Құсбегілік — қазақ ұлтының қанына сіңген көне дәстүр. Оның тәлім - тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасқан және жалғасып келеді. Басқа өнердің бұл түрі қазаққа етене жақын болғандықтан құсбегілік өнер біздің ұлтымыздың ерекшелігін айқындап тұрады. Оған дәлел ретінде әлемдегі бірде бір елдің мемлекеттік рәміздерінде кездеспейтін қыран бүркіттің тек Қазақстанның ғана туында көрініс тапқандығын айтуға болады. Одан бөлек жыл сайын елімізде бүркітшілер сайысы өткізіп, түрлі игі шаралар да өткізіліп тұрады. Бүркітті баулап, онымен аң аулау кәсібі, саятшылық өнердің бір түрі болып саналады. Жалпы осы Маңғыстауда Жетібай ауылының тұрғыны Дәулет Мұқашев құсбегілікпен айналысады.
Оның айтуынша, құсбегі ата кәсіпті Маңғыстаулық бүркітші Мереке Өтеғалиұлынан үйренген.”Осыдан 4 жыл бұрын Мереке Өтеғали ұлы тұратын Тұщыбек ауылына арнайы барып, кеңес сұрап құсбегіліктің қыр сырын үйрендім. Осы кәсіпті кеңінен насихаттап, шәкірт дайындап жүрген ұстаздың айтары да көп болды. Ата бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған бай мұрасын сақтап, шәкірттер тәрбиелеп дамыта берсем деген ойдамын “ - деген пікір қалдырған болатын. Жәнеде, Дәулет Мұқашев қыс мезгілінде “Қандыбалақ”атты қыран құсымен аңшылыққа шығып, олжаланған аң терісінен илеу арқылы кәдеге жаратып отыр екен.
Қорытындылай келе, қазақ халқының тектілігін, жігіттерінің серілігі мен жүректілігін танытатын бұл өнер аса білгірлік пен мықтылық, қырандай қырағылықты талап етеді.
Құсбегілік ата-бабамыздан келе жатқан өнер
- ramuk_b
- 26 ақпан 2024
- 444
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Құсбегілік, ата-бабамыздан келе жатқан өнер
Ұқсас жаңалықтар:
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Бүркіт - қазақ даласындағы кең тараған киелі құс. Біз мемлекеттік рәмізде де бүркіт бейнесі бар...Қансонарда бүркітші шығады аңға
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Абай өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушылардың эстетикалық танымын...Мәдени мұра – халық игілігі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы, №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ералиева Гүлганым...Аққұс туралы аңыз
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мүғалімі Гүлдана Бауыржанқызы...Қан сонарда бүркітші шығады аңға
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Қарабекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.