Сабақтың тақырыбы:
Геометриялық денелер тобының проекциялары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: геометриялық денелер тобын кескіндеп, олардың проекцияларын түсіруге, логикалық ойлауға қалыптастыру.
Дамытушылық: геометриялық денелермен таныстыра отырып,
оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі, құралдары: геометриялық денелер макеттері, сызбалар, А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен сәлемдесіп, танысу, сызу құралдарын тексеру, сабаққа назарларын аудару.
2. Өткен тақырыптарды еске түсіру, сұрақ қою.
- қандай геометриялық денелерді білесіңдер?
- пирамида, призма, цилиндр, конус, шар.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
77 - суретте бірнеше геометриялық дененің үш проекциясы (фронталь, горизонталь және профиль) кескінделген. Кескіндеріне қарап неше дене және қандай денелер берілгенін анықтай аласыңдар ма? Басқаша айтқанда, берілген кескінді оқи аласыңдар ма? Суретке зер салып қарап шығып, онда үш дене: алтыбұрышты пирамида, төртбұрышты призма және цилиндр берілгенін айтуға болады. Олар проекциялар жазықтықтарына және бір - біріне қатысты түрліше жағдайда орналасқан. Пирамида горизонталь проекциялар жазықтығында тұр, орналасуы орнықты. Призма мен цилиндр горизонталь проекциялар жазықтығында көлденең жатыр, олардың орналасуы орнықты болмайды.
Призманың горизонталь проекциялар жазықтығымен ортақ қыры бар. Егер призмаға қол тигізсек, ол қозғалып, горизонталь жазықтыққа бір жағымен барып түсер еді. Цилиндр горизонталь проекциялар жазықтығына өзінің жасаушысы бойымен жанасады. Цилиндрдің оң жақ табаны профиль проекциялар жазықтығында жатыр. Призманың бүйір қырлары, бүйір жақтары және цилиндрдің жасаушылары профиль проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан.
Берілген денелердің фронталь проекциялар жазықтығымен ортақ нүктелері жоқ. Енді берілген денелердің бір - біріне қарағандағы орналасуын қарастырайық. Призма пирамида мен цилиндрдің арғы жағында жатыр. Сондықтан призманың пирамида мен цилиндрдің тасасындағы бөліктері фронталь проекцияда үзілме сызықпен жүргізілген. Цилиндр пирамиданың оң жағында орналасқан. Мұның өзі профиль проекцияда оның бір бөлігі пирамиданың тасасында қалатынын көрсетеді. Профиль проекцияда цилиндрдің көрінбейтін бөлігі үзілме сызықпен кескінделген.
Призма мен цилиндрдің қалай орналасқанын фронталь және горизонталь проекцияларына қарап ажыратуға болмайды. Профиль проекцияларына қарап цилиндр мен призманың өзара жанаспайтынын көреміз.
78 - суретте де геометриялық денелер тобы кескінделген. Параллелепипед горизонталь проекциялар жазықтығында жатыр. Оның үстіне цилиндр қойылған, ал цилиндрдің үстінде конус тұр. Фронталь проекциядан конус пен цилиндрдің орналасуын анықтауға болмайды. Горизонталь проекциядан да берілген денелердің орналасуын ажырату мүмкін емес. Сондықтан кескінді түсіну үшін берілген нәрселердің проекцияларын бір - біріне байланыстыра отырып талдау керек.
Үйге тапсырма беру: 78 - суретте берілген геометриялық денелердің профиль проекцияларын сал.
Геометриялық денелер тобының проекциялары
- Дильназ
- 3 сәуір 2013
- 16070
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Геометриялық денелер тобының проекциялары, сызу
Ұқсас жаңалықтар:
Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескінін тілік деп айтады. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы тілікке қатысты,...Геометриялық денелердің проекциясын түсіру
Сабақтың мақсаты: а) білімділік мақсаты: геометриялық денелер тобын кескіндеп, олардың проекциясын түсіруге, логикалық ойлауға қалыптастыру ә)...Айналу денелерінің проекциялары
Білімділік: Айналу денелері туралы мәлімет беру, Конус, шар, цилиндрмен таныстыру Дамытушылық: сызбаларды оқу, орындау үшін оқушы білімін дамыту...Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық жә ...
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушылардың білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру. ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту,...Геометриялық денелерді жазықтықпен қию
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнә мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.