі көріністерді бейнелеу.

Сабақ: №2
Сабақтың тақырыбы: Жапырақты бейнелеу.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Жапырақтардағы алуан түстер мен реңктерді, бояқтарды бір - бірімен қосу арқылы бейнелей білуге дағдыландыру.
ә) Дамытушылық: Күзгі көріністердің алуан түске еніп, құлпырған жапырақтардың әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне түсіре алуға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Күзгі жапырақтар, суретшілер шығармалары, фотосуреттер, балалар шығармалары, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Барлық жапырақтар пішіні, түсі және көлемі жағынан алғанда әр түрлі. Дегенмен олардың ішкі құрылысында ортақ нышандар бар. Олар – жүйеленген талшықты жапырақша және оның сағағы. Ортаңғы талшық жапырақты тең екі бөлікке бөледі. Сол ортаңғы талшықтан екі жаққа ұсақ талшықшалар тарайды.
Осы негізгі сызықшалардың көмегімен жапырақтың суретін оңай салуға болады.
Сонымен қатар жапырақ суретін оның сыртқы жиек арқылы да салуға болады. Жапырақтың сыртқы жиегін бейнелеп, сызық жүргіз. Жүргізген сызығың әдемі және жапыраққа ұқсайтындай болуын қадағала.
Сен жапырақтармен танысып, олардың қандай ағаштардан түскенін анықтадың. Оларды бейнелеудің негізгі тәсілдерімен таныстың. Осымен жапырақтармен танысуды аяқтауға да болады...
Егер сен жақсы суретші болғың келсе, онда өзіңнің бар өнеріңді, шабытың мен шеберлігіңді көрсет.
Әр түрлі материалдармен жапырақты қалай бейнелеуге болады. Жай ғана түрлі түсті қарындаштармен де жапырақтың суретін салуға болады. Ол үшін әр түрлі штрих сызықтарды қолданасың. Бұны бірінші сыныпта оқып - үйренген болатынсың. Тек жасқанбай кіріс, ол сенің қолыңнан келеді!
Жапырақтың суретін түрлі түсті акварель қарындаштармен де салуға болады. Негіз ретінде кез келген қоңырқай немесе қара түсті қағазды пайдалан.
Әшекейлеу (декорация) туралы білетініңді есіңе түсір, қара түске салған кезде түрлі әшекейлеу тәсілдерін қолдансаң, суретің әсерлі болады. Өткен жылы нені әшекейлегеніңді есіңе түсір.
Тушь, қаламұш, фломастер сияқты графикалық құралдарды пайдаланып, жапырақты ақ - қара түспен бейнелеуге болады. Ал егер әшекейлеуді қолдансаң, суретің әсерлі болып шығады.
Жапырақтың суретін салмай - ақ, оның әдемі көшірмесін алуға болады. Ол үшін жапырақтың астыңғы жағына түсті гуашь жағып, оны абайлап қағаз бетіне жапсыр да, үстінен ақырын бастыр. Сонда өте әдемі көшірме алынады. Содан кейін сыртқы жиек сызығын сызып, басқа бөліктерін толықтыруға болады.
Жапырақ бейнесіне ұқсаған түрлі түсті акварель дақтарынан көшірме алып әсерлі монотипия жасауға болады.
Ол үшін палитрада қажетті түстер гаммасын даярла. Әйнек немесе қағаз бетіне қылқаламмен түрлі түсті бояу дақтарын жақ. Дақтар жайылған кезде оның бетіне ақ қағаз парағын жапсыр. Бұдан алынған көркем көшірмелерді қосымша сызықтармен сәл ғана толықтыр, сонда жапырақтың тағы бір ерекше түрі пайда болады.
Жапырақты аппликация тәсілінде де бейнелеуге болады. Ол үшін саған түрлі түсті қағаз немесе ескі түрлі түсті журналдар қажет.
Апаңнан ескі шілтер немесе перденің қиындысын сұрап ал. Олардан қиып алып жасаған жапырақтарды бір түсті матаға жапсырғанда өте әдемі әрі нәзік болып көрінеді. Күзгі жапырақтардан бүтін бір композиция жасауға болады. Ол үшін кез келген өзіңе ұнаған тәсілді таңда.

Үйге тапсырма бер: «Төгілген күзгі жапырақтар» тақырыбына сурет салу.

Сабақ: №3
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Кескіндеме.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы қысқаша мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Шығарманың бейнелеу өнерінің қай түріне жататындығын дұрыс анықтау үшін, осы шығармадағы басты әсерлегіш құрал не екендігін анықтап алу қажет. Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы түсіндіремін.
Кескіндеме.
Кескіндеме – бұл бейнелеу өнерінің түрі. Кескіндеме туындылары бояулармен салынды. Мұндағы басты әсерлегіш құрал түс болып табылады. Кескіндеменің тағы бір атауы – сұңғат.
Суретші - сұңғатшы жұмысында қолданылатын бояулар. Сұңғат шығармалары әр алуан бояулармен орындалады. Сұңғатшы көбінесе акварель, майлы бояу, гуашь және акрил бояуларымен жұмыс істейді.
Суретші акварельмен сурет салған кезде оның шығармалары мөлдір, кең тынысты болып шығады.
Гуашь та акварель тәрізді сумен ерітіледі. Гуашьтың акварельден айырмашылығы, ол қою түсті бояу. Гуашьпен орындалған жұмыстардың бояуы қалың әрі масатыдай құлпырған әсер береді. Гуашь және акварель бояуымен жұмыс істегенді өздерің сияқты кішкентай суретшілер жақсы көреді.
Суретшілер картиналарды көбінесе майлы бояумен салады. Майлы бояудың гуашь пен акварельден бір айырмашылығы сумен емес арнайы еріткіштермен ерітіледі. Майлы бояуды кенепке жаққан кезде тығыз әрі қалың дақ қалдырады.
Суретшілердің туындыларынан бұл дақтардың ізін байқап, адамдарды, табиғатты бейнелеген кезде дақтарды қалай түсіргенін көре аласың.
Майлы бояулар XV ғасырда нидерландық ағайынды суретшілер Ван Эйктер жетілдіре бастаған кезден кеңінен тарай бастады. Олар құрғақ түрлі түсті ұнтақтарды әр түрлі өсімдік майларымен араластыра отырып, ең дұрысы ұнтақтарды жаңғақ немесе зығыр майымен араластыру деп тапты. Сонда бояулар берік болады және кепкен соң үгітіліп, түсіп қалмайды.
Ал пастель, құрғақ түрлі түсті борлар сол осал құрал түрінде қалды. Олармен салынған жұмыстардың түстері әдемі болады. Пастельді көбелектің қанатымен салыстырады. Онымен орындалған жұмыстар өте нәзік келеді, сондықтан да оларға аса ұқыпты болу қажет.
Сонымен қатар майлы пастель пайда болды. Оның түсі айшықты және онымен жұмыс істеу жеңіл. Ол құрғақ пастель тәрізді үгітілмейді. Сондықтан да балалар өз суреттерін осы пастельмен салғанды ұнатады.
Ал ең алғашқы берік бояу – ол жұмыртқа темперасы. Мұнда бояу ұнтағы жұмыртқаның сары уызымен араластырылады.
Темпера бояулары сумен ерітіледі. Кепкеннен кейін олар өте берік болады. Ол акварель мен гуашь бояулары сияқты сумен шайылмайды. Темпера майлы бояудан да берік. Бұл бояу қанша уақыт өтсе де өңін бермейді, не жиырылып, жарылмайды.

Д. Әлжанов. Жаңа Арқа тынысы А. Ғалымбаева. Егіздер
А. Ғалымбаева. Күлжан
Үйге тапсырма беру: Жарық пен көлеңке реңдерін ажырата отырып кескіндемелік сурет сал.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Оришан Саят Балтабайұлы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×