Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.
Сабақтың мақсаты:
Табанына параллель жазықтықпен қиюды меңгерту.
Оқушыларға үш жазықтықта проекциялау арқылы бұйымдарды талдауға үйрету.
Дамытушылық:
Оқушыларды теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу.
Тәрбиелеушілік:
Жеке жағдайда немесе топпен бірігіп жұмыс жасауға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар:
а) Мұғалім үшін: интерактивті тақта, сызғыш, циркуль, бор т. б.
б) Оқушылар үшін: А4 формат, қарындаш, сызғыш, циркуль, өшіргіш. т. б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабаққа жоспар:
1) Өткен сабаққа шолу.
2) Жаңа сабақты хабарлау
3) Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып жаңа сабақты түсіндіру.
4) Оқушыларға орындайтын тапсырмаларын сипаттау.
5) Тапсырмалардың орындалу барысын тексеру.
6) Қорытынды. Өзіңді тексер. тест тапсырмасын орындау.
7) Үй тапсырмасы.
8) Бағалау.
Бір проекция бойынша нәрсенің геометриялық пішіні туралы әрқашан дәйекті пікір айтуға болмайды. Егер нәрсенің бір емес, екі проекциясын өзара перпендикуляр екі жазықтықта: фронталь және горизонталь жазықтықта салсақ, онда мұндай кемшіліктің бәрін жоюға болады.
Фронталь V жазықтықта проекция алу үшін нәрсені – алдыңғы жағынан, ал горизонталь Н жазықтықты үстіңгі жағынан қарастырамыз. Нәрсенің V жазықтықтағы проекциясы – фронталь проекция, Н жазықтықтағы проекциясы горизонталь проекция деп аталады. Осы жазықтықтардың қиылысу сызықтарын проекциялар осі деп аталатындығын біз білемі.
Мысалы дұрыс үш бұрышты призманы фронталь пр. Жазықтықпен қиуды қарастырайық.
Мұнан шыққан дене проекцияда өзгере ме әлде өзгермей ме деген сұрақ туады? Олай болса Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз да осыған байланысты Геометриялық денелерді жазықтықпен қию болып табылады.
Проекциялар жазықтығының шекарасын сызбада көрсетпесе де болады. Егер қажет болмаса, проекциялаушы сәулелер мен проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығы, яғни проекциялар осі де сызбаға түсірілмейді.
Тағы да бір мысал қарастырайық. Сызба бойынша детальдың жалпы пішінің көз алдымызға оңай келтіре аламыз.
Сызбаны шығарып алу үшін W жазықтығын оңға қарай 900 - қа, ал Н жазықтығын төмен қарай 900 - қа бұрады. Осындай жолмн табылған сызба нәрсенің тік бұрышты үш проекциясынан: фронталь, горизонталь және профиль проекциясынан тұрады. Проекция осі мен проекциялаушы сәулелер де сызбада көрсетілмейді.
Сызбада профиль проекцияны фронталь проекциямен проекциялық байланыста, яғни оның оң жағына бірдей биіктікте орналастырады.
Сызба геометрия сызудың теориялық негізі болып табылады.
Сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін оқушыларға интерактивті тақтада дайындалған тапсырма беріледі. Оқушылар сол тапсырма бойынша жұмыс істеп өздерінің қаншалықты жаңа сабақты түсінгенін аңғартуы тиіс. Егер бір жүйелі қатені бірнеше бала қайталаса онда сабақты үзіп сол туралы тағыда түсіндіріп өтемін. Өздерінің тапсырмасын орындаған оқушылардың жұмысын тексеріп бағалаймын. Жеткен жетістіктері мен жіберген қателіктерін атап өтемін.
Интерактивті тақтаның көмегімен сабақ түсіндіру.
1 - слайд. Үй тапсырмасын сұрау
2 - слайд: Жаңа тақырыпты ашу
3 - слайд:
4 - слайд:
5 - слайд: Ойын ойға жетелейді. Сергіту сәті.
Берілген фигуралардың атын жылдам табу.
Қай шар ең биікке ұшырылды соны анықтау. Мұнда оқушылардың аңғарымпаздығы мен шапшаңдығы қаралады.
6 - слайд: Тапсырмалар. Конустың құрылымы.
№1 - тапсырмада конусты жазықтықпен қиғандағы алынған кескіннің прокециясын тұрғызу.
7 - слайд:
8 - слайд: Өзіңді тексер шағын тест тапсырмасы.
9 - слайд: Қорытынды геометриялық денелерді анықтау.
Үй тапсырмасы: Сыныптағы жұмысты аяқтау, №1 жаттығу 80 - суретті салу.
Бағалау.
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию
- акжайнак
- 10 сәуір 2013
- 10483
- 0
- 0
Ілмек сөздер: геометриялық денелерді қию, сызу
Ұқсас жаңалықтар:
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары
Сабақтың мақсат - міндеттері: А) Білімділік: Жазық жақты аксонометриялық нәрселердің проекциялары туралы ақпарат беру Ә) Тәрбиелік: Жазық жақты...Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескінін тілік деп айтады. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы тілікке қатысты,...Проекциялау түрлері, олардың қасиеттері
Проекциялау деп жазықтықта (қағазда, экранда, дәптерде) нәрсенің кескінін салу процесін айтады. Бұл жағдайда алынған кескінді проекция...Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық жә ...
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушылардың білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру. ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту,...Геометриялық денелер тобының проекциялары
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ - ің бейнелеу, сызу, технология пәнінің мұғалімі Қошқарбаев Мәлік Файзоллаұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.