Пән: бейнелеу өнері
Сыныбы 6
Сабақтың тақырыбы: Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері. Портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық, тарихи анималистік жанрлар.
Сабақ мақсаты:
Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктерін еске түсіру, бейнелі көру дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
Практикалық тапсырмаларды орындау дұрыстығын бағалайды;
Талдау, жіктеу және әртүрлі тәсілдермен алынған ақпаратты саналы түрде пайдалана алады.
Сабақтың нәтижесі:
Әртүрлі материалдармен жұмыс істей білді
Өзін және өзгелерді бағалайды
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың жабдықтары: Интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, жұмыс парағы, бағалау парағы
Сабақ әдіс – тәсілі: АКТ, СТО, жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту, дарынды оқушылармен жұмыс, диалогтік оқыту, көшбасшылық, бағалау.
Жұмыстың формасы: жұппен, топпен.
Натюрморт салу кезеңдері
Жай қарындаштың көмегімен натюрморттың жалпы биіктігі мен енін жіңішке сызықтармен белгілеп ал. Сосын осы жерге әрбір заттың орны мен көлемін белгіле. Заттардың өзара биіктігі мен енін салыстыра отырып, әр заттың дұрыс пропорциясын анықта. Заттардың суретін сала отырып, ортаңғы, төменгі және жоғарғы сызықты белгілейміз. Ұсақ бөлшектеріне тоқталмастан бұрын, әр заттың жалпы пішінін келтіріп аламыз. Заттардың көлемін тағы тексеріп, қарап аламыз. Қарындашпен жарық пен көлеңкені бейнелеуге кірісеміз. Заттардың бетіндегі көлеңке, жарық пен сәуле және заттардан түсіп тұрған көлеңкелерді белгілейміз. Суретті тағы бір рет тексер: суреттің барлық бөлшектері үйлесіп тұр ма; композицияға бағынбай тұрған бөлігі бар ма; заттың пішіні бұзылып, жарық пен көлеңке дұрыс үйлеспей тұрған тұстары жоқ па? Қажет болса, суретке түзетулер енгізу керек. Интервайт программасын қолданып ішінара оқушыларға сурет салғызу.
Толық нұсқасын жүктеу
Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері
- Didarkz1985-1
- 28 желтоқсан 2015
- 5748
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері
Ұқсас жаңалықтар:
Натюрморт жанры
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: балаларға натюрморт жанры туралы түсінік беру, сабақта образдық бейнелерді салуға үйрету. Дамытушылық: живопись өнері...Күзгі натюрморт
Сабақтың мақсаты: Бейнелеу өнеріндегі тақырыптық картинаның рөлі мен тарихы және оның жанрлық түрлерін ажырата білу...Затқа қарап бейнелеу (натюрморт)
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...Затқа қарап сурет салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна...Натюрморт жанры
Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.